Светлана Испусинова

Назарбаев зияткерлік мектептерінің жаңа басшысы тағайындалды

279
Светлана Испусинова бұған дейін басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарған

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір— Sputnik. Назарбаев зияткерлік мектептері қамқоршылық кеңесінің шешімімен Светлана Испусинова Басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды дербес білім беру ұйымының баспасөз қызметі.

Светлана Испусинова зияткерлік мектептер жүйесінде 2009 жылдан бері қызмет етіп келеді. Ол адами ресурстарды басқару департаментінің директоры, атқарушы директор лауазымында болған.

2012 жылдың қыркүйек айынан бері Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Ол 1978 жылы  "тарих және қоғамтану" пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша Гурьев педагогикалық университетін тамамдады. Атырау және Тараз қалаларында мектеп директоры қызметтерін атқарған.

1999 - 2002 жылдары Атырау облысы білім басқармасының басшысы, 2003 -2007 жылдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде бөлім басшысы, Мектепке дейінгі және орта білім беру департаментінің директоры болды.  2007 - 2008 жылдары "СИТ" АҚ инновациялық технологиялар департаментінің директоры, "Kazsatnet" АҚ пайдалану департаменті директорының орынбасары қызметін атқарды. 

Тағы оқыңыз: Мектеп директоры мен орынбасарларының жалақысы өседі

2000 жылы "Қазақстан Республикасы білім саласының үздігі" төсбелгісімен, 2001 жылы "Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл" медалімен, 
2004 жылы "Қазақстан Республикасы білім берудің құрметті қызметкері" төсбелгісімен, 2005 жылы Қазақстан Республикасы президентінің құрмет грамотасымен, 2015 жылы "Қазақстан Конституциясына 20 жыл" медалімен және "Ерен еңбегі үшін" медалімен  марапатталған.

279
Кілт сөздер:
тағайындау, жаңа қызмет, басқарма басшысы, Назарбаев зияткерлік мектебі
Тақырып бойынша
Мектеп оқулығына қатысты тағы шу: бұл жолы ата-аналарды ашуландырған не?
Оқушылармен бірге билеген мектеп директоры жұмыстан қуылуы мүмкін – видео
Мектеп мұғалімі алты жасар қызды құтқарып қалу үшін өз өмірін қиды
Президент Назарбаев мектебінің оқушыларына қойылатын басты талапты атады
Елбасы 2068 жылғы ұрпаққа хат жазып қалдырды
Ұшақ, аспан

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы жанданады

24
Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана жүзеге асырылды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек болатын

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек — Sputnik. Ресей өз аумағына Қазақстан азаматтарының кіруіне рұқсат берді. Шектеу коронавирустың таралуына байланысты енгізілген болатын.

"Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Корея елдерінің азаматтарына және осы елдерде тұруға ықтиярхаты барларға Ресейге әуе өткізу пунктері арқылы кіруге рұқсат етіледі. Ресейліктер де бұл елдерге емін-еркін бара алады", - делінген Ресей үкіметінің сайтында жарияланған ақпаратта. 

Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана болды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек еді.

Рейстер аптасына бір рет жүзеге асырылады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы 21 қыркүйекте жанданады.

24
Роза Рымбаева мен Бақытжан Сағынтаев

Роза Рымбаева Алматының құрметті азаматы атанды

114
"Алматының құрметті азаматы" атағы тоғыз тұрғынға берілді. Сағынтаев олар қаланың қалыптасуы мен дамуына ерекше үлес қосқанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Қала күнінде Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева "Алматының құрметті азаматы" атағына ие болды.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың қалыптасуы мен дамуына ерекше үлес қосқан қала тұрғындарының еңбегін атап өтілгенін айтты. 

"Белгілі қоғам мен саяси қайраткерлер, ғылым мен білім, медицина мен мәдениет, кино мен әдебиет саласының қызметкерлері қоғамға қызмет етіп қана қоймай, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етіп, өскелең ұрпақ үшін үлгі болуда", - деп жазды Сағынтаев.

"Алматының құрметті азаматы" атағы Роза Рымбаевамен қатар экономика ғылымдарының докторы  Рахман Алшанов, мемлекеттік және қоғам қайраткері Тұрарбек Асанов, білім саласының ең сіңірген қайраткері Шамша Беркімбаева, Алматы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахан Бижанов, Қазақстанның халық әртісі, актер, кинорежиссер Досхан Жолжақсынов, Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов, медицина ғылымдарының докторы Нина Каюпова және Алматының басты реаниматологы Тілеуберді Қуандықовқа берілді. 

114
Кілт сөздер:
құрметті азаматтар, Алматы, Роза Рымбаева
Тақырып бойынша
"Бәрін Тасқынмен салыстырдым": Роза Рымбаева туралы қызықты деректер
"Әлем елдеріне үлгі боларлық дүние": Тоқаев Роза Рымбаеваға алғыс айтты
"Бала-шағамды зейнетақымен асырап отырмын": Роза Рымбаева карантиндегі өмірі жайлы
"7500 теңге таратамыз": Роза Рымбаеваның ұлы желіде тараған ақпарат туралы жазды  
Роза Рымбаеваның ұлы үйленді: қызын ұзатқан отбасыға айыппұл салынды