Сарымсақ

Сарымсақты көп жесе, не болады ғалымдар жауап берді

21525
(Жаңартылды 12:09 11.04.2019)
Сарымсақты күнделікті тамаққа пайдалану ішек микрофлорасын жақсартады

НҰР-СҰЛТАН, 9 сәуір – Sputnik. АҚШ-тың Луисвилл университетінің ғалымдары сарымсақты көп жесе, не болады деген сұраққа жауап берді. Зерттеу барысында анықталғандай, сарымсақ қартайған сайын мида пайда болатын өзгерістердің алдын алып, есте сақтау қабілетін жақсартады. Бұл мақала Eurekalert басылымында жарияланған.

"Сарымсақтың құрамында аллил сульфидтер деп аталатын қосылыс бар. Соның арқасында тамаққа сарымсақты пайдалану адамның ішек микрофлорасын сақтауға және қарт адамдардың ойлау қабілетін жақсартуға септігін тигізеді", - дейді тәжірибенің авторы, доктор Джиортимий Бехер.

Ішек микрофлорасының маңыздылығы микробиологтарға баяғыдан белгілі, бірақ оның есте сақтау қабілетіне қалай әсер ететінін көп ешкім айта бермейді. Жас ұлғайған сайын ішек микробиотының түрі азайып кетеді, ал бұл ағзаның ойлау қызметімен тікелей байланысты.

2 жасар тышқандарға жасалған тәжірибе кезінде олардың тамағына аллил сульфид қосқан. Кейін басқа кеміргіштермен салыстырғанда, олардың қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді есте сақтау қабілеті жақсарғаны анықталды.

21525
Кілт сөздер:
көкөністер, дұрыс тамақтану, ғалымдар
Тақырып бойынша
"Малды дәрімен семіртеді" - отандық ғалым ет жемеуге кеңес берді
Ыстық шайдың денсаулыққа аса қатерлі екені анықталды
Жас ұлғайған сайын уақыт неге зымырай бастайды – ғалымдар зерттеуі
Қант адамның көңіл-күйіне қалай әсер етеді - ғылыми зерттеу
Загрузка...