Мечеть Хазрет Султан

Биылғы пітір садақа мөлшері бекітілді

9645
(Жаңартылды 09:30 28.04.2019)
Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады

НҰР-СҰЛТАН, 26 сәуір — Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы биыл Рамазан айында берілетін пітір садақа мөлшерін бекітті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Пітір садақаның мөлшері – 300 теңге. Бұл - пітір садақаның ең төменгі мөлшері. Бұл мөлшерден артық беруге де болады", - деді діни басқармадағылар. 

Айта кетейік, былтыр да пітір садақа осы мөлшерде болған еді. 

Пітір садақасы жайлы

Пітір сөзі араб тілінде "жаратылыс" деген мағынаға саяды, сол себепті кей ғұламалар пітірді "дененің зекеті" деп атаған. Пітір садақасы - күнделікті қолданыстағы негізгі қажеттіліктерден тыс, кем дегенде, нисап көлеміндегі байлыққа ие адамға міндетті садақа. Шариғаттағы үкімі – уәжіп. Рамазан оразасы парыз етілген жылы пітір садақасы да  уәжіп етілді. Шариғатымызда аталмыш садақаны Ораза айт намазына дейін берілгені дұрыс. 

Тағы оқыңыз: Садақа берудің осы дүниедегі және ақыреттегі 10 пайдасы

Пітір садақасы кімдерге уәжіп?

Айт күні таң атысымен пітір садақасын беру уәжіп болғандықтан, бұл уақыттан бұрын дүниеден өтіп кеткен адамдар үшін міндет емес. Ал, осы уақыттан кейін қайтса, дүниеден өткен адамның туыстары артында қалған малынан өтейді.

Сол сияқты таң атпай дүние есігін ашқан сәбиге пітір садақасы - уәжіп. Таң атқаннан кейін туған балаға – міндет емес. Бір мұсылманның пітір садақасы мұқтаж бір адамға беріледі. Бірақ бір адамның пітір садақасын бірнеше адамға бөліп беруге болмайды. Бірнеше адамның садақасын біріктіріп, тек қана бір мұқтаж отбасына беруге болады.

Пітір садақасынан жиналған дүниені, ең алдымен жергілікті жердегі әлеуметтік әлжуаз, мұқтаж адамдарға берілуі тиіс. Жергілікті жерде садақаға мұқтаж адамдар бола тұра, басқа жердегі мұқтаждарға үлестіріп беру - мәкруһ.

Бір ай бойы қиыншылықпен ұсталған оразаның қабыл болуына да осы садақа себеп болады. Осы себепті де ғалымдарымыз пітір садақасының абзалдығына тоқталып, шамасы жеткен әр мұсылман беру керектігін баса айтып өткен.

Рамазан айы - 2019

2019 жылы мұсылман қауым асыға күтетін Рамазан айы 6 мамыр күні басталып, 4 маусымда аяқталады. Қадір түні 31 мамырдан 1 маусымға ауған түн — Қасиетті жұмаға түсіп отыр. 5 маусым күні Ораза айт мейрамы басталады. Құрбан айт 11-13 тамыз күндеріне түсіп тұр.

9645
Кілт сөздер:
ораза, рамазан айы, пітір садақа
Тақырып бойынша
Рамазан айында мешіттен садақа қорабы ұрланды
Исламда қандай сөздерді қалжыңдап болса да айтуға болмайды?
Рамазан айына арналған ерекше құттықтау
Жұмаға кеңес: аудиотаспадағы Құранды оқыса, жеті шелпек қабыл бола ма?
Рамазан айы 2019: Оразаға қалай дайындалу керек?
Nur Otan партиясының ғимараты

Nur Otan праймериз қарсаңында өрескел тәртіп бұзушылықтарды анықтады

55
Ондаған партия мүшесі бір телефон нөмірімен тіркелгені белгілі болды. Ал басқа азаматтар белгіленген мерзімнен кейін партия қатарына кіруге тырысқан

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. "Nur Otan" партиясының орталық аппараты Нұр-Сұлтан қаласында жаңа мүшелерді қабылдау кезінде тәртіп бұзушылықтар болғанын анықтады. Бұл туралы партиялық бақылау комитетінің отырысы барысында белгілі болды, деп хабарлады ұйымның баспасөз қызметі.

