Мырзатай Жолдасбеков

Жолдасбеков президенттікке үміткерге қандай жағдайда "2" қойылатынын айтты

1005
Лингвистикалық комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков президенттікке үміткерлердің мемлекеттік тілді білу деңгейі қалай анықталатынын айтып берді

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті сайлауына түсетін кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергенін анықтайтын емтихан 3 кезеңнен тұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Емтихан қалай өтеді?

"Бірінші кезеңде үміткер лингвистикалық комиссия ұсынған тақырыпқа жазбаша жұмыс тапсырады. Ол 2 беттен аспауы керек, оны жазуға 1 сағат уақыт беріледі. Егер үміткер 1 сағатта жазып бітіре алмаса, комиссия ақылдаса келе, оған қосымша жарты сағат бере алады. Комиссия мүшелері жұмысты мұқият тексереді әрі әріп қатесін, тыныс белгілерін қадағалайды. Мәселен, шығармадан 8 орфографиялық қате табылса, оған "2" деген баға қойылады", - деді Қазақстан президентіне кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссия төрағасы Мырзатай Жолдасбеков Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте.

Президенттікке кандидаттар қандай әдеби шығармалар бойынша емтихан тапсырады?

Сонымен қатар ол екінші кезеңде үміткер комиссия ұсынған көлемі үш беттен аспайтын мәтінді оқитынын атап өтті. Оның айтуынша, бұл кітаптардың тізімі бекітілген.

Президент сайлауы қандай кезеңдерден тұрады?

"Оқитын кітаптарды бекіттік. Бұл – қазақ ақын-жазушыларының кітабы. Сол кітапты қолма-қол төраға ұсынысымен таңдап алады да, 15 минут үзінді оқиды. Қалай оқитынын қарап отырамыз. Президент болатын қайраткер мемлекеттік тілде еркін оқи алуы шарт. Үшінші кезеңде үміткер сөз сөйлейді. Оның да тақырыбы бекітілген, ол конвертке салынып, үміткерге беріледі. Үміткер сол тақырып бойынша сөз сөйлеуі қажет. Тақырыпты тереңірек ашу үшін үміткерлерге қосымша сұрақтар қоюымыз мүмкін", - деді Мырзатай Жолдасбеков.

Қазақстан партиялары кандидаттардың аты-жөнін қашан жариялайды?

Лингвистикалық комиссия төрағасының пікірінше, президенттікке үміткер қазақ халқының тарихын, мәдениетін, жетістіктерін жақсы білуі керек.

"Емтиханды қорытындылап, қолымызды қоямыз. Емтихан нәтижесі Орталық сайлау комиссиясына тапсырылады", - деді ол.

ОСК Тасмағамбетовтің сайлауға түсуіне қатысты жауап берді

Емтихан қабылдайтын комиссия

Айта кетесек, 19 сәуірде Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауында ҚР президенттігіне кандидаттардың мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін анықтау жөніндегі лингвистикалық комиссия құрылғанын хабарлаған. Оның құрамына Мырзатай Жолдасбеков, Әділ Ахметов, Ғарифолла Есім, Сейіт Қасқабасов, Гүлтас Құрманбай, Ерден Қажыбек енді.

Президент сайлауына кім қатыса алмайды?

Қазақстандағы президент сайлауы

2019 жылдың 9 маусымында Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді. Президенттікке кандидаттарды ұсыну 28 сәуірге дейін жалғасады. Үміткерлерді елімізде ресми тіркелген партиялар мен республикалық қоғамдық бірлестіктер ұсынуға құқылы.

1005
Кілт сөздер:
емтихан, президент сайлауы, Қазақстан
Тақырып:
Президент сайлауы - 2019 (176)
Көлікке тиелген табыт

Нұр-Сұлтанда крематорий салынады

399
Крематорийді 2022 жылы пайдалануға беру жоспарланып отыр. Ал нысан құрылысына 1,5 миллиард теңге бөлінеді

АЛМАТЫ, 10 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 3,6 миллион долларға зираты бар крематорий салынады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы "Ашық бюджеттер" порталында хабарланды.

