SCAT компаниясының жолаушылар ұшағы, архивтегі сурет

SCAT ұшағы елорда әуежайына апатты жағдайда қонды: министр түсініктеме берді

331
Оқиға салдарынан бір ұшқыш ауруханаға түскен

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр жуырда SCAT ұшағының елорданың халықаралық әуежайына шұғыл қонуына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Өкінішке қарай, SCAT ұшағымен жайсыз жағдай болды, жоғары эшелонда саңылау пайда болған. Бірақ экипаж кәсіби түрде әрекет етіп, әуежайға сәтті қонды", - деді министр үкімет кулуарында.

Қазір, оның айтуынша, тергеу жүріп жатыр. Нәтижесі кейінірек белгілі болады.

Сондай-ақ, министр ұшқыштардың бірі төтенше жағдайдан кейін ауруханаға түскенін атап өтті.

"Екінші ұшқыштың жағдайы нашарлап, есінен танған. Қазір жағдайы жақсы", - деді Скляр.

Тағы оқыңыз: Жолаушылар ұшақтан секіруге мәжбүр болды – видео 

Еске сала кетсек, 3 мамыр күні SCAT әуе компаниясының ұшағы елорданың әуежайына шұғыл түрде қонды. Әуе кемесі Минералды сулар – Нұр-Сұлтан бағыты бойынша ұшқан.

Ұшақ бортында экипаждың бес мүшесі мен 42 жолаушы болған. Лайнер апатты жағдайда қонғаннан кейін әуежай аумағына жедел жәрдем бригадасы, әуежайдың өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметі жіберілді.

331
Кілт сөздер:
елорда, министр, әуежай, ұшақ
Тақырып бойынша
Ресейде жолаушылар ұшағы өртеніп кетті – видео
"Өртенді, өртеніп жатырмыз" Мәскеуде ұшақта түсірілген жантүршігерлік видео
Отқа оранған ұшақ Мәскеу әуежайына қонған сәтінің видеосы жарияланды
Мәскеудегі ұшақ апаты: зардап шеккендер арасында қазақстандықтар бар ма?
Мәскеудегі ұшақ апаты: министр Қазақстанда Superjet ұшағы бар екенін айтты
Загрузка...