Қоғам

Нұр-Сұлтан мен Ұлан-Батыр арасында тікелей әуе рейсі ашылады

© pixabay/gustavmelin0Көктегі ұшақ
Көктегі ұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа халықаралық рейс Қазақстан мен Моңғолия арасын байланыстырады

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр – Sputnik. 3 маусымнан бастап қазақстандық "SCAT" әуе компаниясы Нұр-Сұлтан – Ұлан-Батыр бағыты бойынша тікелей рейсті іске қосады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Халықаралық рейс туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

Fly Arystan қызметін бастады: Роза Бағланова атындағы ұшақ Нұр-Сұлтанға қонды

"Қазақстан мен Моңғолия арасында жаңа халықаралық рейстің ашылуы саяси және сауда-экономикалық байланысты, туризмді дамытуға, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға және екі елдің бизнес-құрылымдары арасындағы іскерлік байланысты тереңдетуге ықпал етеді", - деді Смадияров.

Енді қазақстандық балалар ел ішінде тегін ұша алады

Тұрақты рейстерді Boeing-737 ұшағы орындайды.

Әуе рейсі әр бейсенбі мен жексенбі күндері ұшады. Ұшу ұзақтығы бір бағытқа 3 сағатты құрайды.

Жаңалықтар
0