Қалаулым бағдарламасы

Таста бұл жұмысты: Аша Матай "Қалаулымнан" кетуге мәжбүр екенін мәлімдеді

7364
(Жаңартылды 17:32 10.04.2019)
Аша Матайдың атышулы "Қалаулымнан" кетуіне күйеуі Арман Қоңыров қатты қуанғанын жасырмай айтты

АЛМАТЫ, 10 сәуір – Sputnik. Аша Матай атышулы "Қалаулым" бағдарламасын жүргізбейтінін мәлімдеді. Оның себебін осы бағдарламаға қонақ болып келген тележүргізушінің күйеуі Арман Қоңыров түсіндіріп берді.  

Оның айтуынша, соңғы кездері Аша Матайдың денсаулығы қатты сыр берген. Тіпті, эфирден соң бірден ауруханаға апарған кездері де болыпты.  

"Аша "Қалаулымнан" кетемін" дегенде бөрігімді аспанға атып қуандым. Өйткені 1,5-2 жыл бойы үздіксіз жұмыс істеді, үйде аз болатын. Тікелей эфир деген оңай емес. "Қалаулымда" түрлі жағдайлар болады, эмоцияға қатты беріледі. Соның кесірінен осы арадан тікелей ауруханаға алып кеткен кезім де болды", - дейді әнші. 

Бірақ, оның айтуынша, ауырғанына қарамастан Аша жұмысын әрмен қарай жалғастыра берген.

"Қойшы, таста бұл жұмысты" деп те айттым. Бірақ үнемі бұған құлақ аспайтын. Себебі көрермендері алдында адал ғой. Ақыры осы шешім шықты, мен тек қуаныштымын", - деді ол.

Сөйтсек Аша басқа жерден жайлы қызмет тауып, жұмысын ауыстырып жатыр екен.

"... Қиын жағдай болды. Қатты қиналдым. Өзім үшін, денсаулығым үшін. Бірақ соған қарамастан күнделікті 3 сағат бойы тікелей эфирде көрермендеріммен бірге болып, өзіме артылған жауапкершілікті адал атқарып келдім. Енді осы телеарнадағы басқа жобаға ауысқалы жатырмын. Оны жақында біліп қаларсыздар", - дейді тележүргізуші.  

Өнерлі жұп "Арман мен Аша ажырасып кетіпті" деген сөздің жай ғана сыбыс екенін айта кетті.  

7364
Кілт сөздер:
Аша Матай, Қалаулым
Загрузка...