Ана мен бала

Әр балаға - 21 мың теңге: атаулы әлеуметтік көмекке құжат қабылдау басталды

4607
(Жаңартылды 18:00 01.04.2019)
Атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсырған соң, нәтижесі бір аптада белгілі болады

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір — Sputnik. Қазақстанда 1 сәуірден бастап атаулы әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың құжатын қабылдау басталды.

Бүгіннен бастап қазақстандықтар атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш бере алады және құжаттар аз уақыт ішінде қаралады. Өтініш беруші нақты көрсетілген критерийлерге сай келсе, ай соңында алғашқы көмекке ие болады.

"Құжатты қабылдаған соң, учаскелік комиссияға жолдаймыз, олар өтініш берушілердің үйіне барып, материалдық жағдайын тексереді. Содан соң әлеуметтік көмекке мұқтаж екені расталса, жұмыспен қамту орталығы анықтама береді. Бұл анықтама отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғанын білдіреді, ай соңында алғашқы төлем жасалады", - деп мәлімет берді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының баспасөз хатшысы Дана Тұрғынова Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Оның сөзіне сүйенсек, атаулы әлеуметтік көмек көпбалалы отбасыларға ғана емес, басқа да мұқтаж азаматтарға беріледі.

"Бұл көмек көпбалалы ғана емес, тұрмысы нашар барлық отбасыға берілетінін түсіну қажет. Қазір бізде күнкөріс минимумының деңгейі көтерілді. Бұған дейін 14 890 теңге болса, қазір республика бойынша 20 789 теңге. Демек, жалпы табыс сомасын отбасының әр мүшесіне шаққанда 20 789 теңгеден кем болса, атаулы әлеуметтік көмек көрсетілуі тиіс. Комиссия бір апта ішінде күнкөріс жағдайын тексеріп, растаған соң, отбасыға анықтама беріледі", - деп түсіндірді Дана Тұрғынова.

Оның айтуынша, 2018 жылы атаулы әлеуметтік көмек елорданың 931 отбасына көрсетілді. Биыл 2 500 отбасы қамтылуы тиіс, яғни 11 мыңдай адам.

Қазақстанда 1 сәуірден бастап не өзгереді?

Нұр-Сұлтанның жұмыспен қамту орталығы атап өткендей, атаулы әлеуметтік көмек алуға құжат тапсыру оңай болу үшін елорданы әр аудандық әкімдігінде консультанттар азаматтардың өтінішін қабылдап жатыр. Сондықтан жұмыспен қамту орталығында кезекке тұрып, уақыт кетірмей, мекенжай бойынша аудан әкімдігіне барған жөн.

Атаулы әлеуметтік көмек: бір үйде тұратын 2-3 отбасының табысы қалай есептеледі?

4607
Кілт сөздер:
қабылдау, құжат, атаулы әлеуметтік көмек
Тақырып бойынша
"Осы әділетті ме?" Жақыпова 21 мың теңге мен қорадағы мал туралы айтты
Бір баласы барлар да 21 мың теңгені алады
Жаңа жәрдемақыға қашаннан бастап құжат тапсыруға болатыны анықталды
Әр балаға – 21 мың теңге: депутат бала-шағасын өз күшімен асырап отырғандар туралы айтты
"Жәрдемақы өскенде, азық-түлік қымбаттай ма?" - сенатор бағаны реттеу мәселесін көтерді
Әр балаға – 21 мың теңге: министрлік жұртты мазалаған 10 сұраққа жауап берді
Людмила Бюрабекова

Депутат бұрынғы вице-министрдің отставкасы жайлы: бұған жауап беруі керек

244
Людмила Бюрабекова 23 қыркүйекте өз өтінішімен денсаулық сақтау министрінің орынбасары қызметінен кетті

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова өз әрекетіне жауап беруі керек деп санайды.

Бұл туралы мәжілісмен Facebook-тегі парақшасында жазды.

Депутат экс-шенеунікті фармацевтика өнеркәсібінің дамуына мүмкіндік бермей, отандық ғалымдардың препараттары мен құрылғыларын клиникалық сынақтан өткізуге кедергі келтірді деп айыптады.

Смирнованың айтуынша, Бюрабекова шетелдік дәрі-дәрмектің, көрші елдермен салыстырғанда, бірнеше есе қымбатқа сатылуына, зертханалардың бірінде коронавирусқа қарсы ПТР анализінің 20 000 теңге тұруына ықпал еткен.

"Бетперде 110 теңгеден арзан болуы мүмкін емес деп мәлімдеді. Осы жылдың қорқынышты жазында дәрі-дәрмектің жоқтығына бей-жай қарады. Адамдар мен пациенттердің тағдырына алаңдамайтынын көрсетті. Айта берсе, толып жатыр. Ақыр соңында қызметтен босатты-ау. Жай алып тастамаған шығар деген үміттемін. Бұған жауап беруі керек", - деп жазды Смирнова.

Людмила Бюрабекова 23 қыркүйекте өз өтінішімен қызметтен кетті. Ол денсаулық сақтау министрінің орынбасары болып 2020 жылдың сәуірінде тағайындалған еді.

Денсаулық сақтау министрлігін ол уақытта Елжан Біртанов басқарды.

