Человек в капюшоне

Әбден қылқындырды: Үш рет "өліп-тірілген" тараздық келіншектің әңгімесі

3791
Жадыра Қалданқызы өзін о дүниеден қайтарып алудың амалын білетінін айтады

АЛМАТЫ, 23 сәуір – Sputnik. 37 жастағы тараздық Жадыра Қалданқызы "Кеш қалмайық" бағдарламасында өзінің ғажайып қасиеті жайлы айтып берді.    

Өмірінде үш рет "өліп-тірілген"  

Тараздық келіншектің сөзіне қарағанда, үш жыл қатарынан, атап айтқанда, 2015, 2016, 2017 жылдары клиникалық өлімге тап болған. Әсіресе 2016 жылғы оқиға Жадыраның есінен кетпейді. Өйткені бұл жолы ол 20 минут бойы бұл өмірге орала алмай, өліммен арпалысқан.

Қазақстандық белгілі кәсіпкер ажалын өз көзімен көргенін айтты 

"2016 жылы суы шипалы деген соң ем іздеп Қошқар атаға бардым. Оған дейін екі рет ауруханаға жатып шыққан едім. Біріншісінде аяқ-қолым ісінсе, екіншісінде көзім көрмей қалған. Сол кезде суға екі рет басымды тығып, жағаға шыққаным сол екен, тағы да құладым. Ұзақ денеме орала алмадым ", - дейді екінші клиникалық өлімі жайлы тараздық келіншек.   

Ол кезде Жадыраның жанында әпкесі Айсұлу болған екен.

"Жаным жеп-жеңіл болып көкке ұшты. Бір уақытта қарасам, бес домалақ, құйрығы бар майда-майда қара адам келе жатыр. Екеуі екі аяғыма, тағы екеуі екі қолыма, тағы бірі тамағыма мініп, әбден қылқындырды. Бір уақытта Жадыра деген дауысты естідім, көзімді ашып қарасам әпкем Айсұлудың қолы тұр екен, соны ұстаған сәтте есімді жинадым", - деп еске алады ол өмір мен өлім арасында арпалысқан сәтін.

Бір қызығы, Жадыра о дүниеден өзін қалай қайтарып алудың амалын біледі екен. Сондықтан ол тәсілді алдын ала қасындағыларға үнемі айтып, ескертіп қоятын көрінеді. Мұны сол Қошқар атаға барған кезде ойына түйіп алыпты. Бұл туралы Жадыраның әпкесі Айсұлу Қалданқызы айтып берді.

"Бәріміз шулап, жүгіріп кеттік. Жадыраның бетіне үңілсем, екі көзі қылиланып кетіпті, аяқ-қолы мұздай. Біреу, тіпті жүрегін тыңдап көріп, "тынды" деді. Шошып кеттік. Сол кезде екі шырақшы келіп, оны екі қолтығынан көтеріп, ұрды да құлағына айқайлады.

Біреуі құлағына көп сыбырлады. Құран оқыды ғой деймін. Ал екіншісі желкесінен ұра берді. Дәрігер 20 минуттан соң келді. Соның алдында ғана Жанар саусақтарын қимылдатып, тірі екенін байқатты", - дейді ол.

Осы жағдайдан соң келіншек естен танған кезінде желкесінен ұрып, аяқ-қолын уқалау дұрыс болады деп шешкен.

Жадыра өмірінде не болатынын алдын ала біледі

Жадыра дәрігерлерге қаралып, суықтан немесе суық судан аллергиясы бар екеніне көз жеткізген. Сондықтан да үш жағдайда да ол суық суға түсемін деп өліп қала жаздаған. Дегенмен келіншек осы дерт пайда болғанға дейін өзінің бойынан ерекше қасиетті байқағанын айтады. Сөйтсе оған бала кезінен үлкен кісілер түсіне кіріп, аян беретін болған. Жадыра өз басында болатын жағдайды  алдын ала түсінде көріп, біліп алатынын айтады.

Үш баланың анасы үйіндегі бақылау камерасына тылсым елестің түсіп қалғанын хабарлады

"Мысалы, үйге кім келеді, соны алдын ала білемін. Адамды қазір үшкіретін болғанмын, көбіне олар жазылып кетеді. Көзім көрмей ауруханада жатқанда палатаға бір апа келді. Сенбі-жексенбі күндері болатын. Ол кісіге дүйсенбі ота жасайтын болған. Содан қолқалаған соң жексенбі күні ол кісінің көзіне үш рет түкіріп бердім. Дүйсенбі дәрігерлер оны алып кеткен, бір уақытта киім-кешегін жинап келді де, маған рақмет айтып кетіп қалды. Сөйтсе өткізген анализдерінің бәрі жақсы болып, ота жасалмайтын болыпты. Сол секілді жағдайлар көп, бірақ мен онымен тұрақты шұғылданбаймын. Тек ел өтініш жасаса ғана", - дейді ол. 

Дәрігерлер не дейді? 

Бағдарламаға қатысқан реаниматолог дәрігер Есенай Бақытжанұлы тараздық келіншектің бастан кешкенін клиникалық өлім деп санамайтынын айтты. Өйткені клиникалық өлім 5 минуттан ары аспайды екен. Ал Жадыраның жағдайында ол 20 минутқа созылған.

"Медицина тілінде, синкопиялық хал-күй, синкопиялық талу деген болады. Былайша айтқанда, есті жоғалту. Ол кісінің жүрегі тоқтаған жоқ, қан қысымы төмендегенде есін жоғалтты. Ал клиникалық өлім әдетте 5 минутқа созылады. 5 минуттан кейін миға қан бармаса, онда ол адам өледі не болмаса комаға түседі", - дейді ол.

Ал ол кісінің көргендерін дәрігер былай деп түсіндірді:

"Менің түсінігімде, бұл кісінің суыққа аллергиясы бар. Анафилактикалық шок болған. Ондай кезде қан тамырлары кеңейіп, адамның қан қысымы күрт төмендеп кетеді. Сөйтіп миға қан бармай, адам есін жоғалтады. Сол кезде адамдар "ұштық" деп айтып жатады. Ал медицина тілімен айтсақ, мидың қыртысына қан жетпегенде көздің көру нерві зақымданып, көз алдында қараңғы дәліз пайда болады. Соны қараңғы дәлізбен жүрдім деп те айтады мұндайда адамдар", - дейді ол.

Қыз үйіндегі бақылау камераға түсірілген видеоны көріп жан ұшыра айғайлады

Ал осы бағдарламаға қатысқан емші Серғали Сейітбаттал Жадыраның иесі бар екенін айтады. Оны келіншектің шаршаңқы түрінен байқап отырған.

"Ие қонғанда адамды мазалай бастайды. Суыққа аллергиясы өз алдына, одан бөлек нәрселерді де бұл кісі жасырып айтпай отырған секілді. Ұйқысы дұрыс емес, көрініп тұр ғой. Демек, иесі үнемі мазалайды. Сол иесі қаламайтын нәрселерді жасаса, расында адамның өліп кетуі мүмкін", - дейді ол.

3791
Кілт сөздер:
тылсым оқиға, келіншек, Тараз
Загрузка...