Көкөніс

Қатерлі ісіктің өсуін тоқтатады: ғалымдар көкөністің пайдасын дәлелдеді

3107
Израильдік ғалымдар брокколидің қатерлі ісіктен қалай құтқаратынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 18 мамыр — Sputnik. Израилдік ғалымдар брокколи құрамында пайдалы химиялық зат бар екенін анықтады. Ол ракпен байланысты ерекше геннің белсенділігіне әсер етеді, деп хабарлайды MedicalXpress.

Ғалымдар ісіктің пайда болуына бейім тышқандарды зерттепті. Зерттеу барысында индол-3-карбинол (I3C) молекуласының қатерлі ісіктің пайда болуын тоқтататыны анықталды.

Мамандар брокколи мен өзге де орамжапырақ тұқымдастар құрамындағы I3C-ті тышқандарға берген. Молекуланың WWP1 генінің жұмысын баяулататыны белгілі болды. ДНҚ-ның бұл бөлігі ісікке қарсы тұратын ген туғызады.

Тағы оқыңыз: Қатерлі ісікке шалдықпаудың жолы қайсы?

Алайда ғалымдар мұндай нәтижеге қол жеткізу үшін адам үш келіге жуық орамжапырақ жеуі керек деген қорытынды жасап отыр. Алдағы уақытта мамандар WWP1 генін тереңірек зерттемек. Оның жұмысын баяулататын өзге ген ойлап табуды жоспарлап отыр.

Брокколидің 100 грамында 25 калория болады. Сондай-ақ, жасұнық, калий, фосфор, кальций, магний, темір, мырыш, марганец, күкірт, С, В1, В2, В5, В6, РР, Е, К және  А дәруменіне бай. Ғалымдар брокколиді күнделікті жеу күйзелістен қорғайтынын да айтып отыр.

Тағы оқыңыз: Қатерлі ісікке шалдықтыратын бес сусын

Бұған дейін Ұлыбританиядағы Фрэнсис Крик институтының ғалымдары орамжапырақ пен брокколидегі химиялық заттардың асқазан-ішек жолдары жұмысын жақсартып, тоқ ішек қатерлі ісігінің алдын алатынын дәлелдеген болатын.

3107
Кілт сөздер:
ғалымдар, қатерлі ісік
Тақырып бойынша
Аяғым ауыр деп қателескен әйел өлім аузынан қалды
Министр: Қазақстанда қатерлі ісіктен көз жұматындардың дені – ерлер
Ыстық шайдың денсаулыққа аса қатерлі екені анықталды
Ұйқының рак пен қартаюға қарсы пайдасы анықталды
Маммолог-дәрігер: Баланы ұзақ емізетін ана омырау обырына шалдығуы мүмкін
ҰБТ-2020

ҰБТ-2020: министрлік тестілеу қорытындысын жариялады

122
(Жаңартылды 22:04 02.07.2020)
Биыл ҰБТ 21 маусым мен 1 шілде аралығында өтті. Бұл жолы тестілеуге қатысуға рекордтық көлемде өтініш қабылданды

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. ҰБТ қорытындысы бойынша шектік балды жинаған талапкерлер саны – 82 154. Жалпы республика бойынша орташа көрсеткіш 64,06 балл болды, деп хабарлайды білім министрлігі. 

Білім және ғылым министрлігі ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысын жариялады. Мәліметке сәйкес, пандемия тестілеуге әсерін тигізбеген. 2019 жылдағы көрсеткіштен айтарлықтай айырмашылық жоқ.

Қанша түлек тест тапсырды

Биыл тестілеуге қатысуға рекордтық көлемде өтініштер қабылданды: 131 754 өтініш тіркелді, оның 111 113-і, яғни 82 пайызы биылғы мектеп түлектері. Өткен жылы бұл көрсеткіш 12%-ға төмен болғанын айта кеткен жөн.

Ұлттық бірыңғай тестілеу 161 пунктте жүргізілді. Тестілеудің әділ өткізілу барысын қадағалау мақсатында қалалар мен өңірлерге Білім және ғылым министрлігі тарапынан 1 983 өкіл жіберілді. Сонымен қатар ҰБТ барысын құрамына Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік, үкіметтік емес ұйым, БАҚ, "Адалдық алаңы" жобалық кеңселерінің өкілдері мен  қоғам белсенділері кірген Арнайы мониторингтік топқа мүше 510 адам бақылады. 

