Қоғам

"Әкесі сияқты болсын" Бердібек Сапарбаев ұлының жаңа қызметке ауысуы туралы айтты

© Photo : Пресс-служба акима Актюбинской областиБердібек Сапарбаев
Бердібек Сапарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жансұлтан Сапарбаев 14 наурыздан бері Есіл ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет атқарып келеді

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев ұлының жаңа қызметке тағайындалуына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Портфель - Sputnik Қазақстан
Елорда тынысы
Бердібек Сапарбаевтың ұлы жаңа қызметке ауысты

"Қазақстанның азаматы ретінде конституциялық құқығы бар. Ол енді жас емес, өз болашағын өзі таңдайды. Менің оған ешқандай қатысым жоқ. Менің оған тілейтінім, жақсы жұмыс істеп, сенімді ақтасын, әкесі сияқты үлкен қайраткер болсын. Ол үшін адал еңбек ету керек", - деді Сапарбаев үкіметке өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек, Жансұлтан Сапарбаев 2019 жылдың 14 наурызынан бастап Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келеді. Министрдің ұлы ішкі саясат, әлеуметтік сала және кәсіпкерлік мәселелеріне басшылық етеді.

Жансұлтан Сапарбаев мемлекеттік қызметтегі мансабын 2016 жылы ұлттық экономика министрінің кеңесшісі болып бастаған.

Жаңалықтар
0