Қоғам

Тоқаев Жамбыл облысының әкімін қабылдады

© Photo : Ақорда Тоқаев Жамбыл облысының әкімін қабылдады
Тоқаев Жамбыл облысының әкімін қабылдады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қасым-Жомарт Тоқаев өңір халқының өмір сүру деңгейін арттыру үшін әділ әлеуметтік саясат жүргізуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Өңір басшысы Асқар Мырзахметов мемлекет басшысына Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері мен мемлекеттік бағдарламалардың қалай орындалып жатқанын баяндады.

© Photo : АқордаҚасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовті қабылдады
Тоқаев Жамбыл облысының әкімін қабылдады - Sputnik Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыру мақсатында әділ әлеуметтік саясаттың жүзеге асырылуына басымдық беру керек екенін атап өтті.  

"Облыс басшылығынан осы мақсаттарға жету бағытында бастамалар мен нақты шаралар қабылдау талап етіледі", – деді президент.

Мемлекет басшысы Жамбыл облысын одан әрі дамыту туралы бірқатар нақты тапсырма берді.

Жаңалықтар
0