Түрме

Қоғамдық ұйымдар түрмеде радикалдардың көбейіп жатқанына алаңдаушылық білдірді

339
Бүгінде терроризм үшін сотталғандар мен басқа қылмыскерлер бірге отырады. Ондайда мықты идеологиялық жұмыс қажет

НҰР-СҰЛТАН, 29 мамыр – Sputnik. Қоғамдық ұйымдар қамауда отырғандардың арасында радикалдардың көбейіп жатқанына алаңдап отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қамауға алынғандардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша коалицияның басшысы Константин Гудаускастың айтуынша, аталған ұйымның өкілдері түрмелерде жиі жүреді. Сол жерде терроризм үшін сотталғандар мен басқа қылмыскерлерді бірге ұстайды. Ондайда мықты идеологиялық жұмыс қажет.

Тағы оқыңыз: "Қасапшылар түрмесіне" алғаш рет әйел түсті

"Біз бір аптаның үш күнін колонияларда өткіземіз. Біздің байқағанымыз, қазіргі кезде түрмеде отырғандардың арасында радикализация күшейіп келеді. Сотталғандардың ішінде ислам дінін басқаша түсініп, бұрыс жолға түскендер өте көп. Бізді осы мәселе алаңдатып отыр. Сондықтан қылмыстық атқару жүйесі комитетінің нақты ұстанымы болмаса, аталған проблемалар қала көшелеріне шығып кетуі әбден мүмкін", - деді Гудаускас журналистерге берген сұхбатында.

Қылмыстық атқарушы жүйесі комитеті аталған пікірмен келіспейді. Сотталғандардың арасында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс басқармасының бастығы Бекболат Шәкіровтың сөзіне қарағанда, бүгінде қамауда отырғандарды бөліп ұстамаса да, радикализация мәселесі ушығып тұрған жоқ.

"Бізде екі жыл бұрын теологиялық оңалту қызметі құрылған болатын. Қазіргі кезде 133 қызметкер жұмыс істеп жатыр. Сондықтан радикализация ушығып тұр деген пікір қате. Бүгінде сотталғандармен жасап жатқан шараларымыз өте көп. Оған теолог мамандар да, имамдар да тартылады. Біз арнайы бейнематериалдарды жасап, сараптамадан өткен кітаптарды таратып отырамыз", - дейді Шәкіров.

Тағы оқыңыз: Тәжікстан түрмесінде 29 тұтқын мен 3 қарауыл өлтірілді

Оның айтуынша, түрмеде имамдар мен теолог мамандарға қарсы шығатындар жоқ. Сотталғандар, керісінше, арнайы сабақтарды өткізіп, діни сауаттарын ашуды сұрайды. Имамдардың келгенін қалайды.

"Қылмыстық атқару кодексі бойынша әрбір сотталған арыз жазып, имамды шақырта алады. Имам келеді де, онымен сұхбат өткізеді. Бұдан бөлек, теологтар келіп, дәрістерін оқиды. Негізі, бостандықта жүріп, басқа діни ағымға кіріп кеткендер түрмеге түскеннен кейін бізден көмек сұрайды, дұрыс бағытқа түсіруді қалайды. Оларды оқшаулап ұстау деген жоқ. Cотталғандармен бірге отырады. Тәрбие жұмысы да барлығына ортақ жүргізіледі. Біз оларды бөлмейміз", - деді Шәкіров Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.

