ҰБТ

Ұлттық тестілеу орталығының басшысы ұсталды ҰБТ-ға әсер ете ме?

1468
(Жаңартылды 12:09 25.05.2019)
Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге жауапты орталықтың бұрынғы және қазіргі басшылығына пара алды деген айып тағылып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр — Sputnik. Ұлттық тестілеу орталығы басшысының ұсталуы ҰБТ-ны өткізуге әсер етпейді, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Ұлттық тестілеу орталығы бас директорының делдал арқылы жүйелі негізде аса ірі көлемде пара алып отырғаны анықталды. Күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Бұдан бөлек, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, орталықтың бұрынғы басшысына да 9 миллион теңгенің автокөлігін пара ретінде алды деген айып тағылып отыр.

Білім және ғылым министрлігі  Ұлттық тестілеу орталығының қалыпты режимде жұмыс істеп жатқанын және бұл фактінің 2019 жылғы ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізуге еш әсер етпейтінін мәлімдеді.

"Гранттарды үлестірудің автоматтандырылған жүйесі әрдайым бақылауда, құпиялылық режимінде жұмыс жасайды және адами факторға тәуелді емес. Тергеу органдары Ұлттық тестілеу орталығының директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Кінәлілік дәрежесін сот анықтайды. Білім және ғылым министрлігі сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік қағидасын қолдайды", - деп жазылған хабарламада.

1468
Кілт сөздер:
ҰБТ
Тақырып:
ҰБТ - 2019 (32)
Тақырып бойынша
Биыл ҰБТ форматы өзгере ме? Білім министрі жауап берді
2019 жылы ҰБТ мен білім грантына қатысты қандай өзгерістер болады?
ҰБТ-дан жоғары балл жинаған жігіт шаштараз мамандығын таңдады
ҰБТ жақындап келеді: білім министрі халықты сақ болуға шақырды
Алғашқы ақылы ҰБТ-ның қорытындысы жарияланды
Загрузка...