Кенесаринская дамба в Акмолинской области

Ақмола облысында бөгет бұзылды: ІІМ түсініктеме берді

487
(Жаңартылды 14:55 01.04.2019)
Ақмола облысында бөгет бұзылып, Көкшетау қаласын су басу қаупі төнді

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин өңірлердегі елді мекендерге су басу қаупі төніп тұрмағанын мәлім етті, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Вице-министр кеше түнде Ақмола облысының Кенесары ауылына жақын маңдағы бөгеттің бұзылғанына қатысты түсініктеме берді.

"Су бөгеті жарылды. Аталған гидротехникалық объектінің паспортына сәйкес, шамамен 5 мың текше метр суды қабылдай алады. Бұзылған бөгеттің суы өзенге құйылды. Көкшетау қаласы мен жақын маңдағы Иванов ауылына су басу қаупі төніп тұрған жоқ", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сонымен қатар Юрий Ильин Атбасар қаласындағы жағдай да тұрақты бақылауда екенін жеткізді.

"Солтүстік өңірлердегі құтқарушылардың бір бөлігі Атбасар қаласына жіберілді. Мұндағы Жаба өзеніндегі судың деңгейі 1,5 метрден асты. Ондағы судың мөлшері 2 метрге көтерілсе, су басу қаупі бар. Сондықтан бұл жердегі мамандар профилактикалық жұмыстарды жүргізіп жатыр. Жағдайды бақылауда ұстап отырмыз", - деді вице-министр.

Юрий Ильин Нұр-Сұлтан қаласын су тасқынынан қорғап тұрған қойманың жағдайы жақсы екенін атап өтті.

"Қазіргі таңда Астана су қоймасы да басты назарда. Кеше қоймаға 900 текше метр су келді. "Қазсушар" кәсіпорнымен бірігіп, қоймадағы суды шығару бойынша профилактикалық жұмыстар басталды. Осылайша, су тасқыны қаупінің алдын алмақпыз. Астана контр реттеуіші секундына 300 текше метр суды өткізе алады. Ол Нұр-Сұлтанды қорғап отыр. Оның жұмысына шағым жоқ", - деді ішкі істер министрінің орынбасары.

Күннің жылынуы мен жауын шашынға байланысты Солтүстік Қазақстан облысындағы Селетин су қоймасына көп ағын су жиналған.

"Облыстағы бірнеше елді-мекенді су басу қаупі бар. Онда мамандар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Екі ауылдың тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Халықты қауіпсіз жерге көшіру мәселесі нақтыланды. Қарағанды облысында қардың еруінен елді мекендер мен автожолдарды су басты. Қазіргі таңда жағдай тұрақты", - деді Юрий Ильин

Оның айтуынша, Нұра өзені секудына 1 миллион текше метр суды өткізе алады. Вице-министрдің пікірінше, бұл елді мекендерге су басу қаупін төндірмейді.

"Елді мекендерді су басу қаупі жоқ. Түркістан, Жамбыл облыстарынан және орталық шұғыл құтқару қызметінің қосымша бөлімдері солтүстік өңірлерге көмекке жіберілді", - деп түйіндеді сөзін министрдің орынбасары.

487
Кілт сөздер:
Ақмола облысы, су тасқыны, бөгет
Тақырып бойынша
Қазақстан мен Қытай бірлесіп Қорғас өзенінде бөгет салады
Бөгет бұзылып, 58 адам көз жұмды: Назарбаев көңіл айтты
Ақмола облысында бөгет бұзылды
Сырдарияда бөгет бұзылып, 60 гектар жерді су басып қалды
Загрузка...