 

339
Коронавирус, вакцина

Өткен тәулікте 272 адам COVID-19 жұқтырды

50
(Жаңартылды 09:41 28.05.2020)
Коронавирусқа байланысты соңғы мәліметке сәйкес, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 9 576, емделіп шыққандар - 4 768, кайтыс болғандар - 37

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр - Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 272 адам COVID-19 жұқтырды. Өсім - 2,9%.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 56 (3,2%)

Қарағанды облысы - 49 (7,0%)

Алматы қаласы - 25 (1,1%)

Ақтөбе облысы - 22 (7,8%)

Батыс Қазақстан облысы - 21 (4,4%)

Қызылорда облысы - 20 (6,6%)

Шымкент қаласы - 17 (2,4%)

Түркістан облысы - 17 (5,0%)

Атырау облысы - 15 (1,6%)

Алматы облысы - 14 (4,6%)

Қостанай облысы - 5 (3,8%)

Жамбыл облысы - 4 (1,1%)

Ақмола облысы - 2 (1,4%)

Солтүстік Қазақстан облысы - 2 (4,1%)

Шығыс Қазақстан облысы - 1 (1,4%)

Маңғыстау облысы - 1 (0,6%)

Павлодар облысы - 1 (0,5%)

155 адам емделіп шықты. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 9 576, емделіп шыққандар - 4 768, кайтыс болғандар - 37.

Данные по коронавирусу на утро 28 мая
© Photo :
Коронавирусқа қатысты соңғы ақпарат, 28 мамыр
50
Кілт сөздер:
Қазақстан, адам, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
"Ешқайда кетпейді": бас санитар дәрігер коронавирусқа қатысты мәлімдеме жасады
Бас санитар дәрігер вирус жұқтырғандар саны неге артып жатқанын түсіндірді
Жұмысқа шыққандар арасында вирус жұқтырғандар көбеюде – министрлік
Дәрігер темекі шегетіндер үшін коронавирус қаншалықты қауіпті екенін айтты
Қазақстан өңірлері вирус жұқтыру өсімі бойынша үш топқа бөлінді
Аурухана, архивтегі сурет

Блок бекеттегі апат: министр ауруханада жатқан полицейге барды

276
(Жаңартылды 20:35 27.05.2020)
Ішкі істер министрі Алматыдағы блок бекетте болған жағдайды жеке бақылауына алды. Тұрғымбаев зардап шеккен полицейге тез сауығып кетуін тіледі

НҰР-СҰЛТАН, 27 мамыр — Sputnik. Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі полицей көз жұмған жол апатынан кейін жұмыс сапарымен Алматыға арнайы барды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Министр внутренних дел Казахстана Ерлан Тургумбаев навестил в больнице полицейского, пострадавшего при столкновении на блокпосту в Алматы
Ішкі істер министрі Алматыдағы №7 қалалық клиникалық ауруханада

Министр №7 қалалық клиникалық ауруханаға зардап шеккен полиция қызметкері аға лейтенант Ербұлан Сейдазымға барды. “BMW” автокөлігінің блок бекетке соғылуының салдарынан ол жабық бас сүйек-ми жарақатын алып, миы ауыр дәрежеде зақымданған.

Зардап шеккен полицейге екі операция жасалды. Бас сүйегінің резекциялы трепанациясы және бас сүйек ішіндегі гематома алынды.

Ведомство басшысы дәрігерлер консилиумына қатысты. Мамандардың айтуынша, пациенттің жағдайы ауыр, бірақ оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Блок бекеттегі апат

Айта кетейік, 25 мамыр күні таңертең Көксай ауылындағы блок бекеттердің бірінде жантүршігерлік жол апаты болып, екі полицей көз жұмды. Сол сәтте көлік ішінде болған 42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында, ал оның әріптесі Дастан Әбдіқанов аурухана төсегінде көз жұмды. Тағы бір полицей ауыр жараланды. Ол бекеттен әрі-бері өткен көліктерді тексеріп тұрған. Басынан ауыр жараланған полицейге ота жасалды.

№ 7 қалалық клиникалық аурухананың нейрохирургы Ерлан Түбелбаев науқастың жағдайы тұрақты ауыр екенін айтты. Миына компьютерлі томография жасалынды. Науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған. Жансақтау бөлімінде емделіп жатыр.

