Ержан Максим

Тасмағамбетов Ержан Максиммен кездесті фото

176
Кездесу Мәскеудегі Қазақстан елшілігінде өтті

НҰР-СҰЛТАН, 14 мамыр – Sputnik. Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Иманғали Тасмағамбетов "Голос. Дети" байқауының екінші орын иегері, таланатты әнші Ержан Максиммен кездесіп, шығармашылық табыс тіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Иманғали Тасмағамбетов жас әншімен Мәскеудегі Қазақстан елшілігінде кездескен.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Посольство Казахстана в России (@kazembassy_ru)

Елшіліктің хабарлауынша, зор дауысымен дүйім жұртты мойындатқан Ержан Максим Мәскеуге шығармашылық жұмыстармен келіпті.

"Кездесу достық қарым-қатынаста өтті. Ержан "Голос. Дети" байқауынан қатысқан соң, өмірінде қандай өзгерістер болғанын, болашаққа қандай жоспар құрғанын айтты. Иманғали Нұрғалиұлы жас жұлдыздың алға қойған мақсаттарына сәттілік тілеп, Ресей астанасында уақытын жемісті өткізуіне тілектестік білдірді", - делінген Қазақстан елшілігінің Instagram-дағы жеке парақшасындағы жазбада.

"Голос. Дети" жобасындағы дау

26 сәуірде Бірінші арнада "Голос. Дети" шоуының финалы өтті. Дауыс беру қорытындысы бойынша әнші Алсудың қызы Микелла Абрамова жеңіске жетті. Қазақстандық Ержан Максим екінші орын иеленді. Алайда интернет қолданушылар финал әділ өтпегенін айтып, шу шығарды.

Ресейлік әншілер "Голос. Дети" байқауы әділетсіз өткенін мәлімдеді 

Тележүргізуші Максим Галкин мен әнші Валерий Меладзе, продюсер Иосиф Пригожин, актер Станислав Садальский финалдың нәтижесіне көңілі толмайтынын мәлімдеп, әлеуметтік желіде өз пікірлерін ашық білдірді. Көпшілік жобада Ержан жеңіске жеткенін айтты.    

176
Тақырып бойынша
"Голос. Дети" жобасы басшыларының бірі инфаркт алып қалды
Алсу "Евровидение 2019" конкурсынан шеттетілді
Ержан Максимнің анасы жұрттың бәрі баласына неге күлгенін айтты
Ержан Максим облыс әкімінің қолынан сыйлық алды – фото
Тойларға шықпайды: Ержан Максимнің әкесі ұлының шоудан кейін не істейтінін айтты
Қазақ баласы Украинадағы халықаралық ән байқауында 1-орынды жеңіп алды  
Ержан Максим: Димаш ағама "спасибо" деп жіберіппін, ескерту жасады  
Загрузка...