Қоғам

ЭКСПО-ға келіп, сәби сүйді - әкесі қазақ екені рас па?

© Sputnik / Владислав ВодневМоника Камукенж Камганза
Моника Камукенж Камганза  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Конголық Моника қызының қашан дүниеге келгенін айтып берді

НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. ЭКСПО көрмесіне келіп, қазақтан сәби сүйген 27 жастағы конголық Моника Камукенж Камганза оқиғаның мән-жайын ашты. Ол өз сырымен "Астарлы ақиқат" бағдарламасында бөлісті.

Конголық әйел Блессинг есімді қызының әкесі павлодарлық жігіт екенін айтып отыр. Моника Қазақстанға жалғыз өзі келіпті. Тойларда билеп нәпақа тапқан.

Моника Камукенж Камганза қызымен бірге - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ЭКСПО-ға келіп, қазақтан сәби сүйген африкалық әйелдің өмірі қалай өзгерді
"Қызымның әкесімен тойда билеп жүргенде таныстым. Ол – Павлодар қаласының тумасы. Мәулен шамамен 31-32 жаста. Ол француз тілін білмейді. Сондықтан ағылшынша сөйлестік. Мәуленге деген сезімім ерекше болды. Ал оның сезімі жайлы білмеймін. Мәуленді әлеуметтік желілер арқылы іздедім. Бірақ таба алмадым. Ол мені осы уақытқа дейін бірде-бір рет іздеп келген емес. Қазір қызым Блессинг 6 айға толды", - деді Моника.

Телеарна қызметкерлері әлеуметтік желілердің көмегімен 31-32 жастағы Мәулен есімді төрт павлодарлық жігіт тапқан. Конголық қыз суреттегі жігіттердің бірін де танымады. Моника Мәуленнің түрін ұмыта бастағанын айтады.  

"Ешқайсысы менің Мәуленіме ұқсамайды. Онымен билеп жүріп таныстым ғой. Біраз уақыт өтті, сұлбасы еміс-еміс есіме түседі", - деді Моника Камукенж Камганза.

Бағдарламаға қатысқан психологтың пікірінше, Мониканың өтірік айтуы әбден мүмкін. Дәрігер маман оған біреу ықпал етті деген болжам жасады.

"Айтқанға көнетін адам екенін байқап отырмын. Өз идеясы мен жоспары жоқ. Мұндай адамдарды "жетекке жүргіш" дейді. Оның артында біреу бар. Сол адам Мониканы Қазақстанға алып келіп, оны пайдаланғысы келетін сияқты. Менің ойымша, ол кәсіби биші емес. Мұны видеодан да аңғаруға болады", - дейді психолог.

Конголық қыз Астанада тойларға шығып, ақша тапқанын мойындады. Ол әнші Мақсат Хасенов құрған конголық әртістер тобының құрамында болған. 

"Олар бір-біріне туыс болып келетін. Сәуір айының соңында Моникамен Павлодардағы тойға бардық. Ол 4-5 айдан соң босанды. Өзім де бұл жағдайды түсіне алмай отырмын. Сәбиді 5 айда дүниеге әкелу ақылға қонымсыз ғой", - дейді әнші.

Алайда Моника қызын 9 ай көтеріп, кесар жолымен босанғанын айтты. Бірақ бағдарлама жүргізушісінің дәйектері бұл ақпаратқа қайшы келеді.  

"Сіз Қазақстан аумағына 2017 жылдың 27 желтоқсанда кіргенсіз. Тиісті мөр таңба тұр. Блессинг 17 тамызда дүниеге келді. Егер қызыңызды 9 ай көтерсеңіз,  2017 жылдың қараша айында екіқабат болуыңыз керек. Демек, сіз Қазақстанға жүкті болып келгенсіз. Мен тек деректер мен дәйектерді келтірдім. Еш нәрсені ойдан шығарып тұрған жоқпын. Мен де анамын", - деді ол. 

Бірақ конголық келіншек қызының әкесі қазақ екенін айтып, бұл дәлелдерді жоққа шығарды.

Моника Камукенж Камганза - Sputnik Қазақстан
Қоғам
ЭКСПО-ға келіп, қазақтан сәби сүйді: африкалық әйел қазір қалай тұрып жатыр

"Мен баланы Конгода көтерген жоқпын. Оны мен нақты білемін. Бұл баланы туған мен", - деп түйіндеді сөзін Моника.

Моника туралы бар шындықты оның анасы жайып салды. Ол видео арқылы қазақстандықтардан көмек сұраған.

"Құрметті, Қазақстан билігі, қызыма көмек берулеріңізді сұраймын. Мониканың Конгоға оралатын жағдайы да, мүмкіндігі де жоқ. Оған күйеуіммен болған жағдай себеп. Ол тәртіп сақшысы еді. Конго үкіметі күйеуіме адамдарды атуға бұйрық берді. Бұл тапсырманы орындамағандықтан, қуғын-сүргінге ұшырады. Соның зардабын барлығымыз тартып отырмыз", - деді Мониканың анасы.

Әйелдің айтуынша, ол екі баласымен конголық тәртіп сақшыларынан қашып жүруге мәжбүр.

"Құрбым Моника мен үлкен ұлымды Конгодан шығаруға көмектесті. Моника Қазақстанға кетсе, ұлым Туниске қашты. Өтінемін, қызыма көмектесіңіздерші. Конгоға қайтса, жиен немерем мен қызыма үлкен қауіп төніп тұр", - деді ана көзіне жас алып.

Әңгіме барысында Моника Конгода тұрмысқа шықпағанын мәлім етті. Әкесінің қашып жүргенін де мойындап отыр.  

"Мені Қазақстаннан шығарып жіберуі мүмкін. Сол үшін көз жасымды тия алмай отырмын. Қызым екеуіміздің болашағымыз үшін Қазақстанда қалғым келеді", - деді конголық келіншек.

Тағы оқыңыз: Бала тууға байланысты ғалымдардың зерттеуі

Ол Нұр-Сұлтандағы көші-қон департаменті қызметкерлерінен құжатын реттеуге көмек беруді сұрады.

"Моникаға босқын мәртебесі берілмеді. Қазір ол сотқа шағым түсірді. Сот шешімін күтіп отырмыз", - деді ҚР ІІМ көші-қон қызметінің аға инспекторы.

Заңгерлер елімізде соттың шешіміне шағым түсіріп, оны өзгерту өте қиын екенін айтып отыр. 

Жаңалықтар
0