Полиция, архивтегі сурет

Ішкі істер министрлігі қауіпсіздік шараларын күшейткенін жария етті

5883
Мерекелік шаралар өтетін және халық жаппай серуендейтін орындарға ерекше назар аударылмақ

НҰР-СҰЛТАН, 6 мамыр – Sputnik. Қазақстан полициясы қызмет көрсетудің күшейтілген режиміне көшті, деп хабарлады ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.  

Ведомствоның мәліметінше, 6 мамырдан 12 мамырға дейін ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы қызмет көрсетудің күшейтілген режиміне көшкен. Тәртіп сақшыларының көшелер мен қоғамдық орындардағы тығыздығы артты.   

"Сонымен қатар, мерекелік шаралар өтетін және халық жаппай серуендейтін орындарға ерекше назар аударылды. Еліміздің қалаларында "Мәңгілік Даңқ" шерулерін өткізу кезінде полиция қызметкерлері қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын қолға алады", - деп хабарлады ведомстводан.

Ішкі істер министрлігі көлік қозғалысына қатысушыларға  бағдарды алдын-ала жоспарлауға кеңес береді.

Нұр-Сұлтанда наразылық шеруіне шыққандарды тәртіп сақшылары ұстап алып кетті

"Полиция қоғамдық тәртіпті бұзудың барлық фактісі бойынша, сондай-ақ мәдени іс-шараларға кедергі келтіруге, қатысушыларға қолайсыздық тудыруға бағытталған іс-әрекеттерге қатысты дереу заңға сәйкес шаралар қабылдайды", - деп хабарлады ішкі істер министрлігі.

5883
Кілт сөздер:
Ішкі істер министрлігі, қауіпсіздік, мереке
Тақырып бойынша
22 жыл бойы бостандықта тайраңдап жүрген: астаналық полицейлер қаскөйді қолға түсірді
"Өздері заңды бұзады" Тоқаев полицияға қойылатын негізгі талапты атады
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтанда полицейлерді ұстады
Астанада газ баллонын жармақ болған ер адам ұсталды - видео
Астана орталығында жарылыс жасамақ болған ер адамды полиция қалай тоқтатты - видео
Қазақстанның бес қаласында митинг өткен: министрлік түсініктеме берді
Загрузка...