Бергей Рысқалиев

Бергей Рысқалиев Лондонда емін-еркін серуендеп жүр куәгер видеосы

5204
(Жаңартылды 17:30 05.04.2019)
Кезінде Атырау өңірін басқарған Бергей Рысқалиевті Қазақстан билігі сырттай 17 жылға соттаған  

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Желіде халықаралық іздеу салынған Атырау облысының бұрынғы әкімі Лондон көшелерінде емін-еркін жүргені жайлы видео таралып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Экс-әкімге ұйымдасқан қылмыстық топ құрды, мемлекет қаржысын жымқырды, біреудің мүлкін заңсыз иемденді және тағы басқа да айыптар тағылған.

Бұрынғы шенеуніктің Ұлыбритания астанасының көшесінде емін-еркін жүрген видеосын саясаттанушы Ербол Еділовтің Instagram желісіндегі пеке парақшасына жүктеген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от YEDILOV ONLINE (@yedilovonline)

Айта кетейік, 2019 жылдың қаңтарында Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиев пен оның ағасы, экс-депутат Аманжан Рысқалиевке қатысты сот үкімі шыққан. Экс-әкім 17 жылға, оның ағасы 16 жылға бас бостандығынан айырылған, әрі олардың мемлекетке келтірілген шығыны 72 миллиард теңгеге бағаланған.

Бергей Рысқалиев пен Аманжан Рысқалиев 2012 жылы елден шығып кеткен. Оларға халықаралық іздеу жарияланған.

5204
Кілт сөздер:
видео, Лондон, Бергей Рысқалиев
Тақырып бойынша
Экс-әкім Бергей Рысқалиевке қандай айып тағылып отырғаны белгілі болды
Әблязов негізін қалаған қозғалыс Қазақстанда экстремистік ұйым болып танылды
Қуат Хамитов Әблязовке үндеу жасады
Бас прокурор Еуропарламент депутаттарын шетелде қашып жүргендер туралы хабардар етті
Загрузка...