"Nur Otan" орталық аппараты партияның жаңадан қабылданған мүшелері мен "Праймериз" ақпараттық жүйесінде тіркеуден өткендерге талдау жүргізеді.

Оқи отырыңыз: Nur Otan партиясына адам қабылдау тоқтатылды – Байбек себебін түсіндірді 

Осылайша, кезекті тексеру барысында елордада "Азия Орталық Снаб" ЖШС бастауыш партия ұйымы қабылдаған 2466 жаңа партия мүшесінің есептік мәліметтері расталмады. 11 қыркүйектен 4 қазанға дейін партияға қабылдау тоқтатылғанына қарамастан, 12-17 қыркүйек аралығында азаматтар партия қатарына қабылданған.

Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Павел Казанцевтің пікірінше, бұл – өрескел тәртіп бұзушылық. Партияға кейбір "қажетті" кандидаттарға дауыс беруді ұйымдастыру үшін өздерінің бір сәттік мәселелерін шешетіндер, жай ғана қара көбейтетіндер қажет емес.

"Сондықтан дауыс беру кезінде бұрмалауды болдырмау үшін праймериз кезеңінде партияға қабылдау тоқтатылды. Осы фактілерді ескере отырып, партияның астаналық филиалы "Азия Орталық Снаб" ЖШС БПҰ-дағы барлық партия мүшелерінің деректерін салыстырып, тексеруі тиіс", – деп мәлімдеді Казанцев.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, партиялық бақылау комитетінің тексерісі барысында партия мүшелерін бір телефон нөмірімен тіркеу деректері анықталды.

Мысалы, Ақмола облысының Бурабай ауданында "Білім Бурабай" және "Бірлік Бурабай" БПҰ-да партияның 105 мүшесінің бір телефон нөмірі бар. Ал Қарағанды облысының Балқаш қаласында "Ардагер", "Гүлдер", "Балқаш станциясы" және "Шипагер" БПҰ-да бір телефон нөмірінің иелері 279 адам болды.

Отырыс қорытындысы бойынша аймақтық және аумақтық партиялық бақылау комиссияларына барлық айқындалған фактіні анықтап, кінәлілерді жазалау тапсырылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек праймеризде онлайн дауыс берудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін арнайы растау (верификация) жүйесі (интернет-банкинг үлгісі бойынша жеке тұлғаны анықтау) қолданылатынын айтқан болатын.

Партияның баспасөз қызметі барлық тәртіп бұзушылық деректері бойынша 8 (800) 080 4441 "жедел желіге" (қоңырау шалу тегін) немесе komek@nurotan.kz электронды поштасына  хабарласуға болатынын атап өтті.

55
Тақырып бойынша
Nur Otan праймеризі: Байбек қауіпсіздік шаралары туралы хабарлады
Бауыржан Байбек Елбасының шешімін жария етті
Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады
Елбасының баспасөз хатшысы праймеризге қатысты ақпарат жариялады
Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев Қазақстанның өлім жазасынан бас тартуына байланысты түсініктеме берді

774
(Жаңартылды 18:43 25.09.2020)
Мемлекет басшысы шын мәнінде өлім жазасы Қазақстанда болмағандықтан, елдің негізгі заңына өзгеріс енгізудің қажеті жоқ екенін баса айтты  

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның өлім жазасынан бас тартуға бағытталған азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші факультативті хаттамасына қол қоюына байланысты түсініктеме берді.  

Тоқаев өлім жазасынан бас тарту туралы екінші факультативті хаттамаға қосылу Конституцияға толық сәйкес келетіндігін атап өтті.

"Негізгі заңға ешқандай өзгерту енгізудің қажеті жоқ, өйткені өлім жазасы біздің тұңғыш президентіміз жариялаған мораторийде қарастырылған және шын мәнінде өлім жазасы біздің елде жоқ", - деді президент.  

