Дариға Назарбаева

Армения президенті Дариға Назарбаеваның талантын айтып мақтады

1499
(Жаңартылды 12:46 23.05.2019)
Армен Саркисян Еуразия медиа форумына ұзақ ғұмыр тілеп, арада 10, 20 жыл өткеннен кейін де осы айтулы оқиғаның бір бөлшегі болып қалғысы келетінін жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 23 мамыр – Sputnik. Армения президенті Армен Саркисян Дариға Назарбаеваның өзімен бірге ұзақ жылдар бойы жұмыс істейтін команда жинай алатын таланты бар екенін айтты. Мемлекет басшысы Еуразия медиа форумына қатысып жатқанына қуанышты екенін білдіріп, Қазақстанның тұңғыш президентінің қызына алғыс айтты.

Алматыда Еуразиялық медиафорум жұмысын бастады - видео

"2002 жылы форум алғаш рет ашылғанда, маған аз да болса өз үлесімді қосу бақыты бұйырды. Мен мұнымен мақтанамын. Мен бұл форумды журналистік ортаға ғана емес, Еуразия түсінігіне зор ықпалы бар институт деп атар едім", - деді Саркисян.

Президент Еуразия медиа форумы дегенде бірнеше концепция ойға оралатынын атап өтті. Оның алғашқысы "Еуразия" деген атауға ие. Бұл сөз, Саркисянның пікірінше, тек географияны ғана білдірмейді, осыдан мыңдаған жыл бұрын пайда болған өркениеттердің ұлы тарихын, Жібек жолын, Лев Гумилев философиясы мен Нұрсұлтан Назарбаевтың ММУ-де сөйлеген сөзін біріктіреді.

Назарбаева Қазақстандағы нөмірі бірінші проблеманы атады

"Біздің түсінігіміздегі форум, бұл, ең алдымен, Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева, оның осы форумды өткізу үшін Қазақстан үкіметінен және де тұңғыш президент Нұрсұлтан Әбішұлынан алған қолдауы. Бірнеше жылдан кейін сіздермен қауышқаныма қуаныштымын. Өмірде өзгермейтін дүниелер бар екен. Бұл сізбен жұмыс істей бастаған және әлі қасыңызда жүрген адамдар. Бұл сіздің команда жинай алатын талантыңыз. Сізге алғыс айтқым келеді", - деді ол Дариға Назарбаеваға қарап.

Дариға Назарбаева кезектен тыс президент сайлауы туралы пікір білдірді

Армения президенті арада 10, 20 жыл өткеннен кейін де Еуразия медиа форумына қатысқысы келетінін жеткізді.

Алматыда бейсенбі күні XVI Еуразия медиа форумының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шараға Армения президенті Армен Саркисян, ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев, Алматы әкімі Бауыржан Байбек, продюсер, RizKhan Productions араб компаниясының басшысы Риз Хан және тағы басқалары қатысты.

Еуразия медиа форумының ресми ақпараттық серіктесі – Sputnik Қазақстан.

1499
Кілт сөздер:
талант, Армен Саркисян, Армения, Дариға Назарбаева
Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов

Аймағамбетовтің жолдаған хаты туралы ұстаздар айта бастады

15
Қазақстанның білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов еліміздің түкпір-түкпіріндегі ұстаздардың жеке почтасына арнайы хат жолдаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы №66 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Толқын Батырбайқызы instagram желісіндегі парақшасына білім министрінен мотивацияға толы хат алғанын жазды.

"Кеше түнде сабақтарыма дайындалып отырып, электронды почтамды ашып қалсам, бас ұстазымыз Асхат Қанатұлынан хат келіп тұр. Хатты оқып көзіме жас келді. Хат соңында бойымда әлдебір күш пайда болғандай, жігерлендім", – деп жазды автор.

Сондай-ақ, ол қарапайым ұстаз ретінде министрден жылы лебізге толы хат алғанына қуанып, мамандығына деген құрметі артқанын атап өткен.

