Қазақстан орталық сайлау комиссиясының ғимараты

Қазақстанның орталық сайлау комиссиясындағы таблода әдемі сан пайда болды фото

1160
(Жаңартылды 16:56 20.05.2019)
Қазақстан президенті сайлауына 19 күн қалды, мемлекет басшысы болуға жеті кандидат үміткер  

НҰР-СҰЛТАН, 20 мамыр — Sputnik. Қазақстан орталық сайлау комиссиясының ғимаратындағы президент сайлауының басталуына қанша уақыт қалғанын көрсететін таблоға әдемі дата шықты.  

Sputnik Қазақстан тілшісі сандар қызық ретпен орналасқан сәтті фотоға түсіріп алды – 19 күн, 19 сағат, 19 минут және 19 секунд.

До выборов осталось 19 дней
© Sputnik / Жания Уранкаева
Қазақстанның орталық сайлау комиссиясындағы таблода әдемі сан пайда болды

Ұлттық банк "Сайлаудан кейін девальвация бола ма?" деген сұраққа жауап берді 

Қазақстан президенті сайлауы 9 маусымда өтеді. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев 19 наурыз күні өкілеттігін тоқтататынын жариялады.  

Мемлекет басшысы лауазымына жеті кандидат сайлауға түседі:

  • Қазақстанның коммунистік халықтық партиясынан Жамбыл Ахметбеков;
  • "Ақ жол" демократиялық партиясынан Дания Еспаева;
  • "Ұлт тағдыры" қозғалысының үміткері Әміржан Қосанов;
  • "Ауыл" партиясының өкілі Төлеутай Рахымбеков;
  • Кәсіподақтар федерациясының өкілі Амангелді Таспихов;
  • Nur Otan партиясынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
  • "Ұлы дала қырандары" қоғамдық бірлестігінен Сәдібек Түгел.  
1160
Кілт сөздер:
президент сайлауы
Тақырып бойынша
Бай мемлекетте кедейлер болмау керек – кандидаттардың сайлауалды бағдарламасы
Қазақстан президенттігіне кандидаттар арасында дебат өте ме – министрдің жауабы
Сайлаудан кейін дауыс санаған 500 қызметкер көз жұмды
Әміржан Қосанов: Тоқаевтың уәдесіне сеніп келдім
Президенттікке үміткер басында үйі жоғын, астындағы көлігін несиеге алғанын айтты
Орталық сайлау комиссиясы журналистермен енді "басқаша" сөйлеседі
Загрузка...