244
Кілт сөздер:
Ирина Смирнова, вице-министр, Денсаулық сақтау министрлігі, коронавирус
Медициналық сақтандыру

Медициналық сақтандыру: жұмыссыз қалған адамға жарнаны кім аударады 

51
(Жаңартылды 15:57 24.09.2020)
Егер жұмыстан шығып кеткен адам жұмыспен қамту орталығында тіркеуге тұрса, ол үшін жарнаны мемлекет аударады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Медициналық сақтандыру қорының басшысы Болат Төкежанов пандемия кезінде табысынан айырылғандар тіркеуге тұрса, жарнаны мемлекет аударатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Иә, бүгінде ондай арыз-шағымдар бар. Себебі жұмысшылардың көбісі демалысқа жіберілді. Ондайда жұмыс кезеңі үзіледі. Егер сіз кәсіпорынның жұмыскері болсаңыз, онда жұмыс берушіге баруыңыз қажет. Ол түспей қалған жарналарыңызды аударып беруі тиіс", - деді Төкежанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, жұмыссыз қалған адамдар үшін мемлекет жарна аударады. Бірақ ол үшін жұмыспен қамту орталығында тіркелу керек.

"Егер демалысқа емес, толығымен жұмыстан шығып кетсеңіз, онда жұмыспен қамту орталығына барып, тіркеуге тұруыңыз қажет. Осылайша, сіз жеңілдік алатын адамдардың санатына кіресіз. Олар үшін жарнаны мемлекет аударады. Ал жұмыспен қамту орталығында тіркеуге тұрмасаңыз, 2 125 теңге көлемінде әлеуметтік төлем жасауыңыз қажет. Онсыз медициналық сақтандыру санатына кірмейсіз", - деп түсіндірді Төкежанов.

Оқи отырыңыз: Медициналық сақтандыру қорындағылар қанша жалақы алатыны белгілі болды 

Айта кетейік, пандемия кезінде халықты қолдау шаралары аясында табыссыз қалған адамдарға уақытша сақтандыру мәртебесін беруге шешім қабылданған болатын. Олар:

  • соңғы үш айда бір рет жарна жасаған және екі айда қарызы жоқ жалдамалы жұмысшылар;  
  • соңғы үш айда бір рет жарна жасаған және екі айдан астам қарызы жоқ жеке кәсіпкерлер және жеке іс-тәжірибемен айналысатындар;
  • 42 500 теңге көлемінде бір реттік төлемді алу үшін бірыңғай жиынтық төлемді аударғаннан кейін әлеуметтік мәртебеден айырылғандар, бұрын олар үшін мемлекет жарна жасаған.
51
Кілт сөздер:
жарна, медициналық сақтандыру
Тақырып бойынша
"Қыруар қаржы қалай игерілді": депутат үкіметті есеп беруге шақырды
Министр медициналық сақтандыру қорының жаңа төрағасын таныстырды
Медициналық сақтандыру: екі жұмыс болса, жарна қалай аударылады?
Медициналық сақтандыру қоры қазақстандықтардың наразылығына жауап берді
Архивтегі фото

Ғалымдар шілдеде коронавирустың неліктен күшейіп кеткенін анықтады

0
(Жаңартылды 20:00 24.09.2020)
Ғалымдар шілде айында ыстық және климаты ылғалды елдерде COVID-19 індетінің күшею себебін түсіндірді 

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Ауадағы ылғалдың булану жылдамдығы – коронавирустың таралуына себеп болған негізгі жағдайлардың бірі. Инфекция әдісін модельдеген ғалымдар осындай қорытындыға келді, деп хабарлайды EurekAlert!.  

Америкалық Физика институтының мамандары теориялық модельдеу мен гидродинамикалық тәжірибелерді қолдана отырып, ылғалдылықтың, қоршаған ортаның температурасы мен желдің жылдамдығының құрамында вирус бөлшектері бар сілекейдің ең кішкентай тамшыларының таралуына әсерін зерттеген.

Оқи отырыңыз: ДДҰ коронавирусқа қарсы екінші қазақстандық вакцинаны тізімге енгізді 

Мамандар булану процесі жұқпалы бөлшектердің таралуы үшін шешуші фактор болатынын анықтады.

Сонымен қатар, температура жоғарылап, жылдам булану есебінен ылғалдылық төмендеген жағдайда вирустың өміршеңдігі  айтарлықтай төмендейтіні айқындалды. Ал ыстық ауа райында ылғалдылық жоғарыласа, коронавирустың таралу ықтималдығы арта түседі.  

"Біз жоғары температура мен ылғалдылықтың төмендеуі сілекей тамшыларының булану жылдамдығын жоғарылататынын анықтадық. Ал бұл вирустың өміршеңдігін айтарлықтай азайтады", – дейді зерттеу авторларының бірі Талиб Дбоук.

Ғалымдардың айтуынша, зерттеу нәтижесі пандемияның климаты ыстық әрі ылғалды және халық тығыз орналасқан қалаларда күшею себебін айқындауға көмектескен.

Зерттеу COVID-19 індетінің таралуын болдырмау үшін әлеуметтік қашықтық пен маска киюдің маңыздылығын қолдайтын жұмыстар тізіміне қосылды.

0
Кілт сөздер:
ғалымдар, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Ғалымдар коронавирусқа қарсы дәрінің өлімге әкеп соғатын қаупін анықтады
COVID-19: Ғалымдар антидене ағзада бір ай ғана болатынын анықтады
Ғалымдар коронавирусты өлтіретін ақуыз ойлап тапты
Ғалымдар табиғи антибиотик ойлап тапты
Коронавирусқа қарсы вакцина қанша теңге тұруы мүмкін