Каспийское море

Сенат Каспий теңізінде тосын оқиғаларды болғызбау туралы заңды қабылдады

85
(Жаңартылды 17:14 30.04.2019)
Құжаттың басты мақсаты – Каспий теңізінде Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түрікменстанның қарулы күштері әскери кемелерінің жүзуі мен әуе кемелерінің ұшуының қауіпсіздігін қамтамасыз ету

НҰР-СҰЛТАН, 30 сәуір – Sputnik. Сенат Каспий теңізінде тосын оқиғаларды болғызбау туралы келісімді ратификациялау туралы заңды қабылдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Келісім 2018 жылғы 12 тамызда Ақтауда бекітілген. Келісімнің басты мақсаты – Каспий теңізінде Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей және Түрікменстанның қарулы күштері әскери кемелерінің жүзуі мен әуе кемелерінің ұшуының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаевтың айтуынша, келісімге сәйкес, әр тараптың әскери кемелері мен әуе кемелері басқа тараптың кемелеріне жақындаған кезде қауіпсіз ара қашықтықты сақтап, барынша сақтық танытуы қажет.

"Бұдан басқа, әскери және әуе кемелері бір-біріне жақындағанда қауіп төндіретін, жеке құрамның денсаулығына зиян келтіретін немесе теңізде жүзу мен ұшуға кедергі келтіретін шабуылдарды имитациялауға, қандай да бір заттарды тастауға, прожекторларды немесе басқа да жарықтандыру құралдарын, лазерлерді қолдануға және басқа да іс-қимылдарды жасауға тыйым салынады", - деді Құрманбаев сенаттың жалпы отырысында.

Сондай-ақ, әскери және әуе кемелері келісімде айқындалған жиіліктегі радиобайланысты пайдаланады. Радиобайланыс орнату кезінде ағылшын тілінде немесе басқа да қолайлы тілдерде шақыру белгілерін пайдаланады.

Келісімді іске асыру Каспий теңізіндегі Каспий маңы мемлекеттерінің әскери және әуе кемелері арасындағы өзара достық қарым-қатынасты арттыруға мүмкіндік бермек.

85
Кілт сөздер:
Каспий теңізі
Тақырып бойынша
Каспий теңізін бөлісу: Ресей конвенцияға қол қоятын күнді ұсынды
Астанада Каспий мәртебесі туралы саммит құжатының жобасы мақұлданды
Каспий теңізінде бір тәулік ішінде үш рет жер сілкінді
Каспий теңізінде балықшылар мінген қайықты жел ұшырып әкетті
Каспий суы неліктен "қанға боялғаны" белгілі болды
Загрузка...