ауызашар

Нұрсұлтан Назарбаев ауызашар берді фото

2433
Ауызашардың суреттерін Елбасының баспасөз хатшысы жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр — Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Рамазан айының құрметіне ақ дастархан жайып, ауызашар берді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.

Ауызашарға шақырылған қонақтардың ішінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, парламент депутаттары, дін өкілдері бар.

"Бүгін Елбасы ауыз бекіткен жамағаттың құрметіне арнайы ақ дастархан жайып, ауызашар берді. Нұрсұлтан Назарбаев жиналған қауымды, барлық қазақстандықтарды Рамазан айымен құттықтады", - деп жазды Үкібай.

Назарбаевтың баспасөз хатшысы жариялаған суреттерден Елбасымен бір үстелдің басында мемлекет басшысы Қасым –Жомарт Тоқаев және Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың отырғанын көруге болады.

Тағы оқыңыз: Рамазан айында ораза ұстауға шамаңыз жетпесе, не істеу керек?

2019 жылы мұсылман қауым асыға күтетін Рамазан айы 6 мамыр күні басталады. Қадір түні 31 мамырдан 1 маусымға ауған түн — Қасиетті жұмаға түсіп отыр. 4 маусым күні Ораза айт мейрамы басталады.

2433
Кілт сөздер:
ауызашар, Назарбаев
Тақырып:
Рамазан айы - 2019 (40)
Тақырып бойынша
Рамазан - 2019: Ораза кестесі
"Ағзаңыз жасарады": 27 жыл ауыз бекіткен дәрігер ораза ұстаудың пайдасы туралы айтты
Елордадағы мешіттер ауызашарды қалай өткізеді - видео
Өскемендік Дмитрий есімді жігіт 500 адамға ауызашар берді
Қарағандыда ауызашар берген үй етті базардан алғанын дәлелдеуге мәжбүр болды
Оразаны бұзатын және бұзбайтын жағдайлар
Мүфтият оразаға қатысты жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді– видео
Әуежай қызметкерлері мен ұшақ

Түркиядан келген гуманитарлық көмек қысқа мерзім ішінде рәсімделді

30
Бүгінде мемлекеттік кірістер органы тауарларды жедел кедендік ресімдеуге күш жұмылдыруда және қажетті құжат ұсынылған кезде гуманитарлық көмек дереу шығарылады

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Қазақстанға Түркиядан келген гуманитарлық көмек жетіп, ол жедел таратылды, деп хабарлады қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті.

Әлеуметтік желіде гуманитарлық көмек түсіріліп жатқан видео пайда болды. Видео авторы бұл жүк танымал айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева мен қоғам белсенділерінің қайырымдылық қоры арқылы Түркиядан жіберілген 125 тыныс алу аппараты мен дәрі-дәрмектер астана әуежайының қоймасында тұрғанын айтады.

"Гуманитарлық көмек 14 шілде күні сағат 02:30-да Түркиядан Нұр-Сұлтан әуежайына келді. Жүкті қабылдап алушы – "СК-Фармация" ЖШС. Ал жіберуші – "Айдың нұры" және "Отандастар" қайырымдылық қоры. 12 тоннадан асатын жүк құрамында дәрі-дәрмектер, медициналық қорғаныс құралдары мен жасанды тыныс алдыру аппараттары бар", – делінген хабарламада.

Жүкті ұшақтан түсіру 14 шілде күні таңғы сағат 4-те аяқталды. Жүк әуежай қоймасына түсірілді.

"Жүкті қабылдаушы тараптың өкілдері 10:00-де келген соң тауарлар жеңілдетілген тәртіпте кедендік рәсімдеуден өтті. Барлық кедендік рәсімдер 10 минут ішінде аяқталды. 11:00-де тауарлар әуежайдан бірнеше партиямен шығарылды", – деп толықтырды департамент.

Мемлекеттік кірістер комитетінің мәлімдеуінше, кедендік ресімдеуге рұқсат қағаздары бар тауарлар сертификаттаудан өткізілуі тиіс. Өйткені, төмен сапалы дәрілер мен өнімдерді пайдалану пандемияға қосымша қауіп төндіруі мүмкін.

