Қаза тапқан әскерилерді жерлеу рәсімі

Қызылордадағы апат: марқұм сарбаздардың отбасына баспана беріледі

247
(Жаңартылды 16:23 01.04.2019)
27 наурызда Қызылорда облысы Жалағаш ауданында МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырап, борттағы 13 әскери қызметші көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Қазақстанның әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, авиация генерал-майоры Дәурен Қосанов тікұшақ апатынан қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасына әлеуметтік көмек көрсетілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Авиация генерал-майорының айтуынша, апаттан көз жұмған сарбаздардың отбасына заң аясында міндетті түрде көмек көрсетіледі.

"Қазақстан заңына сәйкес, апаттан көз жұмған әскери қызметшінің отбасына бір жолғы өтемақы беріледі. Бұл – сарбаздың 5 жылғы жалақысына тең. Сондай-ақ отбасылар қызметтік баспананы қайтарымсыз заңдастырып алуға құқығы бар. Сарбаздарды жерлеу рәсімі бойынша барлық шығындар өтеледі. Сонымен қатар отбасындағы адам басына байланысты баспана өтемақысы төленеді", - деді Дәурен Қосанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Тікұшақ апаты: 4 сарбаздың денесіне сараптама жүргізіліп жатыр

Айта кетейік, 27 наурызда кешке Қызылорда облысы Жалағаш ауданында Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырады. Әуе кемесі белгісіз себептермен құлап, түгі қалмай жанып кеткен. Әскери тікұшақтың бортында 13 адам болды, олардың барлығы қаза тапты.

Назарбаев тікұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты

247
Тақырып бойынша
Нұрсұлтан Назарбаев тікұшақ апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты
Қызылордадағы тікұшақ апатында қаза болғандардың суреттері жарияланды
Тікұшақ апатында қаза тапқан капитанның әкесі: сіздің де балаңыз бар деді
Тоғжанов: Қыршын кеткен жігіттердің қазасы орны толмас қайғыға душар етті
Ми-8 апаты: қаза тапқан әскеридің бірі туыстарына хабарлама жіберген
Қызылордадағы тікұшақ апаты: қаза тапқан әскерилерді соңғы сапарға шығарып салды
Загрузка...