Айта кетейік, 2020 жылдың 23 қыркүйегінде Біріккен ұлттар ұйымының штаб-пәтерінде Қазақстанның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі Қайрат Омаров өлім жазасынан бас тартуға бағытталған азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің екінші факультативті хаттамасына қол қойды.

2003 жылы президент бұл жазаны қолдануға мерзімсіз мораторий енгізген болатын.   

774
Кілт сөздер:
өлім жазасы, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Абзал Құспан педофилдер үшін өлім жазасын енгізуге қарсы шықты
"Жала жабу" қылмыс қатарынан шығарылады – Тоқаев
Иранда қылмыскердің қолын шапты  
Он бір жыл бойы өлім жазасын күткен адам кінәсіз болып шықты
Қазақстан ресми түрде өлім жазасынан бас тартты
Диктофон

Релизден бас тарту керек кәсіби PR маманының лайфхактары

0
SputnikPro сарапшысы онлайнды дамыту, ерекшеленуден қорықпау, адамдарға сену – БАҚ-ты алға жылжытудың негізгі ерекшелігі екенін айтады  

НҰР-СҰЛТАН, 25 қыркүйек – Sputnik. "Россия сегодня" медиа тобы баспасөз қызметінің жетекшісі Анна Старкова көрші елдердің журналистеріне неліктен релиз жазудан бас тарту керектігін айтып берді.

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдары іс-шараның ақпараттық серіктесі бола отырып, өзінің логотипін түрлі алаңдарда орналастыратын. Пандемия кезінде жағдай өзгерді. Өзін-өзі таныту үшін медиа топтың баспасөз қызметі ерекше кейстерді ойластыра бастаған.

Сарапшының бірінші ұсынысы: стандартты релиздерді жазу тәжірибесінен бас тарту.

"Адамдармен оларға түсінікті тілде сөйлесу керек. Кері байланыс орната бастасаңыз, ол нарықтың ойыншысы болсаңыз, сізді тыңдайды, сізге келіп, оқи бастайды", - деп санайды Старкова.

Сарапшының келесі кеңесі – бұқаралық ақпарат құралдары онлайнды ғана дамытпау керек.

"Мұны пандемия кезінде істей бастадық. Біз барлығы дерлік интернетті қолданатын әлемде өмір сүріп жатырмыз", - деп атап өтті маман.

Қазір, оның айтуынша, әлеуметтік желілердегі және мессенджерлердегі анонимділік танымал болудан қалып барады.

"Бізді ("РИА Новости" ХАА Телеграм каналы) оқи бастады, өйткені РИА Новости, мысалы, Лукашенконың инаугурациясында не болғанын айтты. Сол кезде ол жаңалыққа айналады, бұл тексерілген ақпарат. Шын мәнінде болған нәрсе, сыбыс емес", - деп атап өтті Старкова.  

Сарапшының тағы бір ұсынысы – ерекшеленуден қорықпау. Баспасөз қызметі пандемия жағдайында "трендтерді қарап, оларды батыл түрде пайдаланған".

"Сізбен бірге жұмыс істейтін адамдарға сенім арту керек, өйткені ең алдымен біреумен араласуың керек. Оларды алға жылжытуың керек, нәтижесінде сіздің брендіңіз алға жылжиды", - деп сендірді Старкова.

Кәсіби PR маманының бесінші кеңесі – дос болу.

"Бұл, шынын айтқанда, ең маңызды кеңес. Басқа ақпарат құралдарымен, баспасөз қызметтерімен, тіпті бәсекелестермен де достасу керек. Кофеге шақырыңыз, бранчи жасаңыз, лайфхактармен бөлісіңіз. Бұл бәріне қатысты", - деп есептейді ол.  

SputnikPro білім беру жобасының жиырма бірінші онлайн-сессиясына Қазақстан, Ресей, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Молдова, Абхазия және Осетия БАҚ өкілдері қатысты.

SputnikPro – Sputnik халықаралық ақпарат агенттігі мен радиосының журналист, студент, баспасөз қызметі мен медиа саласында жұмыс істеп жүрген маман иелеріне арналған жоба. Оның мақсаты – тәжірибе алмасу әрі медиа саласында кәсіби байланысты нығайту.

0