Шектік балл

Маусым айында өткізілген Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы бойынша, тестілеуге тіркелген азаматтардың 92,1%-і ҰБТ-ға қатысты, 2019 жылы бұл көрсеткіш 94%-ды құраған болатын.

"Шектік балды жинаған талапкерлер саны – 82 154, бұл өткен жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда бір деңгейде қалып отыр. Жалпы республика бойынша орташа көрсеткіш 64,06 балды құрады. Жалпы 2019 жылғы орташа көрсеткішпен салыстырғанда айтарлықтай айырмашылық жоқ", - деп хабарлады министрлік.

ҰБТ-2020: жаңашылдықтар

Биыл алғаш рет электрондық үкімет базасы арқылы Face ID жүйесі пайдаланылды. Осыған байланысты ҰБТ тапсыруға басқа адамның кіруі әрекеттерінің саны айтарлықтай төмендеді. Мәселен, биыл 7 мектеп түлегі өз орнына ҰБТ-ға басқа адамды жібермек болған, өткен жылы мұндай 34 жағдай орын алған еді.

119 тестіленуші денсаулығына байланысты ҰБТ тапсырмады. Олар үшін басқа күндері, 19 шілдеге дейін тестілеу ұйымдастырылатын болады. 

Биыл алғаш рет талапкерлер үшін калькуляторларды пайдалануға рұқсат етілді, тестілеу уақыты ұзартылып, түлектер қорытынды мектеп емтихандарынан босатылды.

"ҰБТ жүргізілген әр аудитория арнайы бейнебақылау камераларымен жабдықталды. Нәтижесінде 9,5 млн-нан астам адам ҰБТ-ның өткізілу барысын онлайн режимде бақылады. Енді ережеге сәйкес 2020 жылғы 25 тамызға дейін бейнежазбалар жіті тексеріледі. Егер бейнежазбада грант иеленген талапкердің тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталса, тестіленушінің ҰБТ нәтижесі жойылады",- делінген хабарламада.

Пандемия кезіндегі тестілеу

Еліміздің барлық ҰБТ өткізу пунктерінде сақтық шаралары қолға алынып, медициналық-санитарлық нормалар қатаң сақталған болатын. Әрбір ҰБТ-ға қатысушы дезинфекциялаудың 5 кезеңінен өтті.

Тестілеуге кіргізу және отырғызу кезінде талапкерлер арасында кем дегенде екі метр арақашықтық сақталды. Әрбір аудитория бактерицидтік құралдармен және ауа рециркуляторларымен кезең-кезеңмен желдетіліп, тазаланды. Аудиториялар 35%-ға дейін толтырылды, әрқайсысында тек 10-18 адам отырды. Өткен жылы бір аудиторияда орташа есеппен 50 талапкер болған. 

Еске сала кетсек, келесі ҰБТ тамыз айында өтеді. Оның нәтижесі бойынша талапкер шектік балл жинаса, ЖОО-ның ақылы бөліміне түсе алады. Сонымен қатар жоғары оқу орнының ақылы бөліміне түсу үшін қаңтар айындағы ҰБТ сертификаттары да жарамды.

122
Кілт сөздер:
тест, түлек, білім министрлігі, ҰБТ
Тақырып бойынша
ҰБТ-2020: 138 балл жинаған ауыл баласы тестті қалай тапсырғанын айтты
Ауыл мектебінің оқушысы ҰБТ-да 138 балл жинады
ҰБТ-ның үшінші күні: ұпай бойынша ауыл баласынан әлі ешкім асқан жоқ
ҰБТ нәтижесі жойылған талапкерлерге қатысты жағымды жаңалық жарияланды
Қазақстанда тамыз айында тағы бір ҰБТ өтеді
Дәріхана, архивтегі сурет

Министрлік парацетамол орнына қолдануға болатын дәрілер тізімін жариялады

169
Парацетамол коронавирус пандемиясы кезінде ең көп сұранысқа ие дәрінің біріне айналды, соның нәтижесінде оны дәріхана сөрелерінен табу мүмкін болмай қалды

АЛМАТЫ, 2 шілде – Sputnik. Денсаулық сақтауминистрлігі жанындағы Ұлттық сараптама орталығы дене қызуын түсіретін және құрамында парацетамол бар дәрілердің тізімін жариялады.

Тізімге таблетка, ұнтақ және дене қызуы кезінде еритінқатты препарат түрінде шығарылатын 60 шақты дәрі енгізілді.

