Су тасқыны кезіндегі жол, архивтегі сурет

"Болжамдар нақты емес": Қазгидромет директоры синоптиктерге айтылған сынға жауап берді

411
"Қазгидромет" басшысы ауа райын болжау кезінде қолданылатын техниканың ескіргенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір — Sputnik. "Қазгидромет" мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры Марат Қынатов Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы Владимир Беккердің сынына жауап берді.

Өзен, архивтегі сурет
© Photo : ДЧС Кызылординской области
Ол 4 сәуір күні өткен баспасөз мәслихатында "Қазгидромет" жұмысы жақсарғанымен, жасайтын болжамы әлі де нақты емес екенін мәлімдеген болатын.

Сынға жауап берген Марат Қынатов соңғы 40 жылда 2-3 айға бірыңғай маусымдық гидрологиялық болжам жасалғанын атап өтті. Оның айтуынша, өзендердегі су тасқыны басталмас бұрын жасалатын мұндай болжам кейде, тіпті, 200-300%-ке дейін қате болатын.

"2018 жылы "Қазгидромет" гидрологиялық жоспарлаудың жаңа жүйесіне көшті. Еуропа елдері мен Солтүстік Америка тәжірибесіне сүйене отырып, апта сайын гидрологиялық болжам әзірлейміз. Өзен бассейні бедерінің цифрлық моделі қолданылады. Осының арқасында миллиондаған текше метр (миллион м3) ылғал қоры көлемінің өзгеру қарқыны есептеледі. Бұған дейін бұл ақпарат миллиметрмен берілетін" ,- деді "Қазгидромет" басшысы.  

Тағы оқыңыз: Қарағанды облысындағы ауылды су басып жатыр

"Қазгидромет" басшысының айтуынша, гидрологиялық болжам апта сайынғы болжам нәтижесінде жасалады. Ал өзен суының ағысын есептеу кезінде сандық математикалық модель қолданылады.

"Жаңа жүйе енгізілгеннен бері гидрологиялық болжам қателігі барынша азайып, бар болғаны 9-10%-ке жетіп отыр", - деді Қынатов.

Оның айтуынша, өткен жылдан бері "Қазгидромет" пен Төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері аңғар, жыралар мен ойпаттардағы жағдайды бірге тексереді.  

"Бұл бастаманы Қазгидромет көтерді. Төтенше жағдайлар комитеті бірлескен бұйрыққа тек төрт айдан соң ғана қол қойды", - деді Қынатов.

Мемлекеттік метеорологиялық орталық басшысы ауа райын болжауға арналған техниканың ескіргенін атап өтті. Құрал-жабдықтың басым бөлігі өткен ғасырдың 50-ші жылдарынан бері қолданылады екен. 

"Қаржы министрлігі 2018-2022  жылдарға арналған жаңғырту бағдарламасына ақша бөлді. Оның нәтижесі бағдарлама аяқталған соң көрінетін болады" , - деді ол.

Қынатов аймақтардың су тасқынына дайындығы "Қазгидрометтің" жауапкершілігі емес екенін атап өтті.  Ол синоптикалық болжамға қатысты сын негізсіз деп отыр.

Тағы оқыңыз: Нұр-Сұлтанды су басуы мүмкін

"Өкінішке қарай, атмосфералық процестерді түсінбегендіктен, Владимир Беккер "Қазгидромет" болжамына қатысты қате пікір білдіріп отыр", - деді Қынатов.

Еске сала кетсек, өткен жылдары да Төтенше жағдайлар комитеті "Қазгидромет" нақты болжам жасай алмайды деп сынаған болатын. Орталық өкілдеріне ақталуға тура келді.