Зираты бар крематорий құрылысы биыл басталады. Ал нысан 2022 жылы пайдалануға беріледі. Жобаны жүзеге асыру Нұр-Сұлтан қаласының құрылыс басқармасы мен ведомство басшысы Сәкен Сәрсенғалиевқа жүктелді.

"Құрылысқа жергілікті және республикалық бюджеттен 1 миллиард 519 миллион 285 мың теңге немесе 3,6 миллион доллар бөлінеді. Жобаның мақсаты – дәстүрлі жерлеу орындары бар зираттардың аумағын азайту", - делінген хабарламада.

Жоба 5 тамызда жарияланды, көпшілік талқылауы 19 тамызда аяқталады. 11 тамыздағы жағдай бойынша ешкім жобаны қолдап немесе қарсы екенін айтып  дауыс берген жоқ.

Алматыдағы крематорий

Айта кетейік, крематорий құрылысына қатысты жоспар осы жылдың маусым айында хабарланған болатын. Сол кезде әділет министрлігі алғашқы крематорийлер Алматы мен Нұр-Сұлтанда пайда болатынын айтты. Төтенше жағдай кезінде мемлекеттік комиссия ведомствоға Қазақстанның мегаполистерінде крематорий салу мақсатында бюджеттік өтінімді әзірлеуді және енгізуді тапсырды.

Алматы мемлекеттік активтер басқармасында құрылысқа тендер жарияланды.

Техникалық ерекшелік бөлігінде болашақ тапсырысты орындаушы жергілікті жердің сейсмикалық ерекшеліктерін ескеруі қажет екені көрсетілген.

Оқи отырыңыз: Назарбаев: өмірден түңілсеңіз, зират басына барыңыз

Крематорийді екі пеші бар бір орынды етіп жасау жоспарланып отыр. Сонымен қатар әкімшілік нысандарда ауаны желдету, ішкі және сыртқы бейнебақылау жүйесін орнату қажет.

399
Кілт сөздер:
жерлеу, зират
Тақырып бойынша
"Жерлеу құны 500 мың теңге": Қарағанды облысының әкімі жағдайды түсіндірді  
Мүфтият жаназа мен жерлеу талаптарын жариялады
Қашан және Астананың қай жерінде жаңа зират пайда болады
Қостанайда "зират қиратылды" деп ақпарат таратқан әйел жазаға тартылады
"Жаны жай таппаған": астанада зират үстіндегі үйлерді елес кезіп жүргені рас па?
Планшет, оқушы

"Көмектесуді сұраймыз": Қазақстанда қайырымдылық акциясы басталды

80
(Жаңартылды 17:45 11.08.2020)
Қазақстанда оқушыларға компьютер таратуға арналған қайырымдылық акциясы басталды. Республикалық акция аясында ақша аударуға немесе үйде тұрған артық техниканы тапсыруға болады 

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі "OQY'SHYNY QOLDA!" республикалық қайырымдылық акциясының басталғанын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Балалар құқығын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Иманғалиевтің айтуынша, акция аясында демеушілік қаржыға компьютер, планшет пен ноутбуктар сатып алынады. Сосын нақты санатқа кіретін оқушыларға уақытша пайдалануға беріледі. 

"Біз барлық қазақстандықтардан және кәсіпорындардан, компаниялар мен ұйымдардан акцияға қатысуға және балаларға қашықтан оқуға көмектесуді сұраймыз", - деді Иманғалиев.

Оның сөзіне қарағанда, демеушілер мен меценаттардың ақшасына сатып алынатын компьютерлік техника алдымен ерекше қажеттілігі бар балалар мен жетімдерге беріледі. Одан кейін атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларына, мүгедек ата-анасы бар балаларға, сондай-ақ, көпбалалы отбасыдан шыққан балаларға таратылады. Ауылдың балаларына да беріледі. Бүгінде министрлік 20 мың баланың тізімін бекітіп берді. 

"Атамекен" ҰКП мен "Менің Атамекенім" қоғамдық бірлестігі де қайырымдылық акциясын іске асыруға көмектеседі.

