Архивтегі фото

Fly Arystan әуе компаниясының билеттері қымбаттап кеткені рас па?

391
(Жаңартылды 11:32 29.04.2019)
Билеттердің жалпы санының 2 проценті ғана басқа бағамен сатылған

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik."Fly Arystan" бюджеттік әуе компаниясының билеттері қымбаттаған жоқ. Бұған дейін айтылған бағамен сатылып жатыр. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.  

Белгілі болғандай, жолаушылардың 2 проценті "Fly Arystan" билеттерін қымбатқа сатып алған.

"Мен бір апта бұрын мониторинг жасадым. Билеттердің жалпы санының 2 проценті ғана басқа бағамен сатылған. Ал, негізінен, билеттер компания белгілеген бағамен сатылып жатыр. Мәселен, Орал бағытына – 12-13 мың теңге, Таразға –  6 900 теңге", - деді Қасымбек үкімет кулуарында.

Үкімет басшысының орынбасары билет құнының әртүрлі болуы жолаушының жүгі мен таңдаған орнына байланысты екенін айтты. 

"Біреу жүгімен ұшады, енді біреулері барлық билет сатылып кеткен кезде бір-ақ алады. Бұл динамикалық жүйе", - деді ол.

Оның айтуынша, Қазақстанның авиациялық тасымал нарығы айтарлықтай үлкен емес. Жыл сайын 5-6 миллион адам ұшады.

"Қазір Нұр-Сұлтан мен Алматы арасында қатынайтын теміржол жолаушыларының бір бөлігі осы лоукостерге ауысып жатыр",- деді Қасымбек.

Айтуынша, биыл Fly Arystan әуе компаниясында төрт ұшақ болады. Жаңа әуе компаниясы бір жылдың ішінде 1 миллион адам тасымалдауды жоспарлап отыр.

391
Кілт сөздер:
жеңіс, билет, әуе компаниясы
Тақырып бойынша
Қазақстанда биыл миллионға тарта жолаушы екі есе арзан бағамен ұша алады
Вице-министр Қазақстанда ұшақ билеті келесі жылы арзандайды деп сендірді
Қазақстанға келген қытайлар елде қалып қоймай ма? 72 сағаттық визасыз режим ұзартылды
Қасымбек: ұшақ билеттері арзандайды
Назарбаевтың тапсырмасы: Бюджеттік әуе компаниясының билеті қанша болады?
Астана мен Алматыдан Балқаш пен Алакөлге арзан рейстер ашылады
Загрузка...