Архивтегі фото

ҰҚК Қызылорда облысы полиция департаментінің лауазымды қызметкерін ұстады

1006
Төлебаев кәсіпкерден 300 мың теңге көлемінде ақша бопсалап алған

НҰР-СҰЛТАН, 6 сәуір – Sputnik.  Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ғани Төлебаевты ұстады, деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.  

"ҰҚК Қызылорда облысы полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ғ. Төлебеаев пен ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері Б. Асқаровтың заңға қайшы әрекетінің жолын кесті, олар жеке кәсіпкерден букмекерлік клубты тексеруді тоқтатқаны үшін заңсыз ақшалай сыйақы бопсалаған", - деп хабарлады комитеттегілер. 

2019 жылдың 5 сәуірінде ҚР ІІМ Жеке қауіпсіздік департаментімен бірлескен іс-шаралар барысында Г. Төлебаев 300 мың теңге көлемінде ақша алу кезінде ұсталды. Дәл осы уақытта Қарағанды қаласында Б. Асқаров ұсталды.

Ғ. Төлебаев Қызылорда қаласы ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

1006
Кілт сөздер:
полиция, ҰҚК
Тақырып бойынша
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қазгидромет басшылығын ұстады
Қазақстанға арналған инсулин Өзбекстанда сатылып жатыр: Министрлік ҰҚК-ге жүгінді
Ақтөбеде терроризмді насихаттады деген күдікпен екі адам ұсталды
Маңғыстау облысында басқарма басшысы қамауға алынды
ҰҚК арнайы операция барысында 10 адамды ұстады
Загрузка...