Қоғам

Нығматулин: миллион теңге жалақы аласыздар да, жарытып жұмыс істемейсіздер

© Photo : пресс-служба парламента Республики КазахстанНұрлан Нығматулин
Нұрлан Нығматулин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин мемлекеттен ақша алып, жұмыс істемей отырған компанияны сынады

НҰР-СҰЛТАН, 10 сәуір – Sputnik. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласындағы компаниялардың бірі мемлекеттен қомақты қаражат алып, жарытып жұмыс істемей отырғанын мәлім етті, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Баспана, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Маған ренжімесін": Нығматулин кімге көңілі толмайтынын айтты
Оның айтуынша, аталған салада қызмет атқаратын компаниялардың жағдайы халық ойлағандай жаман емес.

Мәжілістің жалпы отырысында Нұрлан Нығматулин "Тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы" АҚ басқарма төрағасы Нұрсұлтан Жиенбаевтың жұмысын сынға алды.

"Жиенбаев мырза, аталған саланы модернизациядан өткізу туралы айттыңыз. Сіз басқаратын орталық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мамандарын даярлауы тиіс. Солай емес пе? Ашығын айтқанда, бұл орталықтың жұмысына қатысты сын көп. Ұйым 2010 жылы толықтай мемлекеттің қатысуымен құрылған. Орталықтың 97 қызметкері бар. Тіпті, мемлекеттік органда мұнша қызметкер жоқ", - деді ол.

Сондай-ақ мәжіліс төрағасы компания басшысының орынбасары көп екенін де сынға алды. Оның айтуынша, тіпті, үкімет басшысының өзінде мұнша орынбасар жоқ.

Үй макеті - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Пәтерді қалай тиімді сатып алуға болады - мамандар кеңесі
"Басқарма төрағасының бірнеше орынбасары бар. Премьер-министрге қарағанда, сізде орынбасар көп. Роман Васильевич (Қазақстанның индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр), таңданысымды жасыра алмай отырмын. Мұндағы қызметкерлердің жалақысын да айту керек", - деді Нұрлан Нығматулин.

Мәжіліс спикері компания басшылары мемлекеттен қомақты қаражат алып отырғанын жеткізді.

"Бірінші басшылардың жалақысы - бір миллион теңге, ал қарапайым қызметкерлердің жалақысы - 250 мың теңге. Қомақты жалақы алып отырған осынша адаммен қалай жұмыс істемеуге болады? Менің ойымша, мұндай орталықтың бар екенін білетіндер де аз", - деді төраға.

Сөз соңында Нығматулин Нұрсұлтан Жиенбаевқа жаңа міндеттер жүктелетінін атап өтті. 

"Сіз еліміздегі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы саясатты айқындап, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне көмектесуіңіз керек. Сіз осыған келісесіз бе? Аталған заң жобасы аясында сізге жаңа міндеттер жүктеледі. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығында жұмыс істей алатыныңызды дәлелдеуіңіз керек. Енді сіздің басты міндетіңіз – қызметкерлердің біліктілігін арттыру", - деп түйіндеді сөзін.

Тағы оқыңыз: Нұр-сұлтандағы қымбат үйлердің қорқынышты фотолары жарияланды

Айта кетсек, бүгін Мәжілістің жалпы отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданған болатын.

Жаңалықтар
0