Архивтегі сурет

Таяуда ғана Сириядан елге қайтарылған 20 адам қамауға алынды ҰҚК

2371
Қазақстанға қайтарылған 20 адам ДАИШ құрамында террористік іс-әрекетке қатысты деген күдікпен қамауға алынған

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр – Sputnik. Сириядан 156 бала қайтарылды. Олардың басым бөлігі шетелде туған. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент басшысы Бақытбек Рақымбердиев мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сыртқы істер министрлігінде өткен арнайы брифингте Бақытбек Рақымбердиев Сириядан қайтарылған 231 қазақстандықтың 156-сы бала екенін атап өтті.

Сириядан қайтарылған балалардың тағдыры не болады

"Сириядағы қарулы қақтығыс аймақтарында жүрген балаларды елге қайтару мәселесі өзекті. Елге 156 бала қайтарылды. Оның 18-і жетім. Олардың ата-анасы қарулы қақтығыс аймақтарында қайтыс болған немесе хабар-ошарсыз кеткен. Арасында 7 жасқа дейінгі 107 бала, 7-12 жас аралығында 43 бала, 12 жастан асқан 6 бала бар. Балалардың жартысынан көбі шетелде туған", - дейді ҰҚК департаментінің басшысы.

Сириядан 231 Қазақстан азаматы елге жеткізілді

Сонымен қатар ол "Жусан" операциясының екінші кезеңінде Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау қалалары мен Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола, Қарағанды, Түркістан, Маңғыстау облыстарының тумалары елге қайтарылғанын мәлім етті.

Рақымбердиевтің айтуынша, бүгінде олардың кейбірі қамауға алынған.

"Қазақстанға оралған 16 ер адам мен 4 әйел ДИАШ жағында террористік іс-әрекетке қатысты деген күдікпен тұтқынға алынды. Олар қылмыстық істері Нұр-Сұлтан, Атырау, Орал, Ақтөбе, Шымкент қалаларындағы тиісті органдарға берілді. Қалған 55 әйел баласымен бірге Ақтау қаласындағы оңалту орталығына бір ай мерзімге орналастырылды. Медициналық тексерістен өткізілді", - деді ол.

Сондай-ақ Бақытбек Рақымбердиев олармен арнайы мамандар жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді.

"Олармен психологтар, теологтар, үкіметтік емес ұйымлардың қызметкерлері жұмыс жүргізуде. Құжаттарын қалпына келтіруге көмек көрсетілді. Олардың террористік іс-әрекеттерге қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Карантин мерзімі аяқталған соң әйелдер мен балалар бұрынғы мекен-жайларына қайтарылады", - деді ҰҚК департамент басшысы.

Ол бүгінде Сирияда шамамен 300 Қазақстан азаматы қалғанын атап өтті.

Брифинг барысында сыртқы істер вице-министрі Ержан Ашықбаев "Жусан 2" операциясына АҚШ пен Сирия демократиялық күштері көмек көрсеткенін мәлім етті.

Тоқаевтың мәлімдемесі

Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  тапсырмасы бойынша 7 және 9 мамыр күндері Сириядан 231 Қазақстан азаматы елге жеткізілді, оның 156-сы балалар, дені мектеп жасына дейінгілер, соның ішінде 18-і – жетім балалар. Бұл туралы мемлекет басшысының мәлімдемесінде айтылды.

Бұл ауқымды гуманитарлық акция Тұңғыш президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен биыл қаңтар айында жүргізілген "Жусан" операциясының жалғасы болды.

2371
Кілт сөздер:
ҰҚК, Сирия
Тақырып бойынша
Сирияда құтқарылған қазақстандықтар туралы көркем фильм түсіріледі
"Бұл басы ғана" Сириядағы қазақстандықтарды елге қайтару операциясы жалғасады
Сириядан елге қайтарылған қазақстандықтар: 7 адам тергеліп жатыр
"Көбісі қайтыс болды" Назарбаев маңызды мәлімдеме жасады – видео
Сирияда содырлар 3 қазақстандық әйелді өлім жазасына кесті
Джеки Чан Сириядан құтқарылған қазақстандықтар жайлы фильмді көрді – видео
Загрузка...