Қоғам

Алдағы аптада қазақстандықтар екі-ақ күн жұмыс істейді

© Sputnik / Болат ШайхиновМамыр мерекелері
Мамыр мерекелері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мамыр мейрамдары кезінде Қазақстан халқы әдеттегі демалыс күндерін қоспағанда төрт күн демалады

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр — Sputnik. Алдағы аптада қазақстандықтар небәрі екі күн жұмыс істейді.

Мамыр мейрамдарына байланысты Қазақстан халқы 7, 9, 10, 11, 12 мамыр күндері демалады.

Тағы оқыңыз: Мамыр айында қазақстандықтарды не күтіп тұр - астролог болжамы

Республика 7 мамырда Отан қорғаушы күнін атап өтсе, 9 мамырда посткеңестік кеңістіктің өзге елдерімен қатар Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіс күнін тойлайды.

Еске сала кетсек, осы аптада қазақстандықтар 1 мамыр – Бірлік күні демалды.

Сонымен қатар, назарларыңызға 2019 жылдың мереке және демалыс күндерінің күнтізбесін ұсынамыз.

© Sputnik2019 жылғы демалыс және мереке күндерінің күнтізбесі
Алдағы аптада қазақстандықтар екі-ақ күн жұмыс істейді - Sputnik Қазақстан
2019 жылғы демалыс және мереке күндерінің күнтізбесі

 

Жаңалықтар
0