Мәжіліс

Мәжіліс депутаттары зейнетақыны бір реттік төлеммен беруді сұрап отыр

6222
Бектұрғанов шетелдік клиникаларда қосымша ем алу үшін сырқат адамдарға қомақты ақша қажет екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Мәжілістің бір топ депутаты қатерлі ісікке шалдыққан адамдарға зейнетақы жинағын бір реттік төлеммен беру мәселесін көтерді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Мәжіліс депутаттары премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықоваға жолдаған сауалында обырға шалдыққан адамдардың зейнетақы жинағын алу тәртібі мәселесін қозғады.

Мәжілісмен Ерсұлтан Бектұрғановтың айтуынша, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, онкологиялық ауруға шалдыққан адамға мүгедектік беріледі, ол екіге бөлінеді: біріншісі – белгілі бір мүгедектік мерзімі бар топ, екіншісі – мерзімсіз топ болып саналады. 

Тағы оқыңыз: Зейнетақы қорындағы ақшасы баспана салуға жұмсалуы мүмкін 

"Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұсынған деректер бойынша, қазір онкологиялық аурулар салдарынан мүгедек болған адамдардың жалпы саны 39 100 адамды құрайды, оның ішінде 15 200 адамның мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген", - деді депутат.

Ол үкімет бекіткен қаулыға сәйкес мерзімсіз I немесе II топтағы мүгедектігі бар адамдар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан өз зейнетақы жинағын бір реттік төлем түрінде алуға құқығы бар екенін атап өтті. Алайда, төлемді алудың кейбір талаптары қордағы ақшаны алуды біршама қиындататын көрінеді.

"Мәселен, зейнетақы жинағы ең төмен зейнетақының 12 еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда ғана, ол бір реттік төлем түрінде беріледі. Биыл бұл сома 433 296 теңгеге тең. Демек, егер жинақ мөлшері осы көрсетілген сомадан асып түссе, адам бір реттік төлемді ала алмайды", - деді Бектұрғанов.

Бұл жағдайда, оның айтуынша, адам өзінің зейнетақысын белгіленген есептеу әдістемесіне сәйкес ай сайын алып отырады. Ал ай сайынғы төлем өте мардымсыз, сондықтан емдеу шығындарын өтеуге жетпейді.

"Қолданыстағы тәртіпке сәйкес, адам қайтыс болғаннан кейін ғана оның зейнетақы жинағын отбасы немесе жақындары ала алады. Бұл қаражаттың ауырып, өмірден өткен адамға қажеті жоқ екендігі айтпаса да түсінікті. Бүгінде Қазақстанда обыр ауруларын емдеу тегін жүргізілетіні белгілі. Бірақ, бәріміз білетіндей, көп жағдайда сырқат адамдар білікті отандық немесе шетелдік клиникаларға қосымша ем алу үшін барып жатады, ал ол қомақты ақшаны талап етеді", - дейді мәжілісмен.

Осыған байланысты депутат үкіметке онкологиялық аурулармен ауыратын адамдарға, мүгедектігінің санатына қарамастан, зейнетақы жинағын бір реттік төлем түрінде беру мәселесін қайта қарауды ұсынды.

 

6222
Кілт сөздер:
мәжіліс депутаттары, қатерлі ісік, зейнетақы
Тақырып бойынша
Мәжіліс зейнеткерлердің өмірін жеңілдететін заң жобасын мақұлдады
Министр мұғалімдердің 48 жасында зейнетке шығу мүмкіндігі туралы айтты
Келесі жылдан бастап кімдер зейнетке ерте шыға алады 
433 мың: зейнетақы қорындағы ақшаны кімдер толық шешіп ала алады?
Әр балаға – 21 мың теңге: депутат бала-шағасын өз күшімен асырап отырғандар туралы айтты
Зейнетақы жинағын кредитті жабуға пайдалануға бола ма – Ұлттық банк жауабы
Коронавирус, вакцина

Өткен тәулікте 272 адам COVID-19 жұқтырды

29
(Жаңартылды 09:41 28.05.2020)
Коронавирусқа байланысты соңғы мәліметке сәйкес, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 9 576, емделіп шыққандар - 4 768, кайтыс болғандар - 37

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр - Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 272 адам COVID-19 жұқтырды. Өсім - 2,9%.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 56 (3,2%)

Қарағанды облысы - 49 (7,0%)

Алматы қаласы - 25 (1,1%)

Ақтөбе облысы - 22 (7,8%)

Батыс Қазақстан облысы - 21 (4,4%)

Қызылорда облысы - 20 (6,6%)

Шымкент қаласы - 17 (2,4%)

Түркістан облысы - 17 (5,0%)

Атырау облысы - 15 (1,6%)

Алматы облысы - 14 (4,6%)

Қостанай облысы - 5 (3,8%)

Жамбыл облысы - 4 (1,1%)

Ақмола облысы - 2 (1,4%)

Солтүстік Қазақстан облысы - 2 (4,1%)

Шығыс Қазақстан облысы - 1 (1,4%)

Маңғыстау облысы - 1 (0,6%)

Павлодар облысы - 1 (0,5%)

155 адам емделіп шықты. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 9 576, емделіп шыққандар - 4 768, кайтыс болғандар - 37.

