Қоғам

"Әлмерек атамын деді" Тылсым құдіреттің күшімен дертінен айыққан орыс қызының әңгімесі

© Photo : СС0 / Free-PhotosҚыз
Қыз - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Күн санап солып, әбден титықтаған орыс қызы 2018 жылдың ортасында ерекше түс көреді. Оған Әлмерек бабаның өзі аян беріпті

АЛМАТЫ, 18 сәуір – Sputnik, Кәмшат Сатиева. Анорексияға ұшырап, тылсым құдіреттің күшімен аяғынан тік тұра алған алматылық Ольга Лысенко Sputnik Қазақстан тілшісіне басынан өткен жағдайды баяндап берді.

Қыз - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Әр түні осы" Адам төзгісіз жағдайға тап болған алматылық әйелдің әңгімесі
Тұрса басы айналып, ішкенінің бәрін құсып, іші де тоқтамай, жарты жылдың ішінде 12 келі тастаған Ольга әбден шарасыз күйге түскенде, ерекше түс көргенін айтады. Орыс қыздың түсіне енген қария өзін Әлмерек бабамын деп таныстырыпты. Осы түстің арқасында Оля тамыршы, мануальды терапевт  Сәуле Муралиеваға жолығып, дертіне ем тапқан.

Ал оған дейін бір жарым жыл бойы дәрігерлер қарауында болған Оляға ешқайсысы дұрыс диагноз да, дұрыс ем де тағайындай алмаған. Салдарынан қыздың денсаулығы күн санап нашарлап, ақырында құр сүйегі қалған ол есік алдындағы дүкеннің өзіне бара алмайтын халге жетіпті.

Бәрі қалай басталды?

"2016 жылы менде диарея болды. Бәрі осы іш өтуден басталды. Алғаш рет дәрігерге қаралғанда, олар бауырда өзгерістер бар деп соған сай ем белгіледі. Бірақ ол еш көмектескен жоқ. Оған артынан жүрек айну, құсу, асқазандағы қыжыл, бас айналу сынды белгілер қосылды.

Тағы оқыңыз: "Көрпенің арасына тығамын": шымкенттік әйел 12 баласын үй иесінен қалай жасырғанын айтты

Мен тек арпа ботқасын, сорпа ғана іше алатын болдым. Онда да татып қана аламын. Сөйтіп жарты жылда 12 келі тастадым. Өз салмағым 54 келі еді, ақыры 42 келі боп қалдым", - дейді ол.

© Photo : Ольга Лысенконың жеке мұрағатынан Анорексияны жеңген Ольга Лысенко
Әлмерек атамын деді Тылсым құдіреттің күшімен дертінен айыққан орыс қызының әңгімесі - Sputnik Қазақстан
Анорексияны жеңген Ольга Лысенко

Күн санап солған қыз өздігінен есік алдына шыға алмайтын болған. Дәрігерлер де өз қарауындағы Оляның жағдайына алаңдап, 2017 жылдың наурыз айынан бастап желтоқсанға дейін бүкіл ағзасын тексеруден өткізеді. Барлық сараптаманы қолға алады, тіпті обыр дертіне күдіктеніп, оны да тексерген. Әр сараптама нәтижесі әр кез қойылған диагнозды жоққа шығарып отырған.

Тағы оқыңыз: "Құл секілді ұстады" Төрт күйеуінен де талақ естіген шымкенттік әйелдің жанайқайы

"Олар біресе диарея деді, біресе "нервіден" деді. Бірақ дәрігер қойған диагноздардың ешқайсысы анализ сараптамасы нәтижесімен нақтыланбады.  Ине салды, антибиотик берді, депрессияға қарсы дәрілер де берді, бірақ ешқайсысы маған көмектескен жоқ", - дейді Ольга.

Әлмерек баба аян берген

Осылайша әбден тығырыққа тірелген орыс қызы 2018 жылдың ортасында ерекше түс көреді. Оған Әлмерек бабаның өзі аян беріпті.

"Менің түсіме бір ата кірді. Әлмерек атамын деді. Қасиетті бұлақ көзі бар, соған бар деді маған. Ап-анық айтты. Әрі үлкен кісі екен. Содан интернетті шарлап, іздеп көрдім. Сөйтсем, ол қала сыртында Покровка елді мекенінде орналасқан екен. Ал мен Алғабаста тұрамын. Ол кезде көлікпен де жүре алмайтын едім. Содан бара алмадым", - дейді алматылық қыз.

Бірақ интернеттен Әлмерек бабаның батасын алған Сәуле деген массажист туралы мақаланы көзі шалады. Хабарласса, ол кісі өз үйінен 200 метр жерде тұрады екен. Содан түсім бекер емес, бұл кісінің мәліметін де кездейсоқ кездестірмеген шығармын деген ой Оляны мануальды терапевтке алып келеді. Оля бұл кісінің қарауында 11 ай емделіп жатқанын, қазір денсаулығы жақсарып, тіпті үш келі қосқанын да айтады.

Тағы оқыңыз: "Жеңімнен жұлқылады": белгісіз ұшатын нысанды көрген алматылық жігіттің әңгімесі 

"Сәуле апай маған бірден анорексия, қан айналымының нашарлауы деген екі диагноз қойды. Сөйтіп сол бойынша ем тағайындады. Ол кісінің емі – массаж. Онда да ол жәй уқалау емес, нерв нүктелерімен жұмыс істейді. Ұйықтап қалатын, бітеліп қалатын нерв нүктелері болады екен. Ол кісі соны тамырды ұстау арқылы анықтап, массажбен жояды", - дейді ол.

© Sputnik / Тимур БатыршинӘлмерек баба кесенесі
Әлмерек атамын деді Тылсым құдіреттің күшімен дертінен айыққан орыс қызының әңгімесі - Sputnik Қазақстан
Әлмерек баба кесенесі

Орыс қызының қазіргі жағдайы

Бірінші күнгі емнен соң, көлікке отыра алатын болған, яғни жүрегі айнығанын қойыпты. Екі аптадан соң құсуы күрт тыйылған. Екі айдан соң күнде қабылдайтын қан қысымына арналған дәріні тастаған. Осы кезде үлкен дәреті де жақсарған. Асқазанға арналған дәріні де қабылдауды қойыпты. Соңғы кездері қыз күш-қайратының қалпына келе бастағанын аңғарған. Содан салмағын өлшеп қараса, үш келі қосқанын көріп, қатты қуанады.

Тағы оқыңыз: Кәрі қыздардың бағын ашатын "Қыз әулие" туралы не білеміз – фото

"Мен дәрісіз тамақ іше алмайтынмын. Кез келген уақытта қан қысымым көтерілетін. Дәрісіз жүре алмайтын едім. Айына тек дәрінің өзіне 60-100 мың теңге жұмсап қоятынмын. Оның өзінде олар көмектеспейтін еді. Осы тозақтан құтылғаныма Құдайыма мың шүкір айтамын. Атаның басына да барып, тәу етіп қайттым өткенде. Қазақта әулие кісілер көп екен ғой, бұл туралы мен бірінші рет біліп отырмын", - дейді Алматы тұрғыны.

Тағы оқыңыз: Түркістандағы киелі құдықтың шырақшысы өзі куә болған тылсым күш туралы айтты

Жаңалықтар
0