Құбылмалы ауа райы, архивтегі фото

Қазақстанда күн суытады үш күнге ауа райы болжамы

3471
(Жаңартылды 15:03 12.04.2019)
Синоптиктер 2019 жылдың 13-15 сәуіріне болжам жасады

НҰР-СҰЛТАН, 12 сәуір – Sputnik. Қазақстанда ұзақ мерзімді жылы ауа райынан кейін күн бұзылады, деп хабарлады "Казгидромет" РМК.

Еліміздің солтүстігінде бір аптаға жуық жауын-шашынсыз және жылы ауа райымен байланысты болған антициклон құлдырайды. Оның орнына Орал аймағынан суық арктикалық фронттар келіп, ауа райы жауын-шашынды болады, жаңбыр, жылбысқа қар жауып, ауа температурасы төмендейді деп болжанып отыр.

Демалыс күндері оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарда ауа райы қысқа мерзімге жауын-шашынсыз, жылы болады. Бірақ дүйсенбі күні бұл аймақтарда да өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел тұрады.

3471
Кілт сөздер:
жаңбыр, қар, ауа райы болжамы
Тақырып бойынша
Синоптиктер алдағы жарты жылға болжам жасады
Загрузка...