Телефон, архивтегі сурет

Қазақстанда тағы 10 банк телефонды төлем құралы ретінде пайдаланады

223
Онлайн сауданы ынталандыру үшін 2023 жылға дейін салық жеңілдіктері көзделген

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Жыл соңына дейін тағы он банкте мобильді төлем жүйесі пайда болады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жедел төлемдерді дамыту үшін ұлттық банк ұялы телефонды төлем құралы ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін жоба енгізді. Бүгінгі таңда жобаға 3 банк қатысады, жыл соңына дейін 10 банкті қосу жоспарланып отыр", - деді министр үкімет отырысында.

Дәленовтің айтуынша, онлайн сауданы ынталандыру үшін 2023 жылға дейін салық жеңілдіктері көзделген. Жеңілдікке ие болу үшін бизнес субъектілерінен 509 өтінім түсті.

Тағы оқыңыз: Ұлттық банк Қазақстанның сыртқы қарызы қанша екенін айтты

Сондай-ақ, министр Қазақстандағы электронды сауда нарығына тоқталды.

"2018 жылдың қорытындысы бойынша онлайн-сауда нарығының көлемі 1,5 есеге өсіп, 269 миллиард теңгені құрады. Электронды сауданың үлесі 2,9%-ке тең. Электронды саудадағы белсенді сатып алушылардың саны 2 есеге артып, 2,3 миллион адамға жеткен", - деді ол.

Тағы оқыңыз: Сарапшы Қазақстанда доллар неге арзандамай жатқанын түсіндірді

Оның айтуынша, қазір нарықта 1700-ден астам дербес интернет-дүкен жұмыс істейді. Елімізде бір миллионнан астам ШОБ субъектісіне өз тауарын сатуға мүмкіндік беретін 20-ға жуық электронды сауда алаңы (маркетплейс) қызмет етеді.

Қазақстанда электронды коммерция нарығының 68%-ін тауарлар саудасы құраса, 32%-і – көрсетілетін қызметтерге тиесілі.

223
Кілт сөздер:
төлем, банк, телефон, Қазақстан
Тақырып бойынша
"Бұл дұрыс шешім" Назарбаев Қазақстанның экономикалық жағдайына баға берді
Қазақстандықтардың зейнетақы қорындағы ақшасы баспана салуға жұмсалуы мүмкін
Қазақстанның үш банкі біріктірілмек
Қазақстанда қаржылық реттеу агенттігі қайта құрылады
Шымкентте оқушыларды миллиондап кредит алуға мәжбүрлеген қылмыскерлерге сот үкімі шықты
Загрузка...