Қарт адамның қолы

Ғалымдар адамның ажалы келгенін білдіретін қауіпті белгіні атады

26976
Ғалымдардың айтуынша, адам иісті дұрыс сезбейтін болса, бірден дәрігерге қаралғаны абзал

НҰР-СҰЛТАН, 1 мамыр – Sputnik. Иіс сезу қабілетінің күрт төмендеуі немесе мүлдем иіс сезбей қалу адамның алдағы он жылда мезгілсіз қаза болу қаупін 50%-ке арттырады. Бұл туралы Мичиган штаты университетінің ғалымдары Annals of Internal Medicine журналында жарияланған мақаласында жазды.

Тағы оқыңыз: Қандай адам көзге шөп салуға бейім тұрады?

Ғалымдар иіс сезбей қалудың мезгілсіз қазаға қалай әкеп соғатынын алғаш рет зерттеп, арадағы байланысты анықтап көрді. Белгілі болғандай, иіс сезу қабілетінің төмендеуі әсіресе қарт адамдарда жиі кездеседі екен.

Зерттеушілер АҚШ-тың 71 мен 82 жас аралығындағы 2289 тұрғыны туралы деректерді саралап, иісті дұрыс сезбеу өлім қаупін күшейтетінін растады. Яғни бұл денсаулықта кінәрат барын білдіреді, бірақ Альцгеймер немесе Паркинсон дертіне қатысы жоқ болып шықты.

Тағы оқыңыз: Денедегі артық май қайдан пайда болады - ғалымдар басты себепті айтты

Ғалымдар иісті дұрыс сезбейтініңізді байқасаңыз, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз деп кеңес береді.

26976
Кілт сөздер:
ажал, ғалымдар
Тақырып бойынша
Ғалымдар ұзақ өмір сүрудің құпиясын ашты
Ғалымдар адамның мезгілсіз өліміне әкеп соғатын жаңа факторларды атады
Сарымсақты көп жесе, не болады – ғалымдар жауап берді
Қатерлі ісікке шалдықтырады: ғалымдар аса қауіпті азық-түлікті атады
Таңғы ас ішпейтіндерге қандай қауіп төніп тұр - ғалымдар ескерту жасады
Загрузка...