Астанадағы шіркеу

Тоқаев православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады

47
Пасха мейрамы бақ-береке әкеліп, игі бастамалардың жаршысы болсын, деп тіледі президент

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтады.

"Барша православ христиандарын Пасха мерекесімен құттықтаймын! Бұл күн діндар адамдардың жүрегін мейірім мен қуанышқа бөлеп, рухани құндылықтар мен биік адамгершілік идеалдарды құрметтеуге, игі істерге үндейді", - деп Ақорда Қазақстан президентінің сөзінен үзінді келтірген.

Оның пікірінше, дәстүрлі Пасха мейрамы отбасылық қасиеттерді, қайырымдылықты, жақын жанға деген махабатты, адамдардың бір-біріне жанашырлық танытуын ұлықтайды.

Мүфтият биылғы пітір садақаның мөлшерін бекітті   

"Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасының кемел саясатының арқасында елімізде бейбітшілік пен келісім орнаған, сондай-ақ, барлық этностар мен конфессиялар өзара сыйластықта өмір сүруде. Қазақстандықтар өсіп-өркендеу және даму жолында әрдайым ынтымақ пен бірлік танытып келеді. Пасха мейрамы сіздерге бақ-береке әкеліп, игі бастамаларыңыздың жаршысы болсын! ", - деді ол.

47
Кілт сөздер:
мейрам, Қасым-Жомарт Тоқаев, православ христиандары
Тақырып бойынша
Діни басқарма Рамазан айы қай күні басталатынын ресми жариялады
Сізге қажет күнделікті оқылатын дұғалар
2019 жылғы діни мерекелер күнтізбесі
Мәуліт мерекесі жайлы не білеміз?
Қазақстанда жаңа мереке пайда болды
Загрузка...