Алла Пугачеваның Ержан Максимге берген қолтаңбасы

"Енді біз әріптеспіз" Алла Пугачева Ержан Максимге қандай ақыл айтты

924
Қазақстандық жас әнші Ержан Максим "Алла Пугачеваның алтын жұлдызы" иегері атанды

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Талантты әншінің анасы Гүлмира Әлібек Алла Пугачеваның ұлына қандай кеңес бергенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Тағы оқыңыз: Димаш Құдайберген "Голос. Дети" финалына қатысты не ойлайды?

Бүгін мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы жас әнші Ержан Максиммен кездесті. Кездесу барысында әншінің анасы Гүлмира Әлібек ресейлік танымал әншімен қалай кездескенін айтып берді.

"Бізге таңертең бір азамат хабарласып, беделді ресейлік жұлдыз бізді қабылдайтынын айтты. Бізбен қатар "Голос. Дети" байқауына қатысқан Нино Чеснер, Роберт Багратян, Анастасия Иванова есімді балалар болды. Осы 4 әншіні беделді азамат мейрамханаға шақырып жатыр екен. Азаматтың атын айтқан жоқ. Барлығы құпия болды", - дейді ол.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от LOBODA (@lobodaofficial)

Сонымен қатар Гүлмира Әлібек кездесуде Алла Пугачева көріп қатты таңғалғанын, ресейлік примадоннаның ұлына қандай кеңес бергенін айтты.

"Кешке мейрамханаға бардық. Алдымыздан Алла Борисовна шықты. Таңқалдық. Орысша айтқанда "сюрприз удался". Алла Борисовна алқасын қолына алып, "мұны өзім жұлдыз деп мойындайтын адамдарға ғана беремін. Сендер кішкентайсыңдар. Алда әлі талай қиындықтар болады. Оған мойымаңдар! Одан сүрінбей өтіңдер! Енді біз әріптеспіз" деді. Кейін балаларға 4 алқасын сыйға тартты", - деді Ержан Максимнің анасы.

"Голос. Дети" байқауына қатысты дау

Айта кетейік, 26 сәуірде Ресейдің бірінші арнада "Голос. Дети" байқауының қорытындысы белгілі болды. Шоу нәтижесінде әнші Алсудың қызы Микелла Абрамова жеңіске жетті. Қазақстандық Ержан Максим екінші орын иеленді. Алайда интернет қолданушылар финал әділ өтпегенін айтып, шу шығарды.

Тағы оқыңыз: Ержан Максим: "Голос. Дети" байқауында бірінші орын алмағаным жақсы болды

Кейін "Голос. Дети" байқауына қатысқан 4 әншімен Алла Пугачева кездескен болатын.

924
Кілт сөздер:
Ержан Максим
Загрузка...