Арнайы сайт ашылды 

Барлық демеушілік көмек www.qoldau.edu.kz арқылы қабылданады. Ал сатып алынған техника мектептерге тапсырылады. Сайтта баланың жеке сәйкестендіру нөмірінің соңғы алты цифрын енгізіп, компьютерді ала ма, жоқ па, соны тексеруге де болады. 

"Менің Атамекенім" қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры Ләззат Шынқысбаеваның айтуынша, сайтта барлық реквизиттер көрсетілген. Соған ақша аударуға болады. Демеушілер өз мектебін де таңдай алады. Үйде тұрған артық компьютерлік техниканы да тапсыруға болады. 

"Мектепті таңдағаннан кейін техникаға мұқтаж балалардың тізімі шығады. Ал үйде тұрған артық техниканы беремін десеңіз, сайтта көрсетілген байланыс орталығына хабарласуға болады. Біз серіктестерді бірлесіп жұмыс істеуге шақырамыз. Мүмкіндік болса, қолданылған компьютерді бір жерге жинаймыз да, жөндеп, қалпына келтіреміз. Сөйтіп, мектептерге тапсырамыз", - деді ол.  

Министрдің уәдесі 

Биыл жаңа оқу жылы қашықтан оқыту форматында басталады. Дегенмен, бүгінде компьютерлік техниканың тапшылығы өзекті болып тұр. Мәселен, қолында ешқандай құрылғысы жоқ балалардың өзі аз емес. Олардың саны 185 мың адамнан асады. Әсіресе, көпбалалы, жағдайы төмен және жетім балаларды қажетті техникамен қамтамасыз ету мәселесі өзекті болып тұр.

Министр 1 қыркүйекке дейін 500 мың компьютер таратуға уәде берген. Соның бәрі балаларға мүлікті тапсыру актілерімен таратылады. Бұдан бөлек, 24 мың мұғалімде техника жоқ. Оларға мектеп техникасы уақытша беріледі. 

Оқушыларға арналған техниканың ақшасы ұрланды 

Өткен аптаның соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Батыс Қазақстан облысында төтенше жағдай кезінде оқушыларға ноутбук сатып алуға бөлінген қаржының ұрланған хабарлады. 

Ресми мәліметке сәйкес, "БҚО Қаратөбе ауданының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің лауазымды тұлғалары мамыр айында Қазақстан аумағында төтенше жағдай енгізілген кезде мердігерлік ұйымның бір топ адамымен бірлесіп, 100 дана ноутбук сатып алуға бөлінген 6 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталып отыр.

 

80
Кілт сөздер:
қайырымдылық, компьютер, оқушы
Тақырып бойынша
"Ашық айтуымыз керек": білім министрі үкіметте маңызды мәселені көтерді
Тоқаев білім министріне ұстаздарға қатысты екі маңызды тапсырма берді
Аймағамбетов жаңа оқу жылында білім алудың ерекшеліктерін атады
Аймағамбетов білім саласында қандай өзгерістер болатынын жариялады
Білім министрі ұстаздарға хат жолдады
Евгений Примаков

Россотрудничество жаңа жобаларды қолға алады Примаков

0
Бұл жоғары оқу орындарында оқуға берілетін квоталар ғана емес, өзге де білім жобалары болатыны айтылып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз — Sputnik. Россотрудничество білім саласында жаңа жобаларды қолға алады. Бұл туралы ТМД істері жөніндегі федералды агенттіктің жетекшісі Евгений Примаков айтты.

"Білім саласында тың жобалар болады. Білім халықаралық дамуға қолдау көрсетудің маңызды салаларының бірі. Ресейдің ЖОО-лары беретін білім, әсіресе, ТМД елдерінде бәсекеге қабілетті", - деді ол. 

Оның айтуынша, білім жаңа мүмкіндіктер ашады.

"Көптеген адам үшін шет тілі әлеуметтік және экономикалық мүмкіндік ашатын біліктілік. Бұл дұрыс", - деді Примаков. 

Сондай-ақ, ол алдағы уақытта ресейлік тарап ұсынатын квоталар екі есеге артатынын жеткізді.

0