Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жасыл технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығына барды

Назарбаев қызы Әлиямен бірге жасыл технологиялар орталығында болды

655
Нұрсұлтан Назарбаев экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің және елімізде жаңартылатын энергия көздерін дамытудың маңыздылығын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 13 мамыр — Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Жасыл" технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығына барды, деп хабарлайды ҚР Тұңғыш президентінің баспасөз қызметі.

Назарбаев орталықтың "жасыл" экономиканы дамыту және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жұмыстарының негізгі бағыттарымен танысты.

Елбасыға жел, күн, су және геотермальды ресурстардың әлеуеті, қатты тұрмыстық қалдықтар мен биомасса полигондарының орналасуы туралы ақпаратты қамтитын цифрлық алаңның үлгісі көрсетілді.

"Нұрсұлтан Назарбаев экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің және елімізде жаңартылатын энергия көздерін дамытудың маңыздылығын атап өтті.  Елбасы қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу саласына озық технология енгізу және осы салаға инвесторлар тарту мәселелеріне баса  мән берді", - делінген хабаламада.

Сондай-ақ, Назарбаев қазақстандық жоғары оқу орындарының жаңартылатын энергия көздері саласындағы перспективті жобаларымен танысты.

Елбасы Нурсултан Назарбаев посетил Международный центр зеленых технологий и инвестиционных проектов
© Официальный сайт Президента РК /
Нұрсұлтан Назарбаев "Жасыл" технологиялар мен инвестициялық жобалардың халықаралық орталығына барды

"Жасыл" технологиялардың және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы "Астана – ЭКСПО-2017" көрмесінің инфрақұрылымы негізінде 2018 жылғы сәуір айында құрылды. 

Орталық басқармасының төрағасы – Рәпіл Жошыбаев. Ол бұл қызметке дейін ЭКСПО көрмесінің комиссары болған еді.

Тағы оқыңыз: Әлия Назарбаева мемлекеттік сыйлық берген әкесіне алғыс айтты

Әлия Назарбаева қандай қызмет атқарып жүр?

Әлия Назарбаева Қазақстан экологиялық ұйымдарының ассоциациясын басқарады. Өткен жылы тұңғыш президенттің кенже қызы "жасыл экономика" терминін заңды түрде бекітуді ұсынған болатын. Оның айтуынша, 2030 жылға қарай Қазақстанда жалпы энергетикада жасыл энергетика үлесін 30 пайызға жеткізу жоспарланып отыр.

655
Кілт сөздер:
Әлия Назарбаева, Назарбаев
Тақырып бойынша
Әлия Назарбаева жүлде алды
Әлия Назарбаева жаңа қауымдастықтың президиумын басқарады
Әлия Назарбаева туралы не білеміз?
Назарбаевтың жиендері туралы қызықты деректер
Ерекше сыйлықтар. Дариға мен Әлия Назарбаевалар әкесіне қандай сый жасады?
Загрузка...