411
Кілт сөздер:
су тасқынының алдын алу, су тасқыны, төтенше жағдайлар комитеті, сын, Қазгидромет
Тақырып бойынша
Қазақстандық т/ж станцияларын көктемгі тасқындарға әзірледі
Еліміздің басым бөлігінде көктемгі су тасқынымен күресіп жатыр
Қазақстанда көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру басталды
Қазақстанда көктемгі аңшылыққа тыйым салыну көзделіп отыр
Людмила Бюрабекова

Депутат бұрынғы вице-министрдің отставкасы жайлы: бұған жауап беруі керек

249
Людмила Бюрабекова 23 қыркүйекте өз өтінішімен денсаулық сақтау министрінің орынбасары қызметінен кетті

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова өз әрекетіне жауап беруі керек деп санайды.

Бұл туралы мәжілісмен Facebook-тегі парақшасында жазды.

Депутат экс-шенеунікті фармацевтика өнеркәсібінің дамуына мүмкіндік бермей, отандық ғалымдардың препараттары мен құрылғыларын клиникалық сынақтан өткізуге кедергі келтірді деп айыптады.

Смирнованың айтуынша, Бюрабекова шетелдік дәрі-дәрмектің, көрші елдермен салыстырғанда, бірнеше есе қымбатқа сатылуына, зертханалардың бірінде коронавирусқа қарсы ПТР анализінің 20 000 теңге тұруына ықпал еткен.

"Бетперде 110 теңгеден арзан болуы мүмкін емес деп мәлімдеді. Осы жылдың қорқынышты жазында дәрі-дәрмектің жоқтығына бей-жай қарады. Адамдар мен пациенттердің тағдырына алаңдамайтынын көрсетті. Айта берсе, толып жатыр. Ақыр соңында қызметтен босатты-ау. Жай алып тастамаған шығар деген үміттемін. Бұған жауап беруі керек", - деп жазды Смирнова.

Людмила Бюрабекова 23 қыркүйекте өз өтінішімен қызметтен кетті. Ол денсаулық сақтау министрінің орынбасары болып 2020 жылдың сәуірінде тағайындалған еді.

Денсаулық сақтау министрлігін ол уақытта Елжан Біртанов басқарды.

249
Кілт сөздер:
Ирина Смирнова, вице-министр, Денсаулық сақтау министрлігі, коронавирус
Медициналық сақтандыру

Медициналық сақтандыру: жұмыссыз қалған адамға жарнаны кім аударады 

52
(Жаңартылды 15:57 24.09.2020)
Егер жұмыстан шығып кеткен адам жұмыспен қамту орталығында тіркеуге тұрса, ол үшін жарнаны мемлекет аударады

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Медициналық сақтандыру қорының басшысы Болат Төкежанов пандемия кезінде табысынан айырылғандар тіркеуге тұрса, жарнаны мемлекет аударатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Иә, бүгінде ондай арыз-шағымдар бар. Себебі жұмысшылардың көбісі демалысқа жіберілді. Ондайда жұмыс кезеңі үзіледі. Егер сіз кәсіпорынның жұмыскері болсаңыз, онда жұмыс берушіге баруыңыз қажет. Ол түспей қалған жарналарыңызды аударып беруі тиіс", - деді Төкежанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Оның айтуынша, жұмыссыз қалған адамдар үшін мемлекет жарна аударады. Бірақ ол үшін жұмыспен қамту орталығында тіркелу керек.

"Егер демалысқа емес, толығымен жұмыстан шығып кетсеңіз, онда жұмыспен қамту орталығына барып, тіркеуге тұруыңыз қажет. Осылайша, сіз жеңілдік алатын адамдардың санатына кіресіз. Олар үшін жарнаны мемлекет аударады. Ал жұмыспен қамту орталығында тіркеуге тұрмасаңыз, 2 125 теңге көлемінде әлеуметтік төлем жасауыңыз қажет. Онсыз медициналық сақтандыру санатына кірмейсіз", - деп түсіндірді Төкежанов.

