Көктем

Қазақстанда күн +25 градусқа дейін жылынады

1080
(Жаңартылды 13:30 01.04.2019)
"Қазгидромет" РМК 2-4 сәуір аралығындағы ауа райына болжам жасады

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, қатты жел соғады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Синоптиктердің болжамынша, Жерорта теңізінің шығыс аймағынан кезекті циклон ығысады, соның әсерінен республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады.

Тағы оқыңыз: Ақмола облысында бөгет бұзылды: ІІМ түсініктеме берді

"Солтүстік облыстарда кей жерлерде ауа райы жауын-шашынды, 4 сәуірде тек шығыста ғана болжанып отыр. Ауа температурасы оңтүстікте +15…+25°С және солтүстік облыстарда +5…15°С", - делінген хабарламада.

Ірі қалалардағы ауа райы

gismeteo.kz мәліметінше, республикалық маңызға ие қалаларда аздап жаңбыр жауады, күн жылы болады деп болжануда.

Нұр-Сұлтан

  • 2 сәуір: күн ашық, ауа температурасы түнде -3, күндіз +13 градус;
  • 3 сәуір: күн бұлтты, аздап жаңбыр жауады, сынап бағанасы түнде +3, күндіз +14 градусты көрсетеді;
  • 4 сәуір: күн бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде +5, күндіз +9 градус.

Алматы

  • 2 сәуір: күн ала бұлтты, таңертең және кешке аздап жаңбыр жауады. Сынап бағанасы түнде +6, күндіз +14 градусты көрсетеді;
  • 3 сәуір: күн ашық, түнде +5, күндіз +16 градус;
  • 4 сәуір: күн бұлтты, аздап жаңбыр жауады, түнде +14, күндіз +21 градус.

Шымкент

  • 2 сәуір: күн ашық, жауын-шашынсыз, түнде +6, күндіз +22 градус;
  • 3 сәуір: күндіз жаңбыр жауады, сынап бағанасы түнде +13, күндіз +17 градусты көрсетеді;
  • 4 сәуір: күн ашық, түнде +12, күндіз +22 градус.
1080
Кілт сөздер:
ауа температурасы, жаңбыр, ауа райы, Қазгидромет
Тақырып бойынша
Сұлтанов тікұшаққа отырды: Нұр-Сұлтанды су басуы мүмкін
ШҚО-да ауылдарды су басып жатыр
Қарағанды облысындағы ауылда үйлерді су басып жатыр – фото
Загрузка...