Данные по коронавирусу на утро 28 мая
© Photo :
Коронавирусқа қатысты соңғы ақпарат, 28 мамыр
29
Кілт сөздер:
Қазақстан, адам, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Ешқайда кетпейді": бас санитар дәрігер коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады
Бас санитар дәрігер вирус жұқтырғандар саны неге артып жатқанын түсіндірді
Жұмысқа шыққандар арасында вирус жұқтырғандар көбеюде – министрлік
Дәрігер темекі шегетіндер үшін коронавирус қаншалықты қауіпті екенін айтты
Қазақстан өңірлері вирус жұқтыру өсімі бойынша үш топқа бөлінді
Аурухана, архивтегі сурет

Блок бекеттегі апат: министр ауруханада жатқан полицейге барды

270
(Жаңартылды 20:35 27.05.2020)
Ішкі істер министрі Алматыдағы блок бекетте болған жағдайды жеке бақылауына алды. Тұрғымбаев зардап шеккен полицейге тез сауығып кетуін тіледі

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр — Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі полицей көз жұмған жол апатынан кейін жұмыс сапарымен Алматыға арнайы барды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Министр внутренних дел Казахстана Ерлан Тургумбаев навестил в больнице полицейского, пострадавшего при столкновении на блокпосту в Алматы
Ішкі істер министрі Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханада

Министр №7 қалалық клиникалық ауруханаға зардап шеккен полиция қызметкері аға лейтенант Ербұлан Сейдазымға барды. “BMW” автокөлігінің блок бекетке соғылуының салдарынан ол жабық бас сүйек-ми жарақатын алып, миы ауыр дәрежеде зақымданған.

Зардап шеккен полицейге екі операция жасалды. Бас сүйегінің резекциялы трепанациясы және бас сүйек ішіндегі гематома алынды.

Ведомство басшысы дәрігерлер консилиумына қатысты. Мамандардың айтуынша, пациенттің жағдайы ауыр, бірақ оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Блок бекеттегі апат

Айта кетейік, 25 мамыр күні таңертең Көксай ауылындағы блок бекеттердің бірінде жантүршігерлік жол апаты болып, екі полицей көз жұмды. Сол сәтте көлік ішінде болған 42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында, ал оның әріптесі Дастан Әбдіқанов аурухана төсегінде көз жұмды. Тағы бір полицей ауыр жараланды. Ол бекеттен әрі-бері өткен көліктерді тексеріп тұрған. Басынан ауыр жараланған полицейге ота жасалды.

№ 7 қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургы Ерлан Түбелбаев науқастың жағдайы тұрақты ауыр екенін айтты. Миына компьютерлі томография жасалынды. Науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған. Жансақтау бөлімінде емделіп жатыр.

Күдіктінің кінәсі дәлелденсе 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

270
Кілт сөздер:
Алматы, полицей, аурухана, министр, апат
Тақырып бойынша
Марқұм полицейдің әйелі мас жүргізуші туралы: ол күйеуіммен бірге істеді  
Бас санитар дәрігер блок бекеттердің қандай жағдайда алынатынын айтты
Алматы блок бекетіндегі оқиғадан кейін полиция департаментінің басшылығы жазаланды
Алматыда блок бекетті соққан ер адам полицияда 6 жыл жұмыс істеген – ІІМ
Блок бекеттегі трагедия: қаза болған полицейлердің отбасына пәтер беріледі 
Бизнес, құжаттар

Үйден шықпай-ақ жеке кәсіпкерлік жүргізуді қалай тоқтатуға болады

8
(Жаңартылды 10:30 28.05.2020)
Әлеуметтік төлем бойынша және салық қарызы жоқ азаматтар жеке кәсіпкерлік жүргізуді онлайн режимде тоқтата алады

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр — Sputnik. Жеке кәсіпкерлер кәсіпкерлік қызметті тоқтатудың жеңілдетілген тәртібін қолдана алады, деп хабарлайды мемлекеттік кірістер комитеті.

Бұл үшін мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында салық төлеушінің салық өтінішін толтыру керек.

Үйден шықпай-ақ жеке кәсіпкерлікті қалай жабуға болады

Жеке кәсіпкер не істеуі керек:

  • мемлекеттік кірістер комитетінің сайтында салық қарызын тексеру (бар болса, өтеу);
  • тұрғылықты жері бойынша мемлекетттік кірістер комитетінің аумақтық органдарына кәсіпкерлікті жою есебін электронды түрде беру;
  • кассалық аппарат бар болған жағдайда оны есептен алу туралы салық өтінішін толтыру; 
  • электрондық үкімет порталы арқылы салық өтінішін толтыру немесе тұрғылықты жері бойынша мемлекетттік кірістер комитетінің аумақтық органдарының электронды поштасына жіберу.

Жеке кәсіпкерлікті кімдер онлайн тоқтата алады

Жеңілдетілген режимді қандай кәсіпкерлер қолдана алады: 

  • қосымша құн салығын төлемейтіндер; 
  • бірлескен кәсіпкерлік формасы бойынша жұмыс істемейтіндер;
  • өнім өндірмейтіндер, сатпайтындар: бензин (авиациялықтан басқа), дизель отыны, этил спирті, алкоголь өнімі, темекі өнімі, сондай-ақ, ойын бизнесіне қатысы жоқ болса; 
  • салық және әлеуметтік төлем бойынша қарызы жоқтар.
8
Кілт сөздер:
әлеуметтік төлем, салық, жеке кәсіпкерлер
Тақырып бойынша
"Кетпеңізші деп жалынамыз": кәсіпкер депутаттар алдында жанайқайын жеткізді
Салық, айыппұл мен мемлекеттік қызметтерді QR-код арқылы төлеуге болады
Кәсіпкерлер 1 қазанға дейін салықтан босатылды
Жеке кәсіпкерлерге 6 проценттік кредит беріледі – министр
 Дариға Назарбаева министрге кәсіпкерлердің шағымын жеткізді