Қоғам

Үкімет Тоқаевтың тапсырмасын 12 күнде орындап тастады

© Официальный сайт Президента КазахстанаТоқаев
Тоқаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тоқаев үкіметке атаулы әлеуметтік көмекті мұқтаж адамдарға уақытында жеткізу жұмыстарын ретке келтіруді тапсырған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 7 мамыр — Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атаулы әлеуметтік көмекті мұқтаж адамдарға уақытында жеткізу туралы үкіметке берген тапсырмасының орындалғанын хабарлады.

Мемлекет басшысы атаулы әлеуметтік көмекті рәсімдеу кезінде қағазбастылыққа жол бермеу туралы тапсырманы үкіметке 25 сәуірде берген еді.

12 күннен кейін президент Twitter-дегі парақшасында тапсырманың орындалғанын хабарлады.

​"Үкімет менің атаулы әлеуметтік көмекті мұқтаж адамдарға жеткізу туралы тапсырмамның орындалуы жөнінде баяндады. Әділетті әлеуметтік саясат белсенді түрде жалғаса береді", - деп жазды ол.

Ақпан айында Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке атаулы әлеуметтік көмектің мөлшерін күнкөріс минимумының 70%-іне дейін көтеріп, көпбалалы отбасыдағы әр балаға 21 мың теңге төлеуді тапсырған болатын.

Көмек 2019 жылдың бірінші сәуірінен төленуі тиіс еді. Бірақ "Е-халық" жүйесінде ақаулық шығып, көмекке мұқтаж азаматтар туралы мәліметтер табылмай қалған. Содан көпбалалы аналардан құралған бастамашыл топ мәжіліс депутаттарына шағымданады.

Тағы оқыңыз: Сапарбаев атаулы әлеуметтік көмекті тағайындаған кезде қандай кіріс саналатынын түсіндірді

Өз кезегінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі сынға жауап берді. Олардың айтуынша, сәулет және қала құрылысы басқармасы жасайтын тізімде қажетті мәліметтер болмағандықтан ақпараттық жүйе таба алмаған.

Алтыншы мамырда осы мәселеге қатысты үкімет арнайы баспасөз мәслихатын өткізді. Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова 160 мыңнан астам отбасының атаулы әлеуметтік көмекті алғанын хабарлады.

Жаңалықтар
0