Оқи отырыңыз: Медициналық сақтандыру қорындағылар қанша жалақы алатыны белгілі болды 

Айта кетейік, пандемия кезінде халықты қолдау шаралары аясында табыссыз қалған адамдарға уақытша сақтандыру мәртебесін беруге шешім қабылданған болатын. Олар:

  • соңғы үш айда бір рет жарна жасаған және екі айда қарызы жоқ жалдамалы жұмысшылар;  
  • соңғы үш айда бір рет жарна жасаған және екі айдан астам қарызы жоқ жеке кәсіпкерлер және жеке іс-тәжірибемен айналысатындар;
  • 42 500 теңге көлемінде бір реттік төлемді алу үшін бірыңғай жиынтық төлемді аударғаннан кейін әлеуметтік мәртебеден айырылғандар, бұрын олар үшін мемлекет жарна жасаған.
52
Кілт сөздер:
жарна, медициналық сақтандыру
Тақырып бойынша
"Қыруар қаржы қалай игерілді": депутат үкіметті есеп беруге шақырды
Министр медициналық сақтандыру қорының жаңа төрағасын таныстырды
Медициналық сақтандыру: екі жұмыс болса, жарна қалай аударылады?
Медициналық сақтандыру қоры қазақстандықтардың наразылығына жауап берді
Архивтегі фото

Ресейлік онлайн мектептер сертификатталуы мүмкін

0
Жұмысты Россотрудничество ағарту министрлігімен бірлесіп қолға алды, ол бірінші кезекте шетелде тұратын ресейліктерге бағытталған

НҰР-СҰЛТАН, 24 қыркүйек – Sputnik. Россотрудничество ресейлік онлайн мектептерді сертификаттап, шетелде тұратын ресейліктер үшін емтихан тапсыруды жеңілдетуді ұсынып отыр. Бұл туралы Россотрудничество басшысы Евгений Примаков айтты.

Оқи отырыңыз: Қашықтан оқыту қашан аяқталады – Аймағамбетов эксклюзивті сұқбат берді 

"Біз шетелде мектеп ашу әрдайым мүмкін емес екенін түсінеміз. Сондықтан "отбасылық", " үй" форматындағы онлайн оқытуды қолдаудың болашағы зор, өте қызықты және бізде де, шетелде де сұраныс артып келеді", - деді Примаков.

Ол шетелдегі көптеген ресейлік үшін бұл Ресей стандарттары бойынша білім алудың санаулы тәсілдерінің бірі екенін атап өтті.

"Сертификаттау, емтихан тапсыру мәселесі әлі де бар, бірақ мұны да талқылауға болады, бұл жұмысты ағарту министрлігіндегі әріптестерімізбен бірлесіп жүргізіп жатырмыз, оны сертификаттау үшін не істеу керек екендігі қарастырылуда. Қазір бірнеше ұсыныс бар", - деп түсіндірді Примаков.

Ол сондай-ақ Россотрудничество кез келген білім беру идеясын, алаңдарын, формаландырудың, институттандырудың кез келген дәрежесін қолдайтынын атап өтті.

"Бұл бізге келетін жеке бастамалар, мемлекеттік бастамалар болуы мүмкін, үкіметаралық келісімдер негізінде мектеп құрылған кезде оңайға соқпайды", - деп түсіндірді Россотрудничество басшысы.

Примаков көптеген отандасын Ресейдің білім беру жүйесі - мәдениет, өнер, гуманитарлық білім саласы да, нақты ғылымдар саласы да қызықтыратынын айтты.

"Біз бұл бастамалардың барлығын құптаймыз және қолымыздан келгенше қолдау көрсетуге дайынбыз", - деп аяқтады ол.

0
Тақырып бойынша
Бастауыш сынып оқушыларының 60%-і мектеп партасына отырды
Көпбалалы ана жаңа оқу жылы туралы: бес балам бір телефон қолданады
Қашықтан оқыту баланың оқу үлгерімін төмендете ме – министрдің жауабы
Білім саласында жемқорлық неге көбейді?
Баланы онлайн оқуға қалай дайындау керек – психологтар кеңес берді