Үйлену тойы, архивтегі сурет

Елшіліктегі той: қазақстандық студенттер Норвегияда некесін қидырды

708
(Жаңартылды 12:02 04.05.2019)
Қазақстанның Норвегиядағы дипломатиялық өкілдігінде ерекше оқиға – неке қию рәсімі өтті

НҰР-СҰЛТАН, 4 мамыр — Sputnik. Норвегия оңтүстік-шығыс университетінің докторанты Елжас Жақсылық пен Испаниядағы Gijon университетінің магистранты Әсел Елубаева заңды түрде некесін қидырды. Олар Алматыда Қазақстан-Британ техникалық университетінде оқып жүрген кезде танысыпты. Жас жұбайлардың неке қию рәсіміне қазақстандықтардың Ослодағы достары келген. Олар  некені мемлекеттік тіркеу сәтіне куә болды.

Қуанышты хабармен Қазақстанның Норвегиядағы елшілігі Facebook парақшасында бөлісті.

Неке қию куәлігін Қазақстанның Норвегиядағы төтенше және өкілетті елшісі Еркін Ақынжанов табыстады. Елші Ослоға жақында ғана келген. Ол Харальд V Норвегия короліне сенім грамотасын табыстайтын болады.  

"Жастар елшілікке бір ай бұрын өтініш тапсырып, қажетті құжаттарды ұсынды. Бұл біздің елшілігімізде тіркелген бірінші неке. Әрине, дипломатиялық миссия үшін ұлкен мереке", - деді елшілік консулы Азат Мәтенов.

Қазақстан консулдықтарында бала туу туралы куәлік, төлқұжат пен Қазақстан азаматтығын алу сынды қызмет ұсынады. Сондай-ақ, консулдық-құқықтық көмек көрсетіледі.

Мәтеновтың айтуынша, Қазақстанның Норвегиядағы елшілігінің консулдық есебінде 119 қазақстандық азамат тұр. Олардың көбі мұнай компанияларында қызмет ететін жоғары білікті мамандар.

708
Кілт сөздер:
той, Қазақстан
Тақырып бойынша
Нұрсұлтан Назарбаевтың аттасы отау құрды – үйлену тойы қалай өтті
Қазақстандықтар төлқұжат пен жүргізуші куәлігі үшін қанша төлейтіні белгілі болды
"Прописка" керек емес: қазақстандықтар үшін құжат рәсімдеу жеңілдейді
Енді қазақстандықтар үш күнде үйлене алады
Президенттің батасын алды: Назарбаев елордалық жас отау иелерін құттықтады
Загрузка...