Қоғам

Қазақстандықтарға арналған инсулинді Өзбекстанға заңсыз жеткізгендер анықталды

© Sputnik / Алексей Мальгавко / Медиабанкке өтуДәрі
Дәрі  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Құқық қорғау органдары тергеуді бастап кетті

НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Қазақстандықтарға арналған инсулинді Өзбекстан дәріханаларына заңсыз жеткізгендер табылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Дәріхана - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанға арналған инсулин Өзбекстанда сатылып жатыр: Министрлік ҰҚК-ге жүгінді

Қазақстандық инсулиннің Өзбекстан дәріханаларына қалай тап болғанын анықтау үшін денсаулық сақтау министрлігі тергеу жүргізілуін сұраған еді.

"Қазір бұл инсулинді заңсыз жеткізгендер анықталды, тергеу жүріп жатыр. Өкінішке қарай, біз мұны жария ете алмаймыз. Біздегі ақпарат бойынша құқық қорғау органдары тергеуді бастап кетті", - деді министр үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.

Ол бір жыл бұрын елдегі дәріханаларда тегін сатылатын дәрілердің есебі мен талдауы жүргізілгенін айтты.

Тағы оқыңыз: Жүректі тоқтату қаупі бар дәрі сатылып жатыр

"Проблемалар анықталып, өткен жылдың көктемінде құқық қорғау органдарына тапсырдық. 28 қылмыстық іс қозғалды", - деді Біртанов.

Қазір, оның айтуынша, наркологиялық, психиатриялық және туберкулез диспансерлерінде, ВИЧ орталығында тексерістің екінші толқыны басталған.

"Тиімсіз жоспарлау фактілері қазірдің өзінде анықталып жатыр", - деді министр.

Еске сала кетсек, осы жылдың басында Ташкент журналистері дәріханалардан қазақ тілінде таңбаланған инсулин сатылып жатқанын хабарлаған еді.

Жаңалықтар
0