Дәрілер тізімі

Колдрекс актив, фасторик, ценипар экстра, тераФлю макстаб, цефекон, парамолан, балалар панадолы, панадол экстра, антифлу, антифлу Кидс, колдрекс юниор хот дринк, ИН-ГРИПП, день и ночь, гриппостад С Стик, агриппин, тайлол 6 Плюс, эффералган, флюкол-С, пардифен, КОМБИГРИП, максиГриппин, цитрамон П, фервекс, ректол-125, ректол-250, аскофен, нолгрипп, суықтимицин, КМ-парацетофит, парацетамол Роутек, ОРВИколд, боксГрипал, гриппоФлю, танфлекс, ГРИПГО, вива Фам парацетамолы, терафлю, колдфри, Б. Юраун парацетамолы, ринза, гриппостад, ТАЙЛОЛФЕН ХОТ, стопгрипан-Лимон, цитрик Солпадеин Актив.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі парацетамол мен коронавирусты емдеуге арналған өзге де дәрілердің сату бөлімдеріне жеткізіліп жатқанын мәлімдеді. Атап айтқанда, Қазақстанға парацетамолдың 2 миллион қаптамасы әкелінетіні хабарланды.

Бүгін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой парацетамолдың тапшылығына қатысты пікір білдірді. Ол кеше, 1 шілде күні астанадағы дәріханаларға 70 мың қаптама таратылғанын айтты. Соның бәрін жарты сағаттың ішінде сатып алды. Министр қазіргі кезде препараттарды интернет желісінде сатып, үстінен пайда табатындар бар екенін атап өтті. Енді, осы мәселемен құзіретті органдар айналысатын болады.

 

 

169
Кілт сөздер:
коронавирус, дәрі, министрлік
Тақырып бойынша
Парацетамолды күніне неше рет ішуге болады – денсаулық министрлігі кеңес берді
Коронавирустан дәрі-дәрмексіз емделуге болады – инфекционист кеңес берді  
Денсаулық министрі парацетамол тапшылығына кімдер кінәлі екенін айтты 
Парацетамол ұрлаған: Атырауда дәріхана тоналды
Алматы облысында парацетамол ішкен қыз көз жұмды
Ресейдің СІМ ғимараты

"Бізге дәлел қажет": Ресей New York Times мақаласына баға берді

0
Таяуда New York Times басылымы Ауғанстандағы Ресей мен тәлібтердің "келіссөзіндегі" "делдалды" атаған мақаласын жариялады

АЛМАТЫ, 2 шілде – Sputnik. Ресейдің сыртқы істер министрлігі Ресейдің тәлібтермен "сөз байласқанына" қандай да бір дәлел бар екеніне қатысты түсініктеме берді. Ресей Федерациясы президентінің Ауғанстандағы арнайы өкілі, Ресей СІМ екінші Азия департаментінің директоры Замир Кабуловтың айтуынша, мақалада тек бос айыптаулар жазылған.

"Бізге дәлел қажет, ал олар жоқ. Бұл бос пайымдау ғана", - деп мәлімдеді Кабулов Sputnik радиосына. 

Ол сондай-ақ, мақалада есімі аталатын контрабандист Рахмат Азизи жайлы ешқашан естімегенін айтты. Басылымның мәліметі бойынша, ол екі тараптың арасында бас делдал болған.  

Сонымен қатар Кабулов мақаланы оқып отырған кезде жауаптан гөрі сұрақ көп туындайтынын атап өтті.

"Жалған дүниені де мұқият дайындау қажет",- деп толықтырды ойын Кабулов. 

Айта кетейік, таяуда New York Times басылымы Ауғанстандағы Ресей мен тәлібтердің "келіссөзіндегі" "делдалды" атаған мақаласын жариялады. Мақала авторының айтуынша, делдал – контрабандист Рахмат Азизи деген азамат.

Бұған дейін NYT басылымы атауы көрсетілмеген арнайы қызметтерге сілтеме жасап, Ауғанстандағы америкалық сарбаздарға шабуыл жасағаны үшін Ресейдің тәлібтермен байланысы бар жауынгерлерге сыйақы ұсынғаны жайлы мақала жариялады. Алайда мақалада ешқандай дәлел көрсетілмеген.

"Талибан" қозғалысының өкілі Забиулл Муджахид америкалық басылымның бұл сөзін жоққа шығарды. Ал Трамп бұл мақаланы тапсырыспен жазылған болуы мүмкін деп бағалады.

0