Архивтегі фото

Сайлауда екі жерде тіркелген азаматтар қалай дауыс береді?

94
Орталық сайлау комиссиясының мәліметіне сәйкес, Қазақстанда 324 мыңнан астам адам екі жерде тіркелген

НҰР-СҰЛТАН, 22 сәуір – Sputnik. Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров екі жерде тіркелген азаматтардың қалай дауыс беретінін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Президентке кандидаттар 107 түрлі жүйке дертіне тексеріледі 
"Ішкі істер министрлігі берген мәліметке сәйкес, осы жылдың 15 сәуіріне дейін 324 мың 751 қазақстандық екі жерде тіркелген: тұрақты және уақытша. Қазақстанның сайлау туралы заңы бойынша азаматтың аты бір ғана сайлау учаскесінің тізімінде болуы қажет", - дейді Константин Петров.

Сондықтан тұрақты және уақытша тіркелген азамат сайлау басталарға бір ай қалған кезде өзін сайлаушылар тізіміне енгізуін талап етіп, өзі дауыс бергісі келетін жердің әкімдігіне өтініш жазуы қажет.

Ертең Назарбаев Nur Otan-нан президент сайлауына кім түсетінін айтады

"Егер дауыс беруші сайлауға 30 күн қалғанға дейін немесе 10 мамырға дейін тіркелген жеріне дауыс беруге келе алмайтыны белгілі болса, ол жергілікті атқарушы органға сайлаушылар тізіміне енгізу туралы жазбаша өтініш беруі керек. Жергілікті атқарушы орган бұл азаматты тіркелген жеріндегі сайлаушылар тізімінен алып тастап, оны өзі дауыс беретін учаскеге тіркейді", - деп түйіндеді сөзін орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары.

Айта кетейік, 2019 жылдың 9 маусымында Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтеді.

94
Кілт сөздер:
тіркеу, уақытша тіркеу, президент сайлауы
Тақырып бойынша
Нұрлан Қоянбаев президент сайлауына түсе ме? Есен Елеукен жауап берді  
"Бірлік" партиясы президент сайлауына қатысудан бас тартты
Жолдасбеков президенттікке үміткерге қандай жағдайда "2" қойылатынын айтты
Сапарбаев: Сайлауға кем дегенде 500 мың мүмкіндігі шектеулі азамат қатысуы тиіс
Загрузка...