Қоғам

Назарбаев, Тоқаев пен елорда әкімі қайда дауыс береді

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
18 сәуірден бастап азаматтарды сайлау учаскелеріне тіркеу науқаны басталады

НҰР-СҰЛТАН, 15 сәуір — Sputnik. Елорда әкімдігі Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен қала әкімі Бақыт Сұлтановтың сайлау учаскелері тізімінде бар-жоғын тексереді. Бұл туралы брифингте елорда әкімі аппараты жетекшісінің орынбасары Азамат Ахмеджанов мәлімдеді.

Заң ғылымдарының докторы Сергей Ударцев  - Sputnik Қазақстан
Саясат
"Ұзаққа созуға болмайды" Заңгер сайлаудың неге мерзімінен бұрын өтетінін түсіндірді
Елордада 18 сәуірден бастап азаматтарды сайлау учаскелеріне тіркеу науқаны басталады.

Азамат Ахмеджанов журналистердің Қазақстан президенті мен Нұр-Сұлтан әкімі қай сайлау учаскесінде дауыс береді деген сұрағына "қазір сайлау учаскелерінде бар-жоғын анықтау және мекен-жайларды тексеру мәселесі пысықталып жатыр" деп жауап берді.

"Бәрінің құқығы тең болады. Әрбір азамат, тіпті біздің президент те нақты мекенжай бойынша тіркелген. Тиісінше, бұл мекенжай сайлау учаскесіне тіркеледі. Біз базаны көтеріп, оның тіркелген жерін табуымыз керек, сонда ол қай сайлау учаскесіне қарайтынын білеміз", - деп хабарлады елорда әкімдігінің өкілі.

Бұған дейін елорда әкімшілігі еріктілер мен полиция қызметкерлері сайлаушылардың деректерін тексеру үшін аулаларды аралауды бастағанын хабарлаған еді. Сонымен қатар әрбір астаналық egov.kz электронды үкімет порталы арқылы  немесе "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында тіркеуін және мекенжайы туралы ақпаратты тексере алады.

Тоғызыншы сәуірде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылдың 9 маусымында президент сайлауы өтетінін жариялады.  

Жаңалықтар
0