Күдіктінің кінәсі дәлелденсе 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

276
Кілт сөздер:
Алматы, полицей, аурухана, министр, апат
Тақырып бойынша
Марқұм полицейдің әйелі мас жүргізуші туралы: ол күйеуіммен бірге істеді  
Бас санитар дәрігер блок бекеттердің қандай жағдайда алынатынын айтты
Алматы блок бекетіндегі оқиғадан кейін полиция департаментінің басшылығы жазаланды
Алматыда блок бекетті соққан ер адам полицияда 6 жыл жұмыс істеген – ІІМ
Блок бекеттегі трагедия: қаза болған полицейлердің отбасына пәтер беріледі 
Депутаттар, отырыс

Парламенттік оппозиция туралы заң президентке жіберілді

10
(Жаңартылды 11:03 28.05.2020)
Заң жобасы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында президент ұсынған бірқатар саяси реформа аясында әзірленген

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр - Sputnik. Сенаторлар парламенттік оппозиция туралы заң жобасын бірауыздан мақұлдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгінгі отырыста сенаторлар екі заң жобасын қарастырды. Біреуі парламент комитеттерi мен комиссиялары туралы болса, екіншісі парламенттік оппозиция мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізуге арналды. Депутаттар екі заңды да бірауыздан қабылдады. 

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, заң жобалары ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында президент ұсынған бірқатар саяси реформа аясында әзірленген

"Елімізде демократиялық үрдістерді ары қарай дамыту мақсатында қолданыстағы заңнамаға "парламенттік көпшілік" және "парламенттік оппозиция" енгізіліп отыр. Заңмен мәжіліске сайланатын парламенттік оппозицияның өкілеттіліктері және олардың жұмысын қамтамасыз ету тетіктері нақты айқындалды", - деді Әшімбаев.

Ол жаңа заңнамалық нормалар елде парламенттік оппозицияға кепілдік беріп, кәсіби парламентаризмнің жаңа кезеңіне жол ашатынына сенім білдірді.

Парламенттік оппозиция қалай жұмыс істейді?

Мәжіліс депутаты Азат Перуашевтің айтуынша, парламенттік оппозиция парламенттік көпшілікке енбейді. Ал саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерге қатысты басқа позицияны ұстанады. 
Заң жобасында парламенттік оппозицияға мынадай құқықтар беріліп отыр:

  • бір сессия ішінде кемінде бір рет мемлекет пен қоғамның тыныс-тіршілігіне қатысты өзекті мәселелер бойынша парламенттік тыңдау өткізуге бастамашылық жасау;
  • парламенттік сессияда кемінде екі рет үкімет сағаттарының күн тәртібін белгілеу;
  • оппозиция мақұлдамайтын үкіметтік заң жобаларына альтернативті заң жобаларын енгізу.

Сонымен қатар, оппозициялық фракциялардың басшылары немесе өкілдері парламент палаталарының бірлескен отырыстарында, мәжілістің жалпы отырыстарында, тұрақты комитеттердің, жұмыс топтарының отырыстарында, парламенттік тыңдаулар мен басқа да шараларда сөз сөйлей алады.

Ал осы заңға ілеспе заң жобасы бойынша мәжілістің бір тұрақты комитетінің төрағасы тек оппозиция депутаттарының арасынан сайланады. Мәжілістің екі тұрақты комитетінің хатшыларын да парламенттік оппозиция ішінен сайлау ұсынылып отыр.

10
Кілт сөздер:
президент, заң, парламент
Тақырып бойынша
"Саяси реформа жүргізуге құлықсыз": саясаттанушылар парламенттік оппозиция туралы айтты
Әміржан Қосанов билікке таласа алатын жаңа оппозиция құратынын айтты
Депутат парламент алдында төбелес шығарды – видео
Парламент Назарбаевқа тағы бір өмірлік мәртебе беретін заңды қабылдады
Парламент көпбалалы отбасылардың жәрдемақысына қатысты заңды қабылдады