Мәдина Әбілқасымова

Мәдина Әбілқасымова қызметінен неге кетіп қалды бұрынғы басшысы жауап берді

3864
Мадина Әбілқасымова қазір ұлттық банк төрағасының орынбасары қызметін атқарып жүр

НҰР-СҰЛТАН, 11 сәуір – Sputnik. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов орынбасары болған Мәдина Әбілқасымованың неге Ұлттық банкке ауысқанын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, Мәдина Әбілқасымованы ұлттық банк өзі шақырған.

"Бұған дейін Тимур Сүлейменов (бұрынғы ұлттық экономика министрі – Sputnik) ұлттық банкте болғанын білесіздер. Үкіметтегі экономикалық және қаржы блогы арасында өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қажет еді. Енді Тимур Мұратұлы басқа қызметке ауысты. Арада байланыстырушы буын болуы үшін оның орнына басқа вице-министрді әкелу керек болды. Міне, сол себептен осылай жасалды. Ақылға қонымды шешім", - деді Дәленов сенат кулуарында.

Айта кетсек, Мәдина Әбілқасымова ұлттық экономика министрлігінде бір ай да тұрақтамады. 12 наурызда ғана ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалған ол 28 наурызда басқа қызметке ауысты. Қазір Мадина Әбілқасымова – ұлттық банк төрағасының орынбасары.

3864
Кілт сөздер:
Ұлттық банк, Мәдина Әбілқасымова
Тақырып бойынша
Әбілқасымова Астанадағы өрттен кейін бірінші рет БАҚ алдына шықты - видео
Еңбек министрі Мәдина Әбілқасымова қызметінен кетті
Әбілқасымова өзін отставкаға кетсін дегендерге жауап берді
"Кеше барып көңіл айтты": министр Әбілқасымова үкіметке неге келмеді?
Вице-министр бұрынғы басшысы Әбілқасымова қандай адам екенін ашық айтты   
Тоқаев Мәдина Әбілқасымованы басқа қызметке тағайындады
"Лауазымы төмендеді" - министр орынбасары болған Әбілқасымова туралы айтты
Министр Әбілқасымова кімдер зейнетке 53 жасында шығатынын айтты
Халықтың ашуына тиген экс-министр: Мадина Әбілқасымова туралы қызықты деректер
Ұшақ, аспан

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы жанданады

0
Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана жүзеге асырылды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек болатын

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек — Sputnik. Ресей өз аумағына Қазақстан азаматтарының кіруіне рұқсат берді. Шектеу коронавирустың таралуына байланысты енгізілген болатын.

"Қазақстан, Қырғызстан, Беларусь және Корея елдерінің азаматтарына және осы елдерде тұруға ықтиярхаты барларға Ресейге әуе өткізу пунктері арқылы кіруге рұқсат етіледі. Ресейліктер де бұл елдерге емін-еркін бара алады", - делінген Ресей үкіметінің сайтында жарияланған ақпаратта. 

Бұған дейін екі ел арасында репатриациялық рейстер ғана болды. Ол үшін құзырлы органдардың келісімін алу керек еді.

Рейстер аптасына бір рет жүзеге асырылады.

Қазақстан мен Ресей арасындағы әуе қатынасы 21 қыркүйекте жанданады.

0
Роза Рымбаева мен Бақытжан Сағынтаев

Роза Рымбаева Алматының құрметті азаматы атанды

71
"Алматының құрметті азаматы" атағы тоғыз тұрғынға берілді. Сағынтаев олар қаланың қалыптасуы мен дамуына ерекше үлес қосқанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 20 қыркүйек – Sputnik. Қала күнінде Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева "Алматының құрметті азаматы" атағына ие болды.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланың қалыптасуы мен дамуына ерекше үлес қосқан қала тұрғындарының еңбегін атап өтілгенін айтты. 

"Белгілі қоғам мен саяси қайраткерлер, ғылым мен білім, медицина мен мәдениет, кино мен әдебиет саласының қызметкерлері қоғамға қызмет етіп қана қоймай, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етіп, өскелең ұрпақ үшін үлгі болуда", - деп жазды Сағынтаев.

"Алматының құрметті азаматы" атағы Роза Рымбаевамен қатар экономика ғылымдарының докторы  Рахман Алшанов, мемлекеттік және қоғам қайраткері Тұрарбек Асанов, білім саласының ең сіңірген қайраткері Шамша Беркімбаева, Алматы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахан Бижанов, Қазақстанның халық әртісі, актер, кинорежиссер Досхан Жолжақсынов, Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов, медицина ғылымдарының докторы Нина Каюпова және Алматының басты реаниматологы Тілеуберді Қуандықовқа берілді. 

71
Кілт сөздер:
құрметті азаматтар, Алматы, Роза Рымбаева
Тақырып бойынша
"Бәрін Тасқынмен салыстырдым": Роза Рымбаева туралы қызықты деректер
"Әлем елдеріне үлгі боларлық дүние": Тоқаев Роза Рымбаеваға алғыс айтты
"Бала-шағамды зейнетақымен асырап отырмын": Роза Рымбаева карантиндегі өмірі жайлы
"7500 теңге таратамыз": Роза Рымбаеваның ұлы желіде тараған ақпарат туралы жазды  
Роза Рымбаеваның ұлы үйленді: қызын ұзатқан отбасыға айыппұл салынды