"Шынымды айтсам, өз мамандығыммен кеудемді мақтаныш кернейді. Неге дейсіз ғой?! Себебі, біз адаммен жұмыс істейміз. Жәй қарапайым адаммен емес, еліміздің жарқын болашағын жасайтын бақытты балалармен жұмыс істейміз. Иә, мына пандемия бәріміздің еңсемізді түсіріп тастағаны рас. Бұл қиын кезеңде біздің жұмысымыз екі есеге өсті. 4 тоқсанда 3 сағаттық ұйқымен телесабақтар өткізген күндер де болды. Міне, жаңа оқу жылына да телесабақтарға қызу дайындықтамыз. Осындай нағыз қолдауды қажет ететін сәтте министр мырзадан мотивацияға толы хат келгенде, еңсемізді тіктеп, жұмысқа деген шабыт оянады екен. Алғысым шексіз", – деп жазды ол. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Толқын Батырбайқызы (@janatolkyn)

Сонымен қатар, автор бүгінгі таңда ұстаздарға балалар мен олардың ата-аналары ғана емес, бүкіл ел үміт артып отырғанын жеткізді.

"Сондықтан, қазіргі жағдайда біздің міндетіміз тек оқыту ғана емес, сонымен қатар тұрақтылық пен сенімділікке бағыт беру. Шыдамды болып, мейірімділік пен ұстамдылық таныта білу. Оны оқушыларыңызға да үйретуге тырысыңыз, деген жігерге толы хат бізді алға жетелегендей", – деп жазады ұстаз.

Аймағамбетов ұстаздарға арнаған хатында не жазды

Министр өз хатында әріптестерінің қазіргідей қиын кезеңде отбасымен бірге аман-есен, денсаулығына еш қауіп төнбейтін жағдайда жүр деп үміттенетінін білдірген.

"Сізге пандемия жағдайындағы баға жетпес ұстаздық еңбегіңіз үшін, жанкешті жұмысыңыз бен кез келген уақытта балаларымызға тіреу болуға деген ізгі ниетіңіз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Біз сізбен осынау қиын уақытты еңсеру жолындамыз. Коронавирус пандемиясы баршамыздың тұрмыс-тіршілігімізге әсер етті. Сүрінбей өтуге тиіс түрлі сынақтарға толы уақыт басталды. Осыдан жарты жыл бұрын мұндайды тіпті елестетпеген едік. Өкінішке орай, жақын адамдарымыздан айырылып жатырмыз. Білім және ғылым жүйесі адами құндылықтарды дәріптеген, ұрпақты тәрбиелеп, білім берген арда азаматтарынан – сала ардагерлерінен, біздің қымбатты әріптестерімізден айырылуда", – деп жазады министр.

Сондықтан да, туысы мен достары көз жұмған әріптестерімнің қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын деген Аймағамбетов кез-келген қиындық бізді шыңдай түсіп, мұндай сынақтар жігерімізді қайрап, рухымызды мықты ететініне сенім артқан.

"Осынау қиын-қыстау кезеңде бірге болуымыз аса маңызды. Біздің күшіміз – біздің бірлігімізде. Біз кез келген қиын міндеттерді бірде-бір баланы ескерусіз қалдырмай, бірлесе отырып шеше аламыз", – деп ол жүрекжарды лебізін білдірген.

"Қазір бізге балаларымыз бен олардың болашағы үшін және тек білімі ғана емес, денсаулығы мен моральдық жағдайы үшін де үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Оқушыларымыздың мейлінше қауіпсіз әрі жайлы ортада білім алуына қажетті жағдайдың барлығын жасауымыз керек.

Мемлекет басшысы атап өткендей "Мұғалім – білім беру жүйесінің негізі. Біздің балаларымыздың білім деңгейі мұғалімдерге жасалған жұмыс жағдайларына тікелей байланысты". Президент бұл сөздермен мұғалімдердің білім беру жүйесіндегі рөлінің қаншалықты маңызды екенін көрсетіп отыр. Жағдай орнығады. Дәрігерлермен бірігіп біз індетті бірге жеңеміз, бұрынғы өмір біртіндеп қалпына келе бастайды. Оған дейін бәріміз оқушылар мен ата-аналарға және бір-бірімізге тіреу бола білуіміз қажет", – дейді Аймағамбетов.

Оқи отырыңыз: Білім күні қалай өтеді – министр жауап берді

Алғыс айтудың ешқашан артықшылығы болмайтынын атап өткен министр әрбір ұстазға төртінші тоқсанда атқарған ерен еңбегі үшін тағы бір мәрте рақметін жеткізген.

"Сіз – нағыз батырсыз. Сіздің қуатты қолдауыңызды сезініп отырмын. Сол себепті де ертең балаларымыздың білімін жетілдіру жолында еш кедергі болмайтынына сенемін. Біз техникалық және моральдық қиындықтарға қарамастан барлық қолайсыздықтарды жеңе аламыз. Бірге болсақ, күшіміз бен мүмкіндіктеріміз де арта түспек. Қиын кезеңдер өтеді де кетеді, сынаққа сынбай, болашағына сенген жігері мықты адамдар ғана бәрін жеңеді! Жаңа оқу жылында жолыққанша!", – деп түйіндейді министр.

15
Кілт сөздер:
Асхат Аймағамбетов, ұстаз
Тақырып бойынша
Аймағамбетов жаңа оқу жылында білім алудың ерекшеліктерін атады
Депутат білім министріне ата-аналарды мазалаған мәселені жеткізді
"Ашық айтуымыз керек": білім министрі үкіметте маңызды мәселені көтерді
Тоқаев білім министріне ұстаздарға қатысты екі маңызды тапсырма берді
Аймағамбетов білім саласында қандай өзгерістер болатынын жариялады
Пробирка

Өткен тәулікте 872 адамның коронавирус індетімен ауырғаны анықталды

91
(Жаңартылды 13:38 09.08.2020)
Коронавирус анықталған 428 адам клиникалық белгісі жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелген

НҰР-СҰЛТАН, 9 тамыз – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 872 адамның коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды. Ал республика бойынша 664 адам дерттен айығып шықты, деп хабарлайды ведомствоаралық комиссия.

"Оның ішінде 428 адам клиникалық белгілері жоқ тасымалдаушы ретінде тіркелді", – делінген хабарламада.

Қалалар мен өңірлер бойынша (жалпы/симптомсыз):

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 174 / 78
  • Алматы қаласы - 151 / 73
  • Шымкент қаласы - 24 / 13
  • Ақмола облысы - 39 / 22
  • Ақтөбе облысы - 10 / 5
  • Алматы облысы - 23 / 16
  • Атырау облысы - 41 / 35
  • Шығыс Қазақстан облысы - 78 / 30
  • Жамбыл облысы - 30 / 18
  • Батыс Қазақстан облысы - 55 / 24
  • Қарағанды облысы - 90 / 27
  • Қостанай облысы - 30 / 13
  • Қызылорда облысы - 6 / 6
  • Маңғыстау облысы - 29 / 24
  • Павлодар облысы - 26 / 15
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 40 / 11
  • Түркістан облысы - 26 / 18.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны – 98 701.

Ведомство таратқан дерекке сүйенсек, өткен тәулікте Қазақстанда 664 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 21
  • Алматы қаласы - 60
  • Шымкент қаласы - 2
  • Ақмола облысы - 41
  • Ақтөбе облысы - 48
  • Атырау облысы - 29
  • Шығыс Қазақстан облысы - 212
  • Жамбыл облысы - 53
  • Батыс Қазақстан облысы - 32
  • Қарағанды облысы - 23
  • Қостанай облысы - 101
  • Маңғыстау облысы - 2
  • Павлодар облысы - 30
  • Түркістан облысы - 10.

Қазақстан бойынша жазылғандар саны – 72 273.

91
Кілт сөздер:
індет, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Коронавирус қанша уақытқа созылады - дүниежүзілік денсаулық ұйымы болжам жасады
Коронавирус анықтамасын сатқан медицина қызметкері қылмыс үстінде ұсталды – видео  
Мамин коронавирус пандемиясының жаңа толқыны туралы айтты
Коронавирус пен пневмония құрбандары: министрлік соңғы деректерді жария етті
Ақтөбеде коронавирус жұқтырған балалар Кавасаки синдромына шалдықты