Ақорда алдында

Президент сайлауына түсетін кандидаттар 107 түрлі жүйке дертіне тексеріледі

219
Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева айтқандай, президенттікке кандидаттар жүйке дертіне шалдықпағанын тексеретін тест тапсырады

НҰР-СҰЛТАН, 19 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенттігіне ұсынылатын кандидаттар 107 түрлі жүйке дертіне тексеріледі, деп хабарлады денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева.

Президент сайлауы 2019: үкімет ОСК сұраған 12 миллиард теңгені азайтты

Министр орынбасарының айтуынша, жүйке ауруына шалдыққан адамның ойлау жүйесінде, есте сақтау қабілетінде кемістік болады және өзіне де, айналасындағыларға да қауіп төндіруі мүмкін.

Дариға Назарбаева кезектен тыс президент сайлауы туралы не ойлайды?

Психикалық дерттердің тізімі: кофеин, кокаин, галлюциногендер, ұшпалы еріткіштер және басқа стимуляторларды пайдалану салдарынан психика мен мінез-құлықтағы өзгерістер, шизофренияның әртүрлі формалары, тұлға ретінде бұзылу және басқалары.

Президент сайлауы: кандидаттың қазақ тілін білетіні қалай тексеріледі?

"Жалпы айтқанда, бұл аурулар сандырақтау, галлюцинация, ақыл-ой және есте сақтау қабілетіндегі кемістікпен байланысты. Диагноз қоюда тұқым қуалау факторы да ескерілуі мүмкін, бірақ диагноз қойғанда дәрігер науқаста байқалған белгілерге сүйенеді", - деп хабарлады вице-министр.

Орталық сайлау комиссиясы бекіткен ережелерге сәйкес сайлауға түскісі келетін барлық кандидат міндетті медициналық куәландырудан өтеді.

Қазақстандағы президент сайлауы

Қазақстанда 9 маусымда кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Мемлекет басшысы лауазымына кандидаттарды ұсыну 10 сәуірден басталып, 28 сәуірге дейін созылады. Кандидаттар 11 мамырға дейін тіркеледі. Әр кандидат қолдау ретінде 118 140 сенімді сайлаушының қолын жинауы тиіс.

Президент сайлауы: бір партия кандидат ұсынбайтын болды

219
Кілт сөздер:
президент сайлауы
Тақырып:
Президент сайлауы - 2019 (176)
Тақырып бойынша
"Ешқандай жауап жоқ" Орталық сайлау комиссиясы бір партияны "жоғалтып алды"
Назарбаевтың бұрынғы қарсыласы сайлауға түсуге дайын екенін айтты
"Ұзаққа созуға болмайды" Заңгер сайлаудың неге мерзімінен бұрын өтетінін түсіндірді
Президент сайлауы: үкімет 12 млрд теңгені неге азайтты?
Қазақстан партиялары өз кандидатының аты-жөнін қашан жариялайды?
Заңгер: Тоқаевтың БҰҰ-дағы қызметі сайлауға түсуге кедергі болмайды
Загрузка...