Пара

Агенттік қолға түскен жемқорлардың видеосын жариялады

1413
Нұр-Сұлтан әуежайының бас бухгалтері 1,3 миллиард теңгені жымқырған. Ал "ҚазАвтоЖол"-дың басшысы мердігерлерден ақша жинап отырды

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі осы аптада қанша жемқордың қолға түскен жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалиннің айтуынша, елорда әуежайының бас бухгалтері жалған шот-фактуралар арқылы компанияның 1,3 миллиард теңгесін жымқырғаны үшін күдікке ілініп отыр. Аудиторлық тексеріс те аталған соманы растады. Бұдан бөлек, ол жемқорлыққа қарсы қызметкерлерге 16 миллион теңгенің парасын ұсынған.

"Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сот санкциясы бойынша күдіктіге қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қабылданды", - деді Бердалин арнайы баспасөз мәслихатында.

Бұдан бөлек, Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы пара алған. Ол "Агробизнес-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидиялаларды таратқаны үшін шаруа қожалықтарынан жүйелі түрде ақша жинап отырды. Басқарма басшысы өз кінәсін толығымен мойындады. Сол себепті оны қамауға алған жоқ. Тергеу шаралары жалғасуда.

Ал Маңғыстау облысында "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының облыстық филиал басшысының орынбасары мердігелерден 1 миллион теңгеден пара алғаны үшін күдікке ілінді. Мердігер компаниялар жол учаскесінің құрылысын уақытында орындамаған. Ал айыппұлды төлемеу үшін "ҚазАвтоЖол" басшылығына пара берген. Қазіргі кезде лауазымды тұлғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

"Тағы бір мысал, Шығыс Қазақстан облысында Аягөз ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсету орталығының директоры еңбек қатынастарымен байланысты жалпы қаморлығы үшін 150 мың теңге пара алғаны үшін күдікті деп танылуда", - дейді Бердалин.

Сондай-ақ, Алматыда "Ғарыш-Экология" ғылыми-зерттеу орталығының бас директоры 2017 жылғы 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейінгі кезеңде мекемеде іс жүзінде жұмыс жасамаған Жезқазған қаласындағы өкілдігінің директорына еңбек ақыны есептеу арқылы 917 458 теңгені жымқырған. Ол өз кінәсін толық мойындады. Енді, аталған істердің барлығы сотта қаралады.

1413
Кілт сөздер:
видео, жемқорлық
Тақырып бойынша
Қазақстан сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары елдердің қатарынан шықты
Шпекбаев қандай органдарда сыбайлас жемқорлық жиі жасалғанын айтты
Шпекбаев: күн сайын жемқорлық туралы 50-100 хат келеді
Тоқаев жемқорлық туралы: мемлекеттік орган басшылары отставкаға кетуі керек
Ата-аналардан жиналған ақша қандай жағдайда жемқорлық болып есептеледі?
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Асхат Аймағамбетов

Тоқаев білім министріне ұстаздарға қатысты екі маңызды тапсырма берді

1351
(Жаңартылды 17:58 05.08.2020)
Президент жаңа оқу жылын дұрыс ұйымдастырудың маңызды екенін ескертіп, қашықтан оқыту кезінде тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсетуге көңіл бөлуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің жаңа оқу жылына дайындығы және бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысы жайында есеп берді, деп хабарлады Ақорда сайты.

Президент жаңа оқу жылын дұрыс ұйымдастырудың маңызды екенін ескертті. Әсіресе, қашықтан оқыту кезінде әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға қолдау көрсету қажеттігіне баса назар аударды.

"Мемлекет басшысы білім және ғылым министріне педагогтердің мәртебесін көтеру жөніндегі жұмысты жалғастыруды, ұстаздарды негізгі қызметінен бөлек жұмысқа жұмылдырмауды және 2021 жылғы қаңтар айына жоспарланған мұғалімдердің жалақысын 25%-ға арттыруды қамтамасыз етуді тапсырды, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев жоғары оқу орындарының академиялық дербестігін одан әрі кеңейту, жоғары білімнің сапасын арттыру және ЖОО-дағы ғылымды дамыту туралы тапсырма берді.