Бүгінде мемлекеттік кірістер органы тауарларды жедел кедендік ресімдеуге күш жұмылдыруда және қажетті құжат ұсынылған кезде гуманитарлық көмек дереу шығарылады.

Оқи отырыңыз: Қазақстанға келген гуманитарлық көмек екі айға жуық қоймада жатқан

"Осыған байланысты барлық кеден бекеттері тәулік бойы жұмыс істеуде. Олар қажетті құжаттарды ұсыну жөнінде кеңес беріп, қандай да бір түсінбеушіліктер туындаса қажетті кеңес алу үшін алдын ала жүгінуді сұрайды. Сондай-ақ, 1414, 8-800-080-7777 байланыс телефоны арқылы мемлекеттік кірістер комитетінің байланыс-орталығына да қоңырау шалуға болады",– делінген ведомство хабарламасында.

30
Кілт сөздер:
дәрі-дәрмек, гуманитарлық көмек
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Жылаған жұрт тыным бермеді": Айнұр Тұрсынбаева сүйінші сұрады
Мақтаарал кәсіпкері гуманитарлық көмек жеткізгендерге 600 тонна қырыққабат таратады
Президентке үндеу жасаған Айнұр Тұрсынбаева қуанышты жаңалық жариялады
Қазақстанға Ресейден гуманитарлық көмек жеткізілді
Қазақстанда гуманитарлық көмек сатыла ма: денсаулық сақтау министрлігі жауап берді
Төбелес, иллюстративті фото

"Асқан қатыгездік": Павлодарда төбелескен жастар мен оны видеоға түсіргендер анықталды

207
Қолданыстағы заңға сәйкес, төбелесті бейнеге түсірген адамдар да тергеуге алынып, жауапкершілікке тартылады

НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде – Sputnik. Павлодар облыстық полиция басқармасы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде таралып жатқан видеодағы төбелеске қатысқандарды анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлімі, 99-бабы 2-ші және 3-ші бөлімі – "бұзақылық ниетпен бір топ адам болып адам өлтіруге оқталу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде", – дейді полицейлер.

Қылмыстық кодекс бойынша адам өлтіруге оқталғаны үшін 15-20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Ресми мәліметке сәйкес, төбелесті бейнеге түсірген адамдар да тергеуге алынды. Олар Қылмыстық кодекстің 313-бабы – "қатыгездiк пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату" бойынша жауапқа тартылады. Осы бапқа сәйкес, кінәлі адамдар 2 000 айлық есептік көрсеткіш (1 АЕК - 2 778 теңге) көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеледі, я болмаса, екі жылға дейін бас бостандығы шектеледі.

"Павлодарлық полицейлер видеоны қарап, зерттеді. Қазіргі уақытта қатысушылардың жеке басы анықталды", – деп атап көрсетті құқық қорғаушылар.

Төбелестің мән-жайы

Полицейлер төбелестің мән-жайын да анықтады. Олардың айтуынша, 2020 жылы 7 шілде күні 18 және 19 жастағы екі жас жігіттің арасында жанжал туындап, оның соңы төбелеске ұласқан. Жәбірленуші осы факті бойынша полицияға және медициналық көмекке жүгінген жоқ. 

"Жастардың қатыгездігі таңқалдырады. Олар төбелеске қатысушыларды тоқтатып, полицияны шақырудың орнына бәрін ұялы телефондарына түсіріп жүр. Зорлық-зомбылықты насихаттайтын мұндай видеоларды тарату заңға қайшы", – дейді тәртіп сақшылары.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік мекемеде не үшін төбелес болды – видео

Тергеу жалғасуда. Төбелеске қатысушылар жауапқа тартылады.

207
Кілт сөздер:
жастар, төбелес
Тақырып бойынша
Тұрғымбаев: Қордайдағы жаппай төбелес кезінде 8 адам қаза болды
Оралда жаппай төбелес болды – видео
Жұдырық ала жүгірді: Ақтаудағы төбелес видеоға түсіп қалды
Министрлік Қордайдағы жаппай төбелес қалай басталғанын айтып берді
Шымкентте жаппай төбелес кезінде ауыр жарақат алған жігіт қайтыс болды