Қоғам

Дәрі-дәрмекті рецептісіз сатқан дәріханаларға айыппұл салынады

© Sputnik / Сергей Пивоваров / Медиабанкке өтудәріхана
дәріхана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Нұр-Сұлтанда дәрілік заттарды рецептісіз сатудың зардаптары түсіндірілді

НУР-СУЛТАН, 25 мамыр — Sputnik. Дәрі-дәрмекті рецептісіз сатқан дәріханаларға 2,5 миллион теңгеге дейін айыппұл салынады. 

Қазіргі кезде Қазақстанда дәрілік заттардың 7792 атауы тіркелген. Олардың 6033-і, яғни 77 пайызы дәрігердің рецептісімен, қалған 1759-ы рецептісіз сатылады. Бұдан бұрын дәрі-дәрмек саудадағы атау бойынша босатылса, қазір халықаралық атау бойынша рецепт арқылы науқасқа беріледі, деп хабарлайды Елорда Ақпарт.

Дәрі-дәрмек - Sputnik Қазақстан
Дерекқор
Тегін дәрі-дәрмек: қайдан және қалай алуға болады
"Рецепт бойынша микробқа қарсы және гормоналдық препараттар, құрамында есірткі және психотроптық заттары бар дәрілік заттар, жүрек-қан тамырлары ауруларын емдейтін дәрі-дәрмек, асқазан-ішек жолдарын емдейтін дәрілер босатылады. Әртүрлі дәрумендерге, мұрынға арналған тамшыларға, сироптарға, шөптен жасалған шайға және шөптік жиындарға рецепт керек жоқ", - деді дәрілік заттардың саудасына арналған баспасөз мәслихатында Денсаулық сақтау министрлігі фармация комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департамент басшысының міндетін атқарушы Ералы Нұрғазин.

Елордадағы №9 емхананың бас дәрігері Сәуле Смағұлованың айтуынша, дәрігердің бақылауынсыз, яғни рецептісіз дәрі сатып алып, үйде өздігінен емделудің үлкен қаупі бар.    

"Бүгінгі күні науқастар бактерияға қарсы, яғни антибиотиктерді көп қолданады. Оларды дәріханаларда рецептімен босату керек. Себебі, бактерияға қарсы препарат – химиялық зат. Егер оны дұрыс қолданбаса, онда одан денсаулыққа пайдасынан гөрі зияны көп тиеді", - дейді Смағұлова.  

Оның сөзінше, дәрігер науқасты тексерген соң, оған тағайындалатын дәрінің дозасын айтып, дәріні қабылдаудың уақытын көрсетеді. Ал пациент өздігінен еш бақылаусыз дәрі қабылдаса, бүйрек, жүрек, бауыр, жүйке жүйесіне зақым келтіріп алуы мүмкін.

Бүгіндері дәріханалар рецепттерді, оның ішінде кепілдік берілген тегін медициналық көмек шеңберінде босатылатын дәрілік заттарға арналған рецепттерді 3 жыл сақтау керек. Ал егер рецептісіз сататын болса, 130-1000 АЕК (328 мың теңгеден 2,5 миллион теңгеге дейін) айыппұлға ілігеді. Ал рецептісіз дәріні босатқан фармацевтке салынатын айыппұл көлемі – 70-100 АЕК (176 мың теңгеден 252 мың теңгеге дейін). 

Жаңалықтар
0