Қоғам

Ұлттық банк салмағы 1 кг тартатын монета шығарды

© Sputnik / Абзал КалиевТеңге
Теңге - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коллекциялық монеталар Еуразиялық экономикалық одақтың бес жылдығына арналды

НҰР-СҰЛТАН, 21 мамыр — Sputnik. Ұлттық банк "Eýrazialyq ekonomikalyq odaq. 5 jyl" коллекциялық монеталарын айналымға шығарды.

Номиналы 50 000 теңгелік алтын (999 сынамалы) монетаның салмағы 1 килограмм тартады, диаметрі 100 миллиметр, таралымы 20 дана.

Номиналы 500 теңгелік алтын (999 сынамалы) монетаның салмағы 31,1 грамм тартады, диаметрі 32 миллиметр, таралымы 500   дана.

© Photo : Национальный банк РКНоминалы 500 теңгелік "Eýrazialyq ekonomikalyq odaq. 5 jyl" алтын монетасы
Ұлттық банк салмағы 1 кг тартатын монета шығарды - Sputnik Қазақстан
Номиналы 500 теңгелік "Eýrazialyq ekonomikalyq odaq. 5 jyl" алтын монетасы

Номиналы 500 теңгелік күміс (925 сынамалы) монетаның салмағы 31,1 грамм тартады, диаметрі 38,61 миллиметр, таралымы 1500 дана дайындалған.

© Photo : Национальный банк РКНоминалы 500 теңгелік "Eýrazialyq ekonomikalyq odaq. 5 jyl" күміс монетасы
Ұлттық банк салмағы 1 кг тартатын монета шығарды - Sputnik Қазақстан
Номиналы 500 теңгелік "Eýrazialyq ekonomikalyq odaq. 5 jyl" күміс монетасы

"Коллекциялық монеталар Еуразиялық экономикалық одақтың бес жылдығына арналады. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрі бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу және аударым жасау үшін қабылданады, Қазақстан Республикасының барлық банкінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады", - деп жазылған Ұлттық банктің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Жаңалықтар
0