Ерлан Қарин

Тоқаев Ерлан Қаринге жаңа қызмет ұсынды

1172
(Жаңартылды 20:52 05.04.2019)
Ерлан Қарин Қазақстан президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 5 сәуір – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кадрлық-ауыс түйіс жасады.  

"Мемлекет басшысының өкімімен Мұрат Бектанов Қазақстан қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы күштері бас штабының бастығы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Қарулы күштері құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды", - деп жазылған Ақорданың баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Бақыт Құрманбаев Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды.

Марат Оразаев Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне, ал

Алмаз Нұразхан Қазақстанның Ұлттық музейінің директоры қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ мемлекет басшысының өкімдерімен Ержан Бабақұмаров Қазақстан президентінің кеңесшісі – Қазақстан президенті әкімшілігінің талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды.

Ерлан Қарин Қазақстан президентінің кеңесшісі қызметіне тағайындалды.

Талғат Момышев Қазақстан Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.

Мұрат Майкеев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Қарулы күштері бас штабының бастығы қызметінен, Талғат Жанжүменов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен, Қуатжан Уәлиев Қазақстан Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

 

1172
Кілт сөздер:
кадрлық тағайындаулар, Қасым-Жомарт Тоқаев, Ерлан Қарин
Тақырып бойынша
Қарин: Назарбаев алғашқылардың бірі болып Ақ үйде Трамппен кездеседі
Тоқаев Мәдина Әбілқасымованы басқа қызметке тағайындады
Қарин Джеки Чанды шақыруға қанша қаражат кеткенін айтты
Тоқаев жасаған ауыс-түйіс нені білдіреді - саясаттанушылардың пікірі
Тоқаев тағы бірқатар кадрлық ауыс-түйіс жасады
Загрузка...