Оқи отырыңыз: "Ашық айтуымыз керек": білім министрі үкіметте маңызды мәселені көтерді

1351
Кілт сөздер:
ұстаздар, білім
Тақырып бойынша
Білім министрі Аймағамбетов сүйінші жаңалығын бөлісті
Депутат білім министріне ата-аналарды мазалаған мәселені жеткізді
Білім күні қалай өтеді – министр жауап берді 
Аймағамбетов жаңа оқу жылында білім алудың ерекшеліктерін атады
Білім министрлігі карантинге байланысты қандай өзгеріс болғанын хабарлады
Күнтізбе - 10 тамыз

Қазақстанда жаңа мереке пайда болды

1002
Үкімет "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" қаулыға толықтыру енгізді

АЛМАТЫ, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстанда жаңа мереке – Абай күні бекітілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.  

Үкімет "Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" қаулыға толықтыру енгізді. Осылайша, 10 тамыз Абай күні болып бекітілді.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар тамыз айында неше күн демалады   

"Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы үкіметінің 2017 жылдың 31 қазанындағы № 689 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын: "22-1. Абай күні – 10 тамыз", - делінген ақпаратта.

Қаулы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

1002
Кілт сөздер:
Қазақстан, мереке
Бейрутегі жарылыс

Тоқаев қазақстандықтардың қауіпсіздігі үшін Ливан президентіне қоңырау шалды

0
Ливанда 200-ге жуық Қазақстан азаматы, оның ішінде, қазақ дипломаттары мен әскери қызметшілер тұрып жатыр   

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ливан президенті Мишель Аунға телефон арқылы көңіл айтты. Бұл туралы мемлекет басшысы Twitter-де хабарлады.

"Бүгін Ливан президенті Мишель Аунмен телефон арқылы сөйлесіп, Бейрут портындағы жарылыс кезінде қаза болған адамдардың отбасына көңіл айтып, зардап шеккендердің сауығып кетуіне тілектестік білдірдім", - деп жазды Тоқаев.

Ол Ливандағы 200-ге жуық Қазақстан азаматының, оның ішінде, қазақ дипломаттарының және БҰҰ-ның бітімгершілік күштері құрамында қызмет атқарып жүрген әскери қызметшілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді өтінді.

Оқи отырыңыз: Сыртқы істер министрі Тоқаев қандай тапсырма бергенін айтты 

"Ливан президенті осындай қиын-қыстау кезеңде қолдау білдіргеніміз үшін алғыс айтып, Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге уәде берді", - деп атап өтті президент.

Бейрут қаласындағы жарылыс

4 тамыз күні Ливан астанасындағы теңіз порт базасында бірнеше жарылыс болды. Жақын маңдағы және бірнеше шақырым қашықтықтағы үйлер, ғимараттар қирады.

Ливандық БАҚ жүздеген адам зардап шегіп, ондаған тұрғын қайтыс болғанын айтты.

Жарылыс пиротехника қоймасында болуы мүмкін деген болжам жасалды. Алайда Ливан қауіпсіздік қызметінің басшысы генерал Аббас Ибрагим мұны жоққа шығарып, жарылғыш заттар орнатылғанын мәлімдеп отыр.

Жарылыс толқыны салдарынан Ливандағы Қазақстан дипломатиялық миссиясының ғимаратына зақым келді. Ол кезде жұмыс аяқталған. Сондықтан дипломатиялық миссия қызметкерлері кеңседе болмапты. Бірақ жұмыста қалған Қазақстанның Ливандағы консулы Бағлан Сыпабек жарылыс болған кезде жарақат алды.

0
Кілт сөздер:
қауіпсіздік, жарылыс, Қасым-Жомарт Тоқаев
Тақырып бойынша
Ақсайда тазартқыш ғимаратта жарылыс болып, бөлімше бастығы көз жұмды
Бейруттегі жойқын жарылыс: